Сабақ жоспары мұғалімнің аты-жөні: Жұмабай Нағима Сейтжанқызы, №64мл пән/Сынып: Қазақ әдебиеті, 8-сынып



Дата09.05.2022
өлшемі30,09 Kb.
#33281
түріСабақ

ВИДЕО САБАҚ ЖОСПАРЫ

Мұғалімнің аты-жөні:

Жұмабай Нағима Сейтжанқызы, №64МЛ

Пән/Сынып:

Қазақ әдебиеті, 8-сынып

Қай аптаның нешінші сабағы

3-тоқсан, 7-апта, №21 сабақ

Тарау немесе бөлім атауы:

3-бөлім: Махаббат және абырой

Сабақтың тақырыбы:

М. Мақатаевтың «Аққуллар ұйықтағанда» поэмасының көркемдік құндылығы

Оқу мақсаттары:

А/И3 шығармадағы көркемдегіш құралдардың (психологиялық параллелизм, перифраз, сатира, ирония, гротеск, эллипсис) қолданысын талдай отырып, автор стилін анықтау.

Сабақ мақсаты:

Шығармадағы көркемдегіш құралдардың қолданысын талдай отырып, автор стилін анықтайды.


Бағалау критериі:

Шығармадағы көркемдегіш құралдардың қолданысын талдай отырып, автор стилін анықтай алады.


Саралап оқыту тапсырмалары

Ұжымдық жұмыс

Жаңа тақырыптың түсіндірілуі



Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)

Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету



Уақыты

Кезеңдері

Сабақтың мазмұны


Мұғалімнің бақылауы мен зерттеуі не?

Ресурстар

1 минут


Ұйымдастыру

Сәлеметсіздер ме, оқушылар?

8-сыныптың қазақ әдебиеті сабағына қош келдіңіздер!



Сабағымыздың тақырыбы: «М.Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда»п оэмасының көркемдік құндылығы

Бүгінгі сабақта:



Сенің білетінің: М. Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының тілі
Сенің меңгеретінің:

  • Автор стилін анықтауды;

  • Шығармадағы көркемдегіш құралдарды қолдану ерекшелігін талдауды;

  • Шығармадағы тілдік қолданыстарды анықтауды.







Видео-аудио суреттер, кесте, диограмма, презентация, электронды құралдар, т.б.

https://www.youtube.com/watch?v=RdC1RQSbBik&ab_channel=Azekee




3-5 минут

Жаңа сабақ

Сабақтың кіріспесі.

Жаңа теориялық ұғыммен таныс болайық.



Перифраз немесе перифраза деген атау грек тілінен келген, ол заттаң, құбылыстың тура атын атамай, суреттеп көрсету, тұспалдап айту дегенді білдіреді. Мысалы: дәрігер деудің орнына «ақ халатты абзал жандар» деп атау, депутаттар деудің орнына «халық қалаулылыры» «халық қызметшісі» деп қолданудағы мақсат бір сөзді басқа сөздермен ауыстырып қана қою емес, бұл ұғымды өз атынан басқаша етіп атау оны бейнелі етіп сипаттау үшін және қандайда бір эмоцияналды – экспрессивті баға беру үшін қолданылады. 


  1. Оқушылардың жауаптары тыңдалады.







1-3 минут

2 минут



Тапсырмалар

Бекіту


1-тапсырма. «Ойланайық» әдісі

  • Шығарма үзінділері бойынша шығармадағы автор стилін, әдеби көркемдегіш құралдарын талдау.


Үзінді

Автор стилінің қолдануын түсіндір

  1. Құс аппақ, айдын аппақ, нұр да аппақ,

Аппақ нұр аппақ нұрға қосылады...

Әлдилеп ақ төсінде бермей тыным,

Ақ айдынын ақ мүсінін тербейтұғын...
Аппақ нұрмен шомылтып айналасын,

Ақ сәулемен айдынның ойнағаны







  1. Ошақ қасы, отбасы көрмеппін ғой,

Дүние -ау, сен осындай керемет пе ең?!

Ақ айдын ақ мүсінін тербейтұғын.

Бұл көлге мылтық алған саятшы емес,

Тірі жан аяқ басып келмейтұғын





Дескриптор:

  • Автор стилінің қолдануын түсіндіреді.

Ықтимал жауап:

1-үзіндіде ақын образдарды ашуда эпитетті өте ұтымды қолданған. Ақ нұр, ақ мүсін, ақ сәуле ұғымдарының кездесуі тақырып пен идеяның бірлігінің көрсетеді. Бір сөзді қайталап айта бермес үшін ойды түсініктірек баяндау. Бір ұғымды түрлендіріп әрқандай атаулармен атап, жалпы мәтінің көркемдігін арттыру.

2-үзіндіде өлең тілімен өрілген ақын стилі – форма мен мазмұн арқылы берілген ұлттық образ бен идеяның тұтастығы.Образ бен идея – өлең мен оны жазған ақынды түсінудің кілті. Мәтінде ерекше реңк беріп адамның сезімін баурап, қызығушылықты одан әрі оята түседі.

2-тапсырма. Берілген көркемдегіш тәсілдерге шығармадан мысалдар келтіріңіз.

Эпитет'>Эпитет__Теңеу'>Метафора

Эпитет

Теңеу

 

 

 

Дескриптор:__Берілген_көркемдегіш_тәсілдерге_шығармадан_мысалдар_келтіре_алады.__Ықтимал_жауап:__Метафора'>Дескриптор:


  • Берілген көркемдегіш тәсілдерге шығармадан мысалдар келтіре алады.

Ықтимал жауап:

Метафора

1.Ақ төсек-аппақ айдын,

2.Аққу-бала,

3.Өмір-дария


Эпитет

1.Тәкаппар құс,

2. Мөлтілдеген көз жасы,

3. Ақ қанатын сабалап... 


Теңеу

Өзен де жоқ сыймаған арнасына,

Жылға да жоқ даламен жалғасуға.

Таста тұнған жаңбырдың тамшысындай,

Қалай біткен мына көл тау басына?!

 

«Сарқытындай өлімнің қалған қарға,



Екеу болса, дүние – ай, арман бар ма!...»

 

Келеді ана қарабет қарақшыдай,



Ел мен жерден біржола аласталған 
3-тапсырма. Автордың шығармада бейнелеу тәсілдерін

қолданудағы ерекшелігі неде?

Бейнелеу тәсілдері

Шығармадан мысал

Қолданылу ерекшелігі







 


Дескриптор:

  • Автордың шығармада бейнелеу тәсілдерін қолданудағы ерекшелігін түсінеді.


Ықтимал жауап:

Кейіптеу

1....Ойнасыншы, ойнасын ерке құстар,


Тыныштығын олардың қашырмалық.
Мерген отыр жағада.
Ей, ақша бұлт,
Жаулығыңмен оларды жасыр барып.
Бас бағады шыршаның қалқасынан,
Қаруынан қолында қан сасыған.
...Ал, аққулар,
Аққулар тарануда,
Сусып түсіп, су моншақ арқасынан.
Қарайды ана шыршаның қалқасынан.

Қолданылу ерекшелігі:

Гуманист , ізгі жүрек ақын адал махаббатты бұзушыға бар ниетімен жиіркеніш білдіреді. Өмір мен өлім, күн мен түн, табиғат пен адам арсындағы арпалысты көрсету. Табиғат бейнесін ашу.


Эпитет

Көмейінде тәтті үні былай қалып,

Жаға – талда жас бұлбұл тұр ойланып.

 

Жер бетінде тыныштық, көл бетінде



Қауышыпты қара орман, көл де, түн де.

 

Дүрліктірме жұртыңды, салма бүлік!



Кім білсін, мүмкін, бәрі жалған үміт...

 

Аққу мойын, сүмбе қанат,



Алаңсыз тарануда күнге қарап.

 

Қолданылу ерекшелігі



«Тәтті үн», «қара орман», «жалған үміт», «аққу мойын», «сүмбе қанат» - эпитеттері жайдан жай қолданыла салмаған, бұл тіркестер адамның не заттың, не табиғат құбылыстарының сөз арқылы ерекшеленуін, белгілерін анық, көз алдыңа елес арқылы түрлі қозғалысқа енгізеді. Ақынның қолданған эпитеттері сурттеген оқиғасына сай қолданылған.
Сабақты қорытындылау.
Кері байланыс:

«3-2-1»

Сабақтағы 3 маңызды ақпарат;

Қиындық тудырған 2 мәселе;

Сабақта ұнаған 1 аспект.






  1. Автордың шығармада бейнелеу тәсілдерін қолданудағы ерекшелігін түсіндіреді. Жазушы стилі – өзіндік сөз өнері мен суреткердің өзіне ғана тән қалам ізі. Жазушының стилін анықтау арқылы ақынның басты шеберлік қасиеттерін, тілдік қыр-сырын ашамыз.





Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет