Сабақ жоспары модуль/Пән Жалпы пәндер/ "Қазақ тілі мен әдебиеті"



Дата06.09.2023
өлшемі198,15 Kb.
#106297
түріСабақ


САБАҚ ЖОСПАРЫ

Модуль/Пән

Жалпы пәндер/ "Қазақ тілі мен әдебиеті"

Бағыт:

Педагогикалық бағыттың "Қазақ тілі мен әдебиеті" пәні бойынша техникалық және кәсіптік білімнің үлгілік оқу бағдарламасы

Бөлім:

Қоғамдағы жұмыссыздық мәселесі.

Педагогтің
аты-жөні:




Күні:




Тобы:




Сабақтың тақырыбы:

Ыбырай Алтынсарин. "Атымтай Жомарт" әңгімесі.

Оқыту нәтижелері:

Мәтінді тыңдай отырып, негізгі идеяны (ақпараттарды) қысқаша түртіп жазу ( конспектілеу) және берілген ақпараттарды жүйелеу.

Сабақ мақсаты:

Әңгіменіңнегізгі идеясын анықтап жазады.
Көтерілген мәселені анықтап, жүйелейді.

Бағалау критерийлері:

Мәтінді тыңдай отырып,негізгі идеяны (ақпараттарды) анықтайды, қысқаша түртіп жазады ( конспектілейді);
көтерілген мәселе бойынша берілген ақпараттарды анықтайды.

Ойлау дағдысының деңгейі

Білу, түсіну, қолдану

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/
Уақыты

Жоспар

Ресурстар

10 минут

Сабақтың басы


13 минут

Сабақтың ортасы


20 мин

20минут


20 минут

Сабақтың соңы


Рефлексия


5 мин







  1. Сәлемдесу. Топты түгендеу

  1. Психологиялық көңілкүйді-қалыптастыру

Жүректен жүрекке (бір-біріне тілек айту)



  1. Үй тапсырмасын пысықтау кезеңі

(«Өзіңді тексеріңіз» әдісі арқылы)





Сұрақ

Шындық

Жалған

1

Ыбырай Алтынсарин- ғалым. Қазақ тіліндегі тұңғыш оқулық –«Қазақ хрестоматиясының» авторы







2

Ыбырай Алтынсарин белгілі суретші, саяхатшы, әнші.







3

Ыбырай Алтынсарин атақты ақын, аудармашы, ағартушы







4

«Әсемпаз болма әрнеге» өлеңінің авторы-Ыбырай Алтынсарин









ҚБ«Басбармақ» әдісі бойынша бағалау


«Суретті сөйлет» әдісі. Суреттерге қарап сабақтың тақырыбын болжаңыз





  1. Оқушылармен бірігіп, бүгінгі сабақ тақырыбын айқындап алу

Оқушылардың ықтимал жауаптары:

  1. Еңбекқорлық

  2. Достық

  3. Жомарттық

  4. Мейірімділік және т.б.

2. Оқушыларды күтілетін оқыту нәтижелерімен таныстыру.
Тыңдалым тапсырмасы: аудио тыңдалым жүргізу.


1-тапсырма. Мәтінді мұқият тыңдаңыз, «Кестені толтыру» әдісі арқылы берілген тапсырмаларды орындаңыз



Атымтай сөзінің мағынасын жазыңыз

Мәтіннің негізгі идеясы

Кілт сөздерді түртіп жазыңыз












Дескриптор:

  1. Атымтай сөзінің мағынасын анықтайды;

  2. Мәтіннің негізгі идеясын анықтайды.

  3. Кілт сөздерді түртіп жазады;



ФС Мәтіннен қажетті ақпаратты анықтау
ҚБ «Көңілді смайликтер» әдісі бойынша бағалау


2-Тапсырма. Жұптық жұмыс «Жұбыңмен пікірлес»әдісі арқылы мәтіннің идеясы бойынша пікір алмасыңыз


Дескриптор:

  1. Жұбымен мәтін идеясы бойынша пікір алмасады

  2. Ортақ идеяны анықтайды

  3. Ұсынған идеясы бойынша дәлелдер келтіреді

ФС Интерпетациялауға құрылған
ҚБ «Екі жұлдыз бір тілек» әдісі бойынша бірін-бірі бағалау


3-Тапсырма. Кестені толтырыңыз « 4 сөйлем әдісі» бойынша
Атымтай Жомарттың әрекетін бағалап өз ойларыңды жазыңдар
Меніңше.......................................................................................
Өйткені........................................................................................
Мысалы........................................................................................
Қорытындылайтын болсам........................................................


Дескриптор:

  1. Өз пікірлерін білдіреді;

  2. Себебін жазады;

  3. Әңгімеден мысал келтіреді;

  4. Қорытынды жасайды.

ФС Болжам жасауға құрылған
ҚБ «Басбармақ» әдісі бойынша бағалау
Ерекше қолдауды қажет ететін балалар үшін тапсырма
1-тапсырма мәтіндегі абзацтарды ретімен қойып шығыңыз
(өз ойын жеткізуге қиналатын оқушылар үшін)

Жомарт айтты дейдi:


– Төрт түрлi себеп бар. Әуелгiсi: әдемi ат, асыл киiм, асқан дәулеттi өне бойы әдет етсең, көңiлге жел кiргiзедi; сол желiккен көңiлмен өзiмнен терезесi төмен бейшаралардан жиренiп, көз салмай, кем-кетiкке жәрдем берудi ұмытармын деп қорқамын. Екiншiсi: бар бола тұрып мен жұмыс қылсам, мұның кемшiлiк емес екенiн бiлiп, кейiнгiлер әбiрет алсын деймiн. Үшiншiсi: күн сайын өз бейнетiммен тапқан бiр-екi пұлға нан сатып алып жесем де бойыма сол тамақ болып тарайды, еңбекпен табылған дәмнiң тәттiлiгi, сiңiмдiлiгi болады екен. Төртiншiсi: құдайтағаламның берген дәулетiн өзiмсiнiп, тиiстi орындарына жаратпай, көбiсiн өзiм iшiп-жеп, өзiм тұтынсам, мал берген иесiне күнәлi болармын деп қорқамын, – дедi.


Атымтай Жомарт өзi есепсiз бай бола тұрып, күн сайын бiр мезгiл үстiне ескi-құсқы киiм киiп, отын кесiп, шөп тасып жұмыс қылады екен. Бiр күнi өзiнiң жақын, таныстары сұрады дейдi:


– Жомарт, құдай берген дәулетiңiз бар, ашқа – тамақ, жалаңашқа – киiм, үйсiздерге – үй болдыңыз, сөйтiп тұрып өз басыңызды кемшiлiкке салып, жете алмаған жарлыша отын кесiп, шөп тасығаныңыздың мағынасы не? – деп.




Дескриптор:

  1. Мәтін мазмұнын біледі;

  2. Мәтіннің мазмұны бойынша мәтін бөлшектерін ретімен орналастырады.



ФС Мәтіннен керекті ақпаратты табу
ҚБ «Түстер» әдісі бойынша бағалау

Ой қозғау“ БҮҮ





Білемін

Үйренгім келеді

Не үйрендім













https://images.app.goo.gl/wsck7Udz8xoQUjFi8


https://images.app.goo.gl/JpD57L6RTHKYmBok7

https://images.app.goo.gl/AG8ikJFQVHeQJtF97

https://images.app.goo.gl/ZYDzkQWjN4gxJqWGA


https://images.app.goo.gl/EaLRwjL4cNgLcnP29

https://youtu.be/Nom4AlFhOiM

«Бір-біріне баға беру» әдісі бойынша бағалау


(Үлестірме қағаздар таратылады)

https://massaget.kz/okushyilarga/uy_tapsyirmasyi/22428/#:~:text=%D0%90%D1%82%D1%8B%D0%BC%D1%82%D0%B0%D0%B9%20%D0%96%D0%BE%D0%BC%D0%B0%D1%80%D1%82%20%D3%A9%D0%B7i,%D1%82%D3%99%D1%82%D1%82%D1%96%20%D0%B1%D0%BE%D0%BB%D0%B0%D1%82%D1%8B%D0%BD%D0%B4%D1%8B%D2%93%D1%8B%D0%BD%20%D0%B1%D0%B0%D1%8F%D0%BD%D0%B4%D0%B0%D0%B9%D0%B4%D1%8B.

Өте жақсы



Жақсы



Орташа

Үйге тапсырма
2 мин



  1. Қазіргі заманның Атымтай Жомартты деп кімдерді

атар едіңіз;

  1. Неге нақты дәлелдер келтіріңіз.










Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет