Кафедра – Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасы
Оқытушы – PhD доктор, Қуанышбаева Жазира Жайлаубековна; Байланыс көздері: (телефон, e-mail) – 87017765578, kuanyshbayeva.kz@gmail.com
2. Критериалды бағалау: Бақылау түрі (ауызша, жазбаша және тест түріндегі емтихан)* Бағалау критериялары: 1. Төмендегі кестеге сәйкес әр сабаққа алдын-ала дайындалу керек. Тапсырманы дайындау тақырып талқыланатын аудиториялық сабаққа дейін аяқталуы керек.
2. Үй тапсырмалары пән кестесінде көрсетілгендей семестр бойы таратылады.
3. Үй тапсырмаларының көпшілігінде жауап беруге болатын бірнеше сұрақтар болады,
4. Семестрде сіз зерттелетін материалды қолданасыз
Үй тапсырмаларының немесе СӨЖ-нің тиісті мерзімдері ҚазҰПУ академиялық саясатына сәйкес жеңілдететін жағдайларда (ауру, шұғыл жағдайлар, авария, күтпеген мән-жайлар және т.б. сияқты) жағдайында ұзартылуы мүмкін. Студенттің сабақтардағы пікірталастар мен жаттығуларға қатысуы оның пән бойынша жалпы бағалауында ескеріледі. Сабақ барысында сындарлы сұрақтар, диалог және пәнге қатысты кері байланыс құпталады және көтермеленеді, ал қорытынды бағаны шығару кезінде мұғалім әр студенттің сабаққа қатысуын ескереді.
Практикалық тапсырмалар (СӨОЖ) оқытушының басқаруымен өткізілген тақырыбына өзіндік жұмыс пен дайындықты талап етеді. Практика сабағында тапсырмалар ұсынылады. Бұл орындалатын тапсырма түрі барлық студенттердің өзіндік жұмысына дайындығын қамтамасыз етеді. Дайындық барысында студент негізгі әдебиеттер мен өткізілген тапсырмаларды қолдануы қажет. Орындалған тапсырмаға қарай студенттің орташа бағасы көрсетіледі. Сонымен қатар өз уақытында орындалған тапсырмалар есепке алынады.