Сабақтың тақырыбы: Үшбұрыштар Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты



бет1/3
Дата13.06.2023
өлшемі149,65 Kb.
#101163
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
Қысқамерзімді жоспар





Бөлім:

7-сынып геометрия курсын қайталау

Педагогтің аты-жөні:

Ануарбек Арайлым Жасұланқызы

Күні:

18.05.2023

Сыныбы: 7 «Ә»

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Үшбұрыштар

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:

7.1.1.17. үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы туралы теорема мен оның салдарларын есептер шығаруда қолдану

Сабақтың мақсаты:

Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы туралы теоремасын пайдаланып, есептер шығарады.



Сабақтың барысы:



Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
13 мин.

Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.
2. Ынтымақтастық атмосферасын «Бұлттар» әдісі арқылы қалыптастыру
Сабақтың тақырыбын ашу, оқу мақсатымен таныстыру. Мұғалім оқушыларға сұрақ қою арқылы бүгінгі сабақ тақырыбын ашады.
Үшбұрыш элементтерін сұрай отырып, «Жарық» әдісі арқылы 3 топқа бөледі және топ ережесімен таныстырады.
Топ басшысын сайлайды.
Үй тапсырмасын тексертеді



Мақсаты: Оқушылар жаңбыр тамшысында жазылған қанатты сөздерді оқи отырып, сабаққа деген қызығушылықтарын арттырады.
Мұғалім қойған сұрақтарға жауап береді.
Оқушылар топқа бөлініп, топ басшысы үй тапсырмасын тексереді.



«Смайликтер» арқылы бағалау

Оқулық, жұмыс дәптері
Кітап, дәптер, қалам , суреттер бейнеленген қима қағаздар топтамасы
Слайд.

Сабақтың ортасы
мин.
25

«Фигуралар әлемі» әдісі
Оқушыларға әр түрлі үшбұрыштар таратылады.
«Plickers» әдісі
арқылы өткен тақырыпты қайталау мақсатында ой қозғау сұрақтарын тест тапсырмасы арқылы орындату.
Практикалық бөлім
Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы жазыңқы бұрыш болатынын көрсету
Теорема
Ұшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы 180º- қа тең

Оқушылар берліген үшбұрыштың түрін анықтауы қажет және сипаттама береді


Оқушылар өткенді еске түсіру мақсатында тест тапсырмаларын орындайлы


Оқушылар алдыларында берілген үшбұрыштың бұрыштарын бөліп бір-біріне қосқанда жазыңқы бұрыш болатынын көрсетеді.



«Смайликтер» арқылы бағалау

Фигуралар
қима қағаздар

Слайд.





Жеке жұмыс
«Гүлдер» әдісі
1- тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

1-тапсырма
1. ABC шбұрышының А бұрышы 50º-қа тең, В бұрышы 50º-қа тең, С бұрышын табыңыз?
2. ABC шбұрышының А бұрышы 50º-қа тең, В бұрышы 65º-қа тең, С бұрышын табыңыз?
3. ABC шбұрышының А бұрышы 60º-қа тең, В бұрышы 60º-қа тең, С бұрышын табыңыз?
4. ABC шбұрышының А бұрышы 70º-қа тең, В бұрышы 80º-қа тең, С бұрышын табыңыз?
5. ABC шбұрышының А бұрышы 30º-қа тең, В бұрышы 60º-қа тең, С бұрышын табыңыз?
6. ABC шбұрышының А бұрышы 100º-қа тең, В бұрышы 40º-қа тең, С бұрышын табыңыз?
7. ABC шбұрышының А бұрышы 50º-қа тең, В бұрышы 100º-қа тең, С бұрышын табыңыз?

Дескриптор:

  1. Үшбұрыштың ішкі бұрыштар теоремасын қолданып, үшінші бұрышты табады – 1 балл

  2. Үшбұрыштың түрін анықтайды – 1 балл

Жалпы: 2 балл


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет