Сабақ. Пернетақтамен танысу Бөлімі III бөлім. Сөзбе- сөз



бет1/21
Дата28.04.2023
өлшемі186,29 Kb.
#88270
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

9-сабақ. Пернетақтамен танысу


Бөлімі

III бөлім. Сөзбе- сөз (ортақ тақырыптар: «Менің мектебім», «Менің туған жерім»)

Педагогтің аты-жөні




Күні




Сыныбы

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Пернетақтамен танысу

Оқу бағдарламасына сəйкес оқу мақсаты

2.4.2.2 пернетақтадан спрайтты басқаруды ұйымдастыру;

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушы үшін:
Мəтін жазу, теру құрылғылары қалай дамығындығы туралы əңгімелейді.
Оқушылардың көбі үшін:
Пернетақтаны пайдалану ережелерін біледі.
Кейбір оқушылар үшін:
Пернетақтадан спрайтты басқарады.

ЕБҚ бар балалар үшін

-Қарым-қатынас деңгейінде сөздік қорын, сипап сезу дағдыларын дамыту
-Көруінде кемістігі бар балаларды ауызша жауап беруге деген ынтасын ескеру( практика түрінде жауап беруге жағдай жасау)

  • Денсаулығын ескере отырып оқушыға жеке карточкамен жұмыс жасау. (жүріп тұруы қиын оқушы)

Сабақтың барысы



Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің іс- əрекеті

Оқушының іс-əрекеті

Бағалау

Ресурстар

(Ұ)
Ұйымдастыру кезеңі
(1-7 мин.)

Сəлемдесу, оқушыларды түгендеу.
І. Қызығушылықты ояту. «Жұмбақ зат» ойыны
Ойынның мақсаты: Оқушылардың ойлау жəне сөйлеу қабілеттерін арттыру. Ойынның шарты: оқушылардың алдына ыдысқа салынып бір зат əкелінеді. Сол затты мұғалім, жауабын айтпай, сөзбен сипаттайды. Оқушылар шешімін табуы қажет.
Бұл ойын оқушылар арасында психологиялық жағымды ахуал орнатады.

(МК, Ұ) Ой
қозғау. «Миға шабуыл» əдісі

Мұғалім төмендегі сұрақтарды оқушыларға қойып, суреттерді интерактивті тақтадан көрсетеді. Оқушылар ұжымдық үлгіде білгендері бойынша өз ойларын айтып,
жауап береді.

–Мəтін жазу, теру құралдары қалай дамыған? (1-сурет)
–Суретке қарап əңгімеле.
–Пернетақтада жұмыс істеу ережелерін білесің бе?

Мұғалім белсенділік танытқан оқушыларды
«Мадақтау сөз» əдісі бойынша бағалайды.
Жарайсың! Жақсы!
Талпын!




Жаңа сабаққа дайындық

Жаңа сабаққа дайындық ретінде «Сұрақ-жауап» əдісін қолданып, талқылау жұмысын жүргізу. Қандай да болмасын бір ақпарат (мəлімет, проблема, сұрақ) туралы бар білгендерін жазбаша немесе ауызша жеткізеді.
Ұжымдық талқылауда оқушыға сұрақ қою мен проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізеді. Пікірлерінің еркін айтылуы, ешқандай сынға ұшырамауы керек, қағазға түсіруге де, ауызша талқылау жұмысын жүргізуге де болады.


Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім интерактивті тақтадан сабақтың тақырыбымен, мақсатымен жəне бағалау критерийлерімен таныстырады.

Сабақтың ортасы (31 мин.)

ІІ. Мағынаны ашу (білімді өзектендіру үшін).
(МК, Т) Оқулықпен жұмыс. «Жəшіктегі кітаптар» əдісі
Ортаға əсем безендірілген жəшік əкелінеді.
Мұғалім: «Сыртындағы суреттерге қарап, осы жəшіктің ішінде не бар екенін тапқан оқушыға сыйлығымыз бар», – дейді.
Оқушылар: «Кітап», – деп жауап береді. Мұғалім: «Дұрыс, кітап!» – дейді.
Оқушылардың əрқайсысы өз кітаптарын алып, 5 минут көлемінде мұғалімнің тапсырмасы бойынша кітаптағы тақырыптың мəтінін оқып, қарап шығады. Содан соң балаларға 5 минуттай бір-біріне осы оқулықтағы тақырып туралы ойларын жеткізу тапсырылады. Бір-біріне сұрақтар қойып, ойларын толықтырады.

Интерактивті тақта.
Оқулық.

Жұмыс дəптері.








Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет