1-үлестірме материал
Сабақ жоспарлауға арналған ұсыныстар
Жоспарлау барысында төмендегі мəселелер туралы ойланыңыз:
Қысқа мерзімді жоспарлау Бұл материал мұғалімнің сабақ жоспарын құрудағы көмекшісі болып табылады; төмендегі тармақтардың көпшілігі оқу жоспарының кез келген бөлімі бойынша сабақ жоспарлауда пайдалы болуы мүмкін.
Сабақтың мақсаты:
Мына мəселелерге назар аударыңыз:
Сабақтың басында ширату жаттығуларын жүргізуге арналған оқу мақсаттарын, сабақтың негізгі бөліміне арналған оқу мақсаттарын алдын ала шешіп алыңыз. Оқу жоспарында тиісті нұсқаулықтар берілген.
Кейбір мақсаттар бірнеше мақсатқа бөлінуі мүмкін.
Сабақ барысында пəнге сай қандай тілді жəне шартты белгілерді қолданатыныңыз жөнінде ойланыңыз.
Бір немесе бірнеше мақсаттар бірнеше сабақтың тақырыбы болуы мүмкін.
Жұмысыңыздың бөлімдерін жүйелі ұйымдастыру үшін мақсаттарды топтастырыңыз.
Əрбір мақсатты сабаққа негіз етуге тырыспаңыз.
Өзіңіздің сыныбыңызға/тобыңызға қандай мақсаттар сай келетіндігін түсіну үшін орта мерзімді жоспарды пайдаланыңыз.
Оқушыларға төмендегідей мүмкіндік ұсыныңыз:
есептерді түрлі тəсілдер арқылы ойша есептеуге жəне сандық фактілерді жылдам еске түсіруге жаттығу;
белгілі фактілердің арасынан жаңа фактілерді алу жəне пайдаланылатын əдіс- тəсілдерді түсіндіру;
алдыңғы əдіс-тəсілдердің негізінде құру жəне оны əрі қарай дамыту;
оқушылардың есінде жылдам қалатын фактілерді анықтап, оларды қандай тəсілмен орындау керектігін талқылау;
пəн аясында сөздік қорды қалыптастырып, пән бойынша лексика мен терминдерді дұрыс қолдану.