Білім беру ұйымының атауы
|
№21 орта мектеп
|
Бөлім:
|
Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштары арасындағы қатынастар
|
Педагогтің аты-жөні:
|
Куптлеуова Роза
|
Күні:
|
16.11.2023ж.
|
Сынып: 8 «А»
|
Қатысушылар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Пифагор теоремасы
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты
|
8.1.3.3
Пифагор теоремасын дәлелдеу және қолдану;
|
Сабақтың мақсаты
|
Пифагор теоремасын дәлелдейді, қолданады.
|
Құндылыққа баулу
|
Жеке және командамен жұмыс істей білу. Дұрыс қарым қатынас орната білу
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезеңі/
уақыты
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Ұйымдастыру кезеңі
6-минут
|
-сынып оқушыларымен амандасу;
-сынып оқушыларын түгендеу;
-сабаққа назар аударту;
Үй тапсырмасын Online Mektep қосымшасын тексеру.
«Ой қозғау» әдісі арқылы оқушыларға сұрақ қойылады.
-Тікбұрышты үшбұрыштың гипотенузасын қалай табамыз?
-Пифагорлық сандар дегеніміз не ?
-Катеттің түрлері қандай?
|
Тікбұрышты үшбұрыштың гипотенузасының квадраты катеттерінің квадраттарының қосындысына тең.
Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғаларының ұзындықтары болатын бүтін сандар пифагорлық сандар деп аталады.
|
«Мадақтау» арқылы «жарайсың, жақсы, керемет»
|
Презентация
|
Сабақтың ортасы
7 минут
|
Топтық жұмыс. Пифагор теоремасы күнделікті өмірде...
1-топ. Партаның диагоналін табу.
2-топ. Дәптер бетінің диагоналін табу.
3-топ. Сынып бөлмесінің диагоналін табу.
4-топ. Сынып тақтасының диагоналін табу.
|
Топта бірлесе отырып Пифагор теоремасын пайдаланып, берілген тапсырманы орындайды.
|
Дескриптор: Білім алушы
Топтар бірін-бірі критерий бойынша бағалайды.
|
Презентация
|
12 мин
|
Ұжымдық жұмыс. №7
14.7-суретте кескінделген кесінділердің ұзындықтарын табыңдар. Торкөздің қабырғалары 1-ге тең.
№8 14.8-суретте кескінделген үшбұрыштың қабырғаларын табыңыз. Торкөздің қабырғалары 1-ге тең.
|
Оқушылар тапсырманы тақтаға шығып орындайды немес орнында отырыпта орындауға болады.
|
Дескриптор: Білім алушы
- Пифагор теоремасын қолданып, өрнек құрады;
- есептеулер жүргізіп, үшбұрыштың қабырғаларын тауып, жауабын жазады.
|
ПрезентацияОқулық 8-сыныпВ.А.Смирнов, Е.А.Тұяқов. Алматы «Мектеп» 2018
|
Жеке жұмыс
10-минут
|
Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы
|
Оқушылар қалыптастырушы бағалау тапсырмасын орындайды.
|
Өзін өзі бағалау. Оқушылар тақтадағы дұрыс жауаппен салыстыра отырып, өзін өзі бағалайды.
Дескриптор: Білім алушы
- Катеттері бойынша гипотенузасын табуға арналған формуланы жазады;
- Гипотенузасы мен катеті бойынша екінші катетін табуға болатын формуланы жазады.
әр пароходтың жүрген жолын табады;
Пифагор теоремасын қолданып, өрнек құрады;
есептеулер жүргізіп, жауабын жазады.
|
Презентация
Оқулық
|
Жұптық жұмыс Pisa тапсырмасы. 5 мин
|
«Теледидар» есебі
Әсел мен оның ата-анасы дүкеннен теледидар таңдап жүр. Оларға диагоналі 32 дюйм болатын теледидар моделі ұнады. Олар таңдалған теледидар үйдегі теледидар үшін арнайы тауашаға кіретініне сенімді болғысы келеді. Тауашаның өлшемі
48 см х 64 см. Теледидар осы тауашаға кіре ме?
|
|
«Көрші жұпты бағала» әдісі арқылы бағалайды.
|
Презентация
|
Бекіту
8 минут
|
Үй тапсырмасы: №11
Кері байланыс
«Мұғалімге жедел хат» әдіс-тәсілі
Оқушылар сабақ туралы өз ойларын стикерлерге жазып, жеделхат тақтасына жапсырады.
|
Бағалау бойынша қорытынды жасалады
|
|
|