Тәжірибе стансасы негізгі мектебі
Бекітемін: Әдіс бірлестігінде
----------------------- қаралды.
Мектеп директоры ___________________
Д.И.Ахметов ____________________
____ __________2011жыл
ГЕОМЕТРИЯДАН АШЫҚ САБАҚ
Тақырыбы: «Салу есептері. Түзуге
перпендикуляр жүргізу»
Пән мұғалімі: БИСЕН Қ.Ж.
2010-2011 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Салу есептері.
Түзуге перпендикуляр жүргізу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Циркуль, сызғыш және карандашты қолдана отырып салу есептерін меңгерту, үйрету. Тақырып бойынша алған білімдерін толықтырып, оны к.нделікті өмірде қолдана білуге.
Дамытушылық: Өз бетімен ойлауды, шығармашылықпен ізденуді жетілдіру. Шығармашылықа баулу.
Тәрбиелілік: Сызба жұмыстар орындауда жауапкершілікке, өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ. Практикалық жүмыстар.
Сабақтың әдісі: Деңгейлеп саралап тірек сызбалары арқылы оқыту.
Сабақтың көрнекілігі:
1.Нақыл сөз.
2.Тірек сызба.
3.Тест тапсырмалары.
4.Дидактикалық карточка.
5.Циркуль.
6.Сызғыш.
Сабақтың жоспары:
Ұйымдастыру
Үй тапсырмасын тексеру.
Жаңа сабақ.
Практикалық жұмыстар.
Сабақты пысықтау.
Үйге тапсырма.
Бағалау.
Нақыл сөздер
«Ақыл – ойды тәртіпке келтіретін – математика, сондықтан оны оқу керек »
Г. Галилей.
«Барлық теоремалар мен ережелерді білу жеткіліксіз, оларды меңгере білу керек»
П. Л. Чебышев
Достарыңызбен бөлісу: |