Сабақ жоспары Сабақ тақырыбы: Рөлдік басқару үлгісі



бет1/2
Дата27.11.2023
өлшемі31,86 Kb.
#128792
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
КМ08 Сеть и интернет 25-1


СМЖ.08.ӘН.03
4-қосымша
БҚОӘББ «Жоғары аграрлық-техникалық колледжі» МКҚК
Сабақ жоспары
Сабақ тақырыбы: Рөлдік басқару үлгісі .
Модуль /пән атауы: КМ08 Ақпараттық қауіпсідік бойынша шараларды қамтамасыз ету, тораптық есептеу желісі мен Internet-ті пайдалану және икемдеу
Педагог: ЕсеновБ.И. дайындады
2023_ жылғы "__" қазан
1.Жалпы мәліметтер
Курс, оқу жылы, топ ТЖ-241.
Сабақ типі___Практика
Оқыту мақсаты:
Сабақ мақсаты: Топологияны қолдана отырып, жобалау және құруы. Операцияларда есептеу техникасы мен және орындалуын анықтайтын макетпен, нұсқаулықпен, бағдарламалармен жұмыс істеу және басқа басшылық материалдарды қолдана білу;
Оқу-жаттығу процесінде білім алушылар меңгеретін күтілетін нәтижелер және (немесе) кәсіби дағдылар тізбесі: - Интернет желісінде жұмыс істеуге арналған түрлі операциялық жүйелер базасындағы жұмыс станциясын икемдеуі.


Бағалау өлшемдері: Желілік технологиямен жұмыс істеу.
Қажетті ресурстар: презентация
Сабақтың барысы
І. Сабақтың басы(5-7 минут)
Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, білім алушылардың санын тексеру.
Жаңа тақырыпқа кіріспе.
Топқа сұрақ қою: : Өкілетті немесе мандатты үлгісі (еріксіз басқару) туралы түсініктері?
Оқушылар ауызша өз нұсқаларын ұсынады.
Жаңа сабақты тұсіндіру.
ІІ. Сабақтың ортасы (30-35 минут)
1980 жылдардың басында стандарттау бойынша халықаралық ұйымдар – ISO, ITM-T және басқалары - желілердің дамуына үлкен үлес қосқан модель құрды. Бұл модель ашық жүйелер байланысының моделі (Open System Interconnection, OSI) немесе OSI моделі деп аталды.
OSI моделі жүйелер байланысының әр түрлі деңгейлерін анықтап, оларға стандарттық атаулар береді және әр деңгейдің қандай файлдарды орындау қажет екендігін көрсетеді. OSI моделі 1970 жылдары көбіне ауқымдық, компьютерлік желілердің құрылуы кезінде жасалды. Бұл модельдің толық сипаттамасы 100 беттік мәтін көлемін алады.
OSI моделіндегі байланыс құралдары 7 деңгейге бөлінеді: қолданбалы, өкілдік, сеанстық, транспорттық, желілік, жолдық және физикалық. Әрбір деңгей бір желілік құрылғылармен байланысқан.
OSI моделі операциялық жүйелермен, жүйелік утилиттермен, жүйелік аппараттық құралдармен құрылған жүйелік құралдар байланыстарымен сипатталады. Модель соңғы қолданушылардың қосымша байланыс құралдарын енгізбейді. Өзінің қосымша байланыс хаттамаларын жүйелік құралдарға айналдыру арқылы жүзеге асырады. Сондықтан қосымша байланыс деңгейі мен қолданбалы деңгейді айыра білу қажет.
Сонымен қатар қосымша OSI моделінің кейбір жоғарғы деңгейлерінің қызметтерін өзіне алуы мүмкін. Бұл жағдайда қосымша жойылған қорларға қол жеткізе отырып, жүйенің файлдық қызметін қолданбайды; ол OSI моделінің жоғарғы деңгейлерін айналып өтіп, OSI моделінің төменгі деңгейінде орналасқан желі бойынша хабарларды тасымалдауға жауапты жүйелік құралдарды тікелей қарастырады.
OSI моделінде хаттамалардың екі негізгі типінің ара-жігі ажыратылады. Байланысты орнату (connection-oriented) хаттамаларында деректерді ауыстырар алдында жіберуші және қабылдаушы байланыс орнатып, кейбір хаттамалар параметрлерін таңдауы қажет. Диалогты аяқтаған соң олар бұл байланысты айыру керек. Телефон – бұл байланысты орнату негізіндегі байланыс мысалы.
Хаттамалардың екінші тобы – алдын-ала орнатылған байланыс (connectionless) хаттамалары. Мұндай хаттамалар дейтаграммалық хаттамалар деп те аталады. Жіберуші хабарды тек дайын болғанда жібереді. Пошта қорабына хатты түсіру – бұл алдын-ала орнатылмаған байланыс қатынасының мысалы. Компьютерлердің байланысуында екі типтің хаттамалары қолданылады.
OSI моделі ашық жүйелер байланысының тұжырымдамалық схемасы болып табылады, ал OSI стегі хаттаманың нақты айрықшаланымын теруді көрсетеді. Басқа хаттама секторға қарағанда OSI стегі OSI моделіне толығымен сәйкестендірілген, ол сол модельде көрсетілген байланыстың барлық 7 деңгейі хаттамасының айрықшаланымын қосып алған. Төменгі деңгейлерде OSI стегі Ethernet,Token Ring, FDDI, ауқымды желілер хаттамаларын, Х.25 және ISDN-ді қолдайды, яғни басқалар сияқты төменгі деңгейдің стегінен тыс құрылған хаттамаларын қолданады. OSI стегінің желілік, транспорттық және сеанстық деңгейлерінің хаттамалары әр түрлі өндірушілермен айрықшаланған және жүзеге асырылған, бірақ әлі аз таралған. Қолданбалы хаттамалар OSI стегінің аса белгілі хаттамалары болып табылады. Оларға жататындар: файлдарды жіберу хаттамалары FTAM, терминалдың эмуляциялық хаттамасы VTP, анықтама бөлімінің хаттамалары Х.500, электрондық пошта Х. 400 және т.б.
Бірмәнділіктің болмау айрықшаланымы OSI стегінің хаттамаларын үлкен қиындықпен ерекшелейді. OSI хаттамалары өз қиындықтары үшін орталық процессордың есептеу күшінің көбірек кемуін қажет етеді.
OSI стегі – халықаралық, өндірушілерге тәуелсіз стандарт. OSI хаттамалар, арна мен OSI моделін ажырата білу керек. OSI – бұл келісілген хаттамалар арналарын құратын хаттамалардың нақты айрықшаланымының жиыны. Бұл хаттамалар арналарын АҚШ үкіметі ӛзінің GOSIP бағдарламасында қолдайды. OSI арналары басқа стандартты арналарға қарағанда OSI ӛзара әрекеттесу моделіне толығымен сәйкес келеді және ашық жүйелердің ӛзара әрекеттесу моделінің барлық жеті деңгейі үшін айрықшаланады (16-сурет).
Физикалық және арналық деңгейлерде OSI арнасы Ethernet, Token Ring, FDDI айрықшаланымдарын, сонымен қатар LLC, Х.25 және ISDN хаттамаларын қолдайды.
Желілік деңгейде хаттамалар байланыс орнатпай да және байланыс орнатылған кезде де іске асады.
OSI арналарының транспорттық хаттамасы байланыс орнату және байланыс орнатусыз желілік сервистер арасындағы айырмашылықтарды жасырады, сондықтан қолданушылар тӛменгі желілік деңгейден тәуелсіз қажет қызмет кӛрсету сапасын алады. Қателерге тӛзімділігімен және қателерден кейінгі деректердің қалпына келуіне қойылатын талаптармен ерекшеленетін, тӛменгі 0-сыныптан жоғарғы 4-сыныпқа дейінгі транспорттық сервистің 5 сыныбы анықталған.
Қолданбалы деңгей сервистеріне файлдарды жіберу, терминал эмуляциясы, каталогтар қызметі және пошта кіреді. Олардың ең перспективалылары каталогтар қызметі (стандарт Х.500), электронды пошта (Х.400), виртуалды терминал хаттамасы (VT), файлдарды жіберу және басқару хаттамасы (FTAM), қайта жіберу және жұмыстарды басқару хаттамасы (JTM). Кейінгі кезде ISO ӛз күштерін дәл осы жоғарғы деңгей сервистеріне жұмылдырды.
Компьютерлік желінің құрылымын ұлғайтқан жағдайда, әр сегментінде әр түрлі топология және байланыс, ұйымдастыруда түрлі желілік орта, компьютерлерде түрлі операциялық жүйелер, желілік құрал-жабдықтар т.с.с. түрлі ӛңдірушілердікі болуы мүмкін. Алуан түрлі желілік құрал-жабдықтар мен байланыс орталары желі жұмысында қайшылықты мәселелерді болдырмас үшін, байланыс операцияларының орындалуы нақты ережелер бойынша іске асуын талап етеді. Сондықтан желіні реттелген деңгейлер жиынтығы ретінде қарастыру ұсынылды. Ең тӛменгі деңгей физикалық, яғни аппараттық байланысты сипаттайтын деңгей болды.
Рефлексия Берілген сұрақтарға фронталды жауап беру қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет