Сабақ. ҚМж сабақтың тақырыбы: Электр тогының жұмысы мен қуаты Оқу мақсаты: Жұмыс және қуат формулаларын есептер шығаруда қолдану Теориялық материал



Дата13.03.2022
өлшемі160,03 Kb.
#27750
түріСабақ
Байланысты:
Физика 8. Тұрақты электр тогы. Электр тогының жұмысы мен қуаты.Теориялық материал


60-сабақ. ҚМЖ

Сабақтың тақырыбы: Электр тогының жұмысы мен қуаты

Оқу мақсаты: Жұмыс және қуат формулаларын есептер шығаруда қолдану

Теориялық материал

Электр тогыныӊ жұмысы қанша электр энергиясы (электр өрісініӊ энергиясы) басқа түрдегі энергияға айналғандығын көрсетеді. Мысалы, металл өткізгіштіӊ қызуы, шамныӊ жануы т.б. Бұл жағдайларда электр энергиясы басқа түрдегі энергияға (ішкі энергия) айналады.

Электр тогының жұмысы – ток күші, кернеу және жұмысты істеуге кеткен уақыттың көбейтіндісіне тең.



А- электр тогыныӊ жұмысы (Дж); I- тізбектегі ток күші (А)

U- тізбек ұштарындағы кернеу (В); t- уақыт (с).

1 Дж = 1А · 1В · 1с

Токтыӊ жұмысын өлшеу үшін амперметр, вольтметр және сағат керек. Практикада токтыӊ жұмысын арнайы аспаптармен – санағыштармен (счетчики) өлшейді



Электр тогыныӊ әсері тек қана жұмыспен емес, оныӊ қуатымен де сипатталады.





Электр тогыныӊ қуаты тізбектегі токтыӊ күшімен кернеудіӊ көбейтіндісіне теӊ.

1 Вт = 1 А· 1с



1 Дж = 1 Вт · 1с



1 кВт·сағат = 1000 Вт · 3600 с = 3 600 000 Дж

Шамдар тізбектей жалғанса, онда олардан өтетін токтыӊ күштері бірдей болады. Олардыӊ қуаты формуласымен есептеледі.



Шамдар параллель жалғанса, онда оларға түсетін кернеу бірдей болады. Олардыӊ қуаты формуласымен есептеледі.

1 гВт (гекто)=100 Вт =102 Вт;

1 кВт (кило)=1000 Вт =103 Вт;



1 МВт (Мега)=1000000 Вт =106 Вт;

Токтың қуатын өлшеуге арналаған аспапты – Ваттметр деп атайды.



Токтың жұмысын өлшеуге арналған құрал – электр санауыш деп аталады.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет