Сабақ тақырыбы: Алаш ұлттық идеясының тұжырымдамалық негіздері Оқу мақсаты



Дата07.04.2023
өлшемі0,76 Mb.
#80142
түріСабақ

- Бұл суреттер сіздерде қандай ой туғызады?
- Бүгінгі сабақтың тақырыбы не туралы болуы мүмкін?
3 мин
Сабақ тақырыбы:
Алаш ұлттық идеясының тұжырымдамалық негіздері
Оқу мақсаты:
11.3.2.1 – «Алаш ұлттық идеясының тарихи негіздерін анықтау
Сабақ мақсаты:
«Алаш» партиясының ұлттық мемлекеттілікті жаңғыртудағы қызметіне баға баға беру.
Бағалау критерийлері:
  • Ұлттық мемлекеттілікті жаңғыртудағы «Алаш» партиясының рөлін анықтау;
  • «Алаш» партиясының мақсатын, жетекшілерін, бағдарламасының мәнісін анықтау;
  • Алаш идеясының бүгінгі күндегі маңыздылығын талдау.

3 мин
1-тапсырма. Мәтінді оқып, төмендегі кестені толтырыңыз.
Дескриптор: ХХ ғасырда құрылған «Алаш» партиясының басты ерекшеліктерін анықтай алады.

1)Алаш партиясының өмір сүрген уақыты


2) Басшылары, мүшелері


3) «Алаш» партиясының құрылуына себеп болған оқиға

4) Партияның мақсаттары


5) Алаш партиясының бағдарламасы қанша бөлімнен тұрды


6) Бағдарламаның маңыздылығы


7) Партиясының баспасөз органы


8) Алаш партиясының тарихи маңыздылғы


15 мин
Дұрыс жауабы:

1)Алаш партиясының өмір сүрген уақыты

 1917-1920 ж

2) Басшылары, мүшелері

 Төрағасы: Әлихан Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Тынышпаев, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев т.б. кірді.

3) «Алаш» партиясының құрылуына себеп болған оқиға

Бірінші дүниежүзілік соғыс пен 1917 жылы Ресейде бастаған революция қазақ ұлттық зиялыларының өз халқының құқықтарын қорғау жолындағы қызметін жандандыра түсті.

4) Партияның мақсаттары

 Қазақ халқын отарлық езгіден азат ету. Автономиялық ұлттық мемлекет құру.

5) Алаш партиясының бағдарламасы қанша бөлімнен тұрды

 10 бөлім

4 мин

6) Бағдарламаның маңыздылығы

 Алаш партиясының бағдарламасы барлық әлеуметтік топтардың мүддесін ескерді, жер мәселесін шешудің тиімді жолдары ұсынылып, қазақ жері қазақ елінің меншігі болатындығы және қоныстандыру саясатын тоқтату көзделді, бастауыш білім баршаға тегін беріледі, қазақ балалары үшін ол міндетті түрде өз ана тілінде беріледі, мемлекет басшылары мен лауазымдық қызметке сайлау арқылы қойылды.

7) Партиясының баспасөз органы

«Қазақ» газеті

8) Алаш партиясының тарихи маңыздылғы

 Кеңес үкіметі тұсында ең ұзақ өмір сүрген партиялардың бірі болды. Алаш қайраткерлері елі мен жерінің, қазақ ұлтының қамын жеп, оның жарқын болашағы үшін күресті. Олардың идеялық мұрасы саяси санасы толыққан, тәуелсіздік идеясын ту еткен бүгінгі ұрпаққа аманат, атқарған ерен істері өнегелі өсиет, ал ардақты Алаш азаматтарының есімдері халқымыздың жадында мәңгі сақталады.

Жұптық талқылау:
Алаш идеясының бүгінгі күндегі маңыздылығы неде?
12 мин
  • Бүгінгі сабақтан алған әсерім?................................................
  • Маған мына тапсырма қызықты болды?................................
  • Тапсырманы орындауда туындаған қиыншылықтар?...........

3 мин

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет