Сабақ жоспарының үлгісін талдаңыз, оқу бағдарламасының пәні мен бөлімін таңдаңыз (оқу мақсаты)



Дата11.12.2023
өлшемі35,64 Kb.
#137175
түріСабақ

9-күн.


Бағалауға арналған тапсырма.
1-тапсырма. Қысқа мерзімді сабақ жоспарының үлгісін талдаңыз, оқу бағдарламасының пәні мен бөлімін таңдаңыз (оқу мақсаты).
Тақырып пен сабақ нөміріне сәйкес сабақ жоспарын жасаңыз.


Бөлім:

Геоэкономика

Педагогтің аты-жөні:

Шығанбаева Лайла

Күні:

20.07

Сынып:11

Қатысушылардың саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қазақстанның кластерлік бастамалары

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары

1.4.1.6 Қазақстан аймақтарын экономикалық тұрғыда дамыту жөнінде стратегиялардың жобаларын ұсыну (өз аймағы негізінде).

Сабақтың мақсаты

- Қазақстан аймақтарын экономикалық тұрғыда дамыту жөнінде стратегиялардың жобаларын ұсыну және Қазақстан кластерлерінің аумақтық құрылымының оны басқарудың функционалдық ерекшеліктеріне талдау жасай алу;
- Қазақстан кластерлерінің аумақтық құрылымына және оны басқарудың функционалдық ерекшеліктеріне талдау жасай алу;
- Кластерлік бастамаларды ұсына алуы;
Бағалау критерийі
- Қазақстан аймақтарын экономикалық тұрғыда дамыту жөнінде стратегиялардың жобаларын ұсынады;
- Қазақстан кластерлерінің аумақтық құрылымына және оны басқарудың функционалдық ерекшеліктеріне талдау жасай алады;
- Кластерлік бастамаларды ұсына алады;



Сабақтың барысы

Сабақ кезеңі / Уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының
әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы



Ұйымдастыру кезеңі: Өткен сабақтағы материалдарды қорытындылау мақсатында үй тапсырмасын сұрау.Мұғалім оқушылармен амандасады, сабаққа дайындығын тексереді, сәттілік тілейді.
Сыныпта жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.Оқушылар «Инсерт» әдісін пайдаланып, параграфтағы мәтінді белгі қою арқылы оқып шығады













V
(бұрыннан білемін)

+
(жаңа)

-
(басқаша ойлағанмын)

?
(сұрақтарым бар)





































Мұғалім жұмыстарының қорытындысын тексеріп, жауаптарын толықтырады. Қалыптастырушы бағалауды смайликтердің көмегімен жүзеге асырады.

Оқушылар бір біріне бүгінгі күнге сәттілік тілейді.

ҚБ.: « Бес саусақ» әдісі арқылы бағалау
Саралау әдісі (дифференциация)
Мақсаты: кластердің аумақтық құрылымы мен басқарудың ерекшеліктерін жіктеу;
Бағалау критерийі:
- Кластердің аумақтық құрылымы мен басқарудың ерекшеліктерін жіктейді;

Интербелсенді тақта
Флипчарт,
маркер, стикер
Мультимедиалық жабдықтар



Сабақтың ортасы

Жаңа білімді өзектендіру.
«Кластер» әдісі
Сабақтың мақсатына жету үшін келесі іс – әрекеттерді орындайды.
Жұптық жұмыс. Қазақстан кластерлерінің картасын талдаңдар.Олардың орналасуының ерекшеліктерін анықтаңдар.Өз аймақтарыңның кластерлерін атаңдар.



Қазақстан бастамасымен құрылатын кластерлер

Әкімшілік және бизнес бастамасымен құрылатын кластерлер









Дескриптор:

  • Қазақстандағы кластерлер картасын оқи алады,

  • Олардың орналасуындағы ерекшеліктерді анықтай алады;

  • Кластерлер құрудың себептерін талдай алады;

  • Еліміздің экономикасын дамытудағы кластерлердің рөліне баға бере алады.

І- топ А деңгейі
« Диалог және қолдау көрсету» әдісі
Тапсырма. Кластердің аумақтық құрылымы мен оны басқарудың функционалдық ерекшеліктерін
ашыңдар.
Дескриптор:

  • Кластерлік дамудың тұжырымдамасын талдай алады;

  • Кластердің құрылымын анықтай алады;

  • Кластерді басқарудың моделін ұсына алады.

Қ.Б. « Ойлан, бірік, бөліс» әдісі арқылы бағалау
ІІ – топ В деңгейі
«Жіктеу» әдісі
Тапсырма . Өздерің тұратын аймақта белгілі бір шаруашылық түріне маманданған кластердің моделін құрастыру.
Дескриптор:

  • Аумақтық кластер типтерін ажырата алады;

  • Өзі тұратын аудандағы кластерді дамытудың өзіндік моделін жасай алады.

Қ.Б. « Үштік » әдісі арқылы бағалау
( Ойлан,жұптас, бөліс)
ІІІ – топ С деңгейі
«Дамыту картасы» әдісі
Тапсырма. Түркістан облысы аймағында мақта кластерін құрудың моделін ұсыныңдар.


Дескриптор:

  • мақта кластері моделін жасай алады;

  • мақта кластерінің дамуына әсер ететін факторларды талдай алады;

  • өзінің жұмысын академиялық формада рәсімдей алады.

«Бірге ойлаймыз» әдісі
Топтық жұмыс. Сынып төрт топқа бөлінеді. Кластерлік модельдер мен аймақтық кластерлердің түрлерінің сызбанұсқасын пайдалану.
Мақсаты: Қарқынды жұмыс істейтін кластерлер бойынша Қазақстан аймағының бәсекеге қабілеттілігін айқындау.
Бағалау критерийі:
- карқынды жұмыс істейтін кластерлер бойынша Қазақстан аймағының бәсекеге қабілеттілігін айқындайды.
Тапсырма. Кластерлік модельдер мен аймақтық кластерлердің түрлері сызбанұсқасын пайдалана отырып, кестені толтырыңдар.
Дескрипторлар:

  • кластерлік модельдерді құра алады;

  • аймақтық кластерлер түрлерін жіктей алады;

  • аймақтық кластерлердің дамуына әсер ететін факторларды талдай алады.

Білім алушылар берілген тапсырма бойынша сұрақтарға жауап береді.

Қ.Б. «Дереккөздер» әдісі арқылы бағалау


11- сынып «География» оқулығы

Қосымша ақпарат көздері


Анықтамалықтар


Қазақстанның саяси картасы, Қазақстанның физикалық картасы.
http:/ atameken.kz


 Сабақтың соңы

Қорытынды. Мұғалім сабақты қорытындылайды,белсенді оқушыларды мадақтайды. «Қорытынды» әдісі
Үй тапсырмасы: Параграф соңында берілген сұрақтарға жауап беру.Кескін картаға Қазақстанның кластерлерін белгілеп келу.
Рефлекция. «Телеграмма» стратегиясы:
Сабақ саған нені үйретті?
Сабақ саған қандай әсер қалдырды?
Тақырыптағы негізгі ұғымдар туралы мен ертеректе не білдім?
Бүгін сабақта мен нені үйрендім?
Тағы да немен жұмыс жасау керек?


Өзін-өзі бағалау бойынша сұрақтарға жауап береді.

Жеке жұмысӨзін – өзі бағалауға арналған тапсырмалар. « Сұрақ-жауап» әдісі





Тапсырма

Сендер қалай ойлайсыңдар?

Ал шын мәнінде?

1.

Кластер дегеніміз не?







2.

Кластерлік бастамаға не жатады?







3.

Кластерлік модель ұғымы







Қ.Б. «Бағалау» әдісі арқылы бағалау


11- сынып «География» оқулығы
Үй тапсырмасын оқушылар жазып алады.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет