Ұзақмерзімді жоспардың тарауы:
Тарихи шындық пен көркемдік шешім.
|
Мектеп: «Үлкенбөкен мектеп – балабақша кешені» КММ
|
Күні: 7. 03.2019
|
Мұғалімнің аты-жөні:Калибасов Азат Берікұлы
|
Сынып:9
Қазақ әдебиеті
|
Қатысқандар:
10
|
Қатыспағандар:
|
Сабақтың тақырыбы
|
М.Өтемісұлы «Мен, мен, едім»
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
(оқу бағдарламасына сілтеме)
|
9.3.2.1 Шығармадағы ұрпақтар сабақтастығы көрінісін заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру.
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар орындай алады:
М.Өтемісұлының «Мен, мен едім» шығармасындағы ұрпақтар сабақтастығы көрінісін табады.
|
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Шығармадағы ерлік көрінісін заманауи тұрғыда талдайды, салыстырады.
|
Кейбір оқушылар орындай алады:
Ұрпақтар сабақтастығының мәнін түсінеді, өмірмен байланыстырып эссе, мақала жазу арқылы жаңашылдығына баға береді
|
Бағалау критерийі
|
Шығармадағы ұрпақтар сабақтастығы көрінісін талдайды.
Заманауи тұрғыда жырланған өлең жолдарындағы ерлік көріністерін салыстырады.
Ұрпақтар сабақтастығының мәнін түсінеді, жаңашылдығын өмірмен байланыстырып эссе, мақала жазу арқылы баға береді
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар орындай алады:
Шығармадағы ұрпақтар көрінісін талдай алады.
Ерлік көрінісін заманауи тұрғыда талдай алады.
Өмірмен байланыстырып эссе, мақала жазу арқылы баға бере алады.
|
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:
Ақсүйек - қоғамдағы әлеуметтік топ. Дәстүр бойынша “қара халыққа” үстемдік етуші таңдаулы әулеттердің өкілдері Ақсүйек саналған.
Луәзін – үнін көкке жеткізіп зарлату.
Тебінгі – тұяқты малдың жұқалтаң қарлы жерлердегі жайылымы.
|
ЭССЕ жазуға арналған пайдалы тіркестер:
Батыр, Нарында, еңіреп жүрген,батыр туса ел ырысы, екі тарлан, бөрі еді, ер ел үшін туады, ел үшін өледі, ер – намысты, жігерлі, қайратты, арыстандай айбатты,
|
Талқылауға арналған сұрақтар:
М. Өтемісұлының өмірі туралы не білесіңдер?
М. Өтемісұлының өлеңдері қазақ тарихындағы қандай оқиғаларға арналған?
Махамбет өлеңдерін қандай тақырыпта жырлаған?
|
|