Ежелгі грек мифологиясы



бет1/2
Дата28.04.2023
өлшемі27,94 Kb.
#88181
  1   2

Жоспар:

  1. Кіріспе

  2. Ежелгі грек мифологиясы

  3. Грек мифологиясы

  4. Қорытынды

  5. Пайдаланылған әдебиеттер


Кіріспе
Миф – грек тілінен аударғанда аңыз, нақыл деген сөз. Мифология сол мифтерді зерттейтін ғылым деген мағынаны білдіреді. Миф бұрынғы әдебиеттерде, қиял-ғажайып ертегілерде беріліп келген. Мифті бірқыдыру түркі халықтары афсана деп атаған.
Миф деген сөздің мағынасын жұрт екі түрлі мағынада түсінеді. Біреулері миф деген сөзді ертегі, яғни жалған, ойдан шығырылған қиял мағынасында қолданса, ал енді біреулері миф деген сөзді осы келтірілген түсініктемеге қарама-қарсы мағынада деп айтады. Ал шындығында миф ойдан шығарылған өтірік, жасанды дүние емес, нақты халықтың дүниесі мен өзі туралы шындығы, басқаша айтқанда шын деп есептелінген тарихи ақиқат. Әр халқтың мәдениетінің, дінінің өз мифі бар. Егер халық мифті дұрыс түсінсе, оның қоғамға беретін үлесі мол. Керсінше оны дұрыс түсінбей, тар мүдделі ортада әсіресе саяси мақсаттарда қолданатын болса, мифтің қоғамға, халыққа тигізер зияны да мол.
Миф адамзат енді қауым болып бірігіп өмір сүріп жүргенде-ақ пайда болған. Әрбір адам жастайынан дүниені танып біле бастайды, заттар құбылыстар жайында білімдер жинақтайды. Өсе келе ол өзіне «Дүние неге бұлай», «Адамның өсуі мен өлімі» жайында сұрақтар қояды. Сол кезде адамда - өзін қоршаған табиғатты, аспан мен жерді, әр түрлі құбылыстарды білуі үшін оның дүниеге деген кең көлемдегі көзқарасы пайда болды. Дүние және адамның ондағы орны жайындағы түсініктердің жиынтығын дүниеге көзқарас деп атайды. Дүниеге көзқарас – адамзат санасының, дүниетанымының қажетті бір бөлігі.
Грек мифологиясы
Мифтің дамуын ғалымдар үш сатыға бөледі. Бірінші сатысы – адам мен хайуанды және басқа заттарды ұқсас деп санайтын сәбилік саты; екінші сатысы – адам мен хайуанды парықтайтын және адамды басқа жақтан парықтайтын саналы саты; үшінші сатысы – әртүрлі затқа өзіндік түсінік беретін түсініктеме мифтер сатысы. Дүниенің мифология тарихынан алғанда алғашқы қоғамдағы австриялык, африкалық, америкалық мифтерді жәй мифтер деп атайды да, ежелгі Грек, Baвилон, Үнді мифтерін шоғырланып, циклденіп, көркемдік жүйеге түскен әдеби мифтер деп атайды. Ал, Қазақстан ғалымдары қазақ мифтерін алғашқы австриялық мифтерден өрелірек, ежелгі грек мифтерінен солғынырақ аралықтарға жататын миф деп есептейді екен. Олар мұның себебін қазақтар ежелгі Рим, Египет сияқты гүлденген, құлдық мемлекет дәуірін бастан кешірмегендікке апарып тірейді.
Шынында да ертедегі грек мифтері өте қызықты болған. Олар әр нәрсенің өзіне бірден құдай тағайындаған, оған өзіндік ой, тұлға, көркемдік түс берген. Тіпті сол суреттемелері бойынша сәулетті ғимараттар, мүсіндер, ескерткіштер орнатқан. Батыстың 37 алып ғимараты соның символындай бұл күнде ел назарын ерекше баурап тұр. Сондықтан да ол әдеби қалыпқа түсіп, санқилы мифтік аңыздарды тудырып, дүниенің мифология үлгісіне айналған. Батыс елдеріндегі мифология құдайлар жөніндегі аңыз деп есептелінеді. Қытайлар оны қытайлар туралы аңыздар деп қабылдаған һәм солай қалыптастырған. 

Тарихи деректерге қарағанда антика мәдениеті Ресейге шамамен XI-XII ғасырларда келе бастаған. Орыстың ұлы қаламгерлерi, сыншылары Ломоносов, Радищев, Пушкин, Гоголь, Белинский, Герцен, Тургенов, Толстой, Горкий және басқалар өз еңбектерінде грек-рим әдебиеттерiн өте жоғары бағалады.




Ертедегі гректің егін құдайы Тамудзой деп аталады екен. Ол 7-ші айларда келеді. Сол кезде су шашып қарсы алады. Мұндай көп құдайлы мифологияның сол кездегі көп құдайлы дінмен қатысы болуы әбден мүмкін. Ертедегі гректерде тек әдебиет пен көркемөнерді жебейтін құдайдың өзі тоғыз болған. Зевс пен Мнемосинаның тоғыз қызы (9 муза) тоғыз саланың құдайы есептелген.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет