САБАҚ: 1-бөлім: Таза, мінсіз асыл сөз
Тақырыбы: «Керқұла атты Кендебай» ертегісінің композициялық құрылысы
|
Мектеп: М.Әбенова атындағы жалпы білім беретін мектебі КММ
|
Күні:
|
Мұғалім: Турсун Гауһар
|
СЫНЫП: 5
|
|
Оқу
мақсаттары
|
5.1.4.1. Сюжет және композиция ұғымын меңгеру, құрылымдылық сатыларын білу.
|
Сабақ мақсаттары
|
Оқушы орындай алады:
Мультфильмде ойландырып жүрген сұрақтарға өз бетімен жауап іздей алады.
Шынайы өмірмен байланыстыра алады.
Сұрақтардың жауабын тауып өз бетінше тұжырымдай алады.
Кейіпкерлерді шынайы өмірмен байланыстыра отырып салыстыра саралай алады.
|
Бағалау критерийі
|
Шығарма кейіпкерлерінің бойындағы жағымды, жағымсыз қасиеттерді ажыратады.
Кейіпкерлердің қасиеттерін шынайы өмірдегі адамдармен салыстыра бағалайды, саралайды
|
Оқыту деңгейі
|
Талдау, қолдану, жинақтау, бағалау
|
Тілдікмақсат
|
Оқушыларорындайалады:
ертегіні талдауда өз ойын айта алады; қанатты сөздер, дәйексөздер қолданады; ойын еркін жеткізуге дағдыланады.
|
Негізгі сөздер мен тіркестер: Алты құлаш, құлын, уақыт мүлдем тоқтап қалу, қартаймау,өмір суы ,шипалы бұлақ, қатыгез т.б.
|
Талқылауға арналған тармақтар:
Бұл суреттердің ішінен басты кейіпкерді атаңыз.
Ертегі ұнады ма?
Ертегіде сендерді қызықтырған түсініксіз сұрақтар бар ма?
Ертегі немен аяқталады?
Кендебайдың алты құлаш қылышын шынайы өмірдегі өлшеммен қалай түсіндірсем?
Жоғалып кеткен құлынның ертегіде құлыншақ болып қала беруі не себептен ?
Ертегіде уақыт өлшемі неге өзгеше сипатталады?
Ертегідегі уақыт тоқтап қалу, қартаймау дегенді шынайы өмірде бар ма?
Жақсылыққа жамандық жасауға бола ма?
Кендебай бойындағы қасиеттерді қалай бағаласам ?
|
Құндылықтарға баулу
|
Қайырымдылық. Жақсылыққа жақсылық – әр адамның ісі, жамандыққа жақсылық – ер адамның ісі.
|
Пәнаралық байланыс
|
Өзін-өзі тану
|
Тақырып бойынша алдыңғы білім:
|
Ертегі түрлері, жанрлық ерекшелігі, халық ауыз әдебиетінде кейіпкер образын жасау ерекшелігіне тоқталады.
|
|