Сабақ тақырыбы : «Нағыз әже қайда?» Әжені аңсау Оқу мақсаты: 5Б/ 5Кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау



Дата16.05.2023
өлшемі0,72 Mb.
#93810
түріСабақ

Қазақ әдебиеті 5-сынып Бөлім: Отбасы құндылықтары Сабақ-11 Тақырып: «Нағыз әже қайда?» Әжені аңсау


Бөлім тақырыбы: Отбасы құндылықтары Сабақ тақырыбы: «Нағыз әже қайда?» Әжені аңсау

Оқу мақсаты: 5Б/С2.5Кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау.

Бағалау критерийлері:

  • Әңгіме мазмұнын түсінеді;
  • Шығарманы құрылысына талдайды;
  • Кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырады.

.

.


Әже өнегесі – ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы құндылық, тәрбиенің қайнар көзі. Әже алдын көріп, тәлімін алған, тарихта есімі қалған ұлылар көп. Зере әжесінің зерделі аңыз-әңгімелері мен жыр-дастандарын тыңдап өскен бала Абай дана Абайға айналды.
Ал Айғанымдай әженің тәрбиесін алған Шоқан қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдызы болды. Бұдан өзге Біржан сал, Мұхтар сынды қазақтың біртуар азаматтары да әженің тәрбиесін көріп, әженің алақанынан түлеп ұшқан. Яғни, қазақтың нар тұлғалы азаматтарының көбі әже мектебінен сусындап өскен адамдар.

.
Әжелер өнегесі – ұрпақтан-ұрпаққа ұласып, ғасырдан-ғасырға жалғасатын тәрбиенің таусылмас қайнар көзі болып саналады. Бұл – ұлттық болмысымызға тән қасиет әрі құндылық. Яғни әрбір отбасындағы әже тұлғасы – ұлы өнеге бұлағы.


1-тапсырма. «Сәйкестендіру» әдісі Дескриптор: - мәтіннің мазмұнын түсінеді; - сюжеттік композициялық талдау жасайды.


"Нағыз әжені" іздеу

Шешімі

Әженің оғаш қылықтары. Су сепкен көңіл

Шиеленісуі

 Кәрі әжені аңсау

Дамуы

Орайы келген қонақтық. Қуаныш сезімі

Оқиғаның басталуы

Әкесінің кішкентай қыздарына ертегі айтып беруі

Шарықтау шегі

1. Жауабы:


Әкесінің кішкентай қыздарына ертегі айтып беруі

Оқиғаның басталуы

"Нағыз әжені" іздеу

Дамуы

Орайы келген қонақтық. Қуаныш сезімі

Шиеленісуі

Әженің оғаш қылықтары. Су сепкен көңіл

Шарықтау шегі

Кәрі әжені аңсау

Шешімі

2-тапсырма. Венн диаграммасы Дескриптор: - бұрынғы әжелер мен қазіргі әжелердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстырады.


Бұрынғы әжелер
Ұқсастығы
Қазіргі әжелер

2. Жауабы:

2. Жауабы:


Бұрынғы әжелер мал шаруашылығына байланысты киген киімдері өзгеше болған. Бастарына кимешек, аяқтарына мәсі киіп, ұршық иіріп, құрт жайып, күбі піскен.
Немерелеріне үнемі ертегі айтып отыратын болған.
Әже, мейірімді,
ертегі айтады,
тәрбиеге баулиды.
Қазіргі әжелердің көбісі қалада тұруына, жұмыс істеуіне байланысты киім үлгісі өзгеше. Көбісі немерелерін балабақшаға апарып, әкеліп, сабақтарына көңіл бөледі. Арасында ертегі айтып береді.

3-тапсырма. «Асыл әже» тақырыбында эссе жазу

Дескриптор: - «Асыл әже» тақырыбында эссе жазады.

Асыл әжем Әжелеріміз – тәлім – тәрбиенің бастауы, бізге үлгі – өнеге көрсетер асыл жандар, қазыналы бұлақтың қайнар көзі ғой. Жанұяда бала тәрбиелеуде алатын орны ерекше – осы мейірімді әжелеріміз. Қазақ отбасындағы әже орны ерекше әрі қадірлі. Шоқан Уәлихановтың Айғаным әжесі, Абай атамыздың Зере, Мұхтар Әуезовтың Дінасыл әжелері қазыналы бұлақтың көзі болған әжелер. Қарт кісілер таусылмас қазына ғой, жас ұрпақтың ол кісілерден үйренері мол. Демалыс уақытында ауылға ұзақ уақыт бойы бармай қалсақ, әжемнің ыстық бауырсақтары мен «айналайын» деп маңдайымнан сипағанын сағынып отырамын. Үнемі ол кісілерге көмектесіп тұрамыз. Ал әжем болса әрдайым «Қолыңнан келген көмегіңді аяма» деп үйретіп отырады.


Ықтимал жауап:

Бүгінгі сабақта:

Бүгінгі сабақта:

  • Әңгіме мазмұнын түсіндіңіз.
  • Шығарманы құрылысына талдадыңыз.
  • Кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырадыңыз.
  • Өз пікірлеріңізді сенімді дәлелдедіңіз.

Назарларыңызға рақмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет