Практика барысында алғашқы күннен бастап мектеп өмірімен және ұжыммен,оқушылармен танысып, тез тіл табысып кеттім. Мектепке келген күннен бастап 7 «в,б» 10 «б,в» 11 «б,в» сыныптарының сабақтарына қатыстым.
Мұғалімдік жұмыстың ең нәтижелі формаларын және де әдістерін ұғынуға ұмтылдым. Оқушының даму деңгейіне диагностика жасаумен де айналыстым. Оқушылардың күнделіктерін, дәптерлерін тексеріп, кемшіліктерін айтып, олардың дұрысталуына ат салыстым.Оқу сабақтарына қатысу барысында мен кәсіби педагогикалық іскерліктер мен дағдыларды, оның ішінде оқу бағдарламасы мен оқулық негізінде оқу сабақтарының мазмұнын нақтылау және сабақтың дамытушылық және тәрбиелік мақсаттарын анықтауды, сабақтың түрі мен құрылымын, сабаққа дайындалу қабілетін, қажетті көрнекі құралдар мен техникалық оқу құралдарын, сабақтың жоспар-сызбасын және басқа да оқу сабақтарының түрлерін құрастыра білуді үйрендім. Сондай-ақ сабақ кезінде мұғалім болу бұл тек қана сабақ беріп қана қою емес, оданда маңыздырақ екенін, әрбір баланың мінез-құлқы, өздерінің оқу деңгейлеріне байланысты сабақтар жүргізіп отыру бұл деген үлкен жауапкершілікті талап ететініне көзім тағы да бір рет жетті.
Өзімнің бойымдағы мұғалімдік мамандыққа деген тұрақты қызығушылығым мен сүйіспеншілік сезімдерімді педагогикалық іс-тәжірибе кезінде барынша дамытуға тырыстым.
Сабақ жүргізу барысында сөйлеген сөздеріне көңіл аудардым. Ұстаз – өз ойын тиянақты жеткізу керек деп ұғындым.