Биология пәні мұғалімі Инсенова Құндыз Шәріпқазықызы
Сабақ тақырыбы : Адам нәсілдері 11 сынып
Мақсаты:
1. Оқушыларға адамның шығу тегі антропогенез тарауы бойынша білімдерін толықтыра отырып, дамыту. Эволюция ғылымы мен дүниетанымын кеңейту.
2 . Адамдардың шығу тегі туралы ақпараттар бере отырып, адам нәсілдері туралы білім беру.
Достыққа , татулыққа, ынтымақтылыққа тәрбиелеу. Адамгершілік тәрбие қалыптастыру, биологиялық білімнің құндылығын түсіндіру.
Сабақ типі: Аралас.
Сабақ әдісі: Топпен жұмыс, сұрақ-жауап, электронды оқулықпен жұмыс, өзі-өзі бағалау. Т.б.
Көрнекілігі: Адам бассүйегінің муляждары, қанатты сөздер, электронды оқулық, кестелер , суреттер.т.б.
Сабақтың пәнаралық байланысы: география, тарих т.б.
Сабақ барысы: І Ұйымдастыру.
(Сыныптағы жоқ оқушыларды белгілеу, сыныпты топқа бөліп отырғызу,1,2,3. топ басшысын сайлау, барлық топ мүшелері сабаққа қатысып отырады тиісті бағасын топ басшысы параққа қойып отырады,)
Сыныпқа психологиялық дайындық жүргізу . (Зейінді жаттықтыру)
Оқушыларға 20 сөз оқылады. Одан кейін оқушылар қалам алып, естерінде қалған сөздерді жазады. Мұғалім қанша сөз жазылуына байланысты оқушылардың зейін көлемін анықтап айтады.18 ден жоғары өте зейінді.13-17-ге дейін жақсы 8-12 дейін орташа, 2-7 төмен.