Сабақ тақырыбы: Аралас сандарды қосу және азайту. Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты меңгеру



бет1/10
Дата31.12.2021
өлшемі45 Kb.
#23834
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Математика 5 сынып Аралас сандарды қосу және азайту Сабақ жоспары


Бөлім: 5.1.2. Сандарға амалдар қолдану

Мектеп: Алматы қаласы ХББ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Джургабаев С.Е.

Сынып: 5

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы: Аралас сандарды қосу және азайту.

Сабақтың түрі:

Жаңа тақырыпты меңгеру

Сабақ мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.1.1.1 натурал сандар жиыны ұғымын меңгеру;

5.1.1.11 аралас сан анықтамасын білу;

5.1.2.13 бұрыс бөлшекті аралас санға және аралас санды бұрыс бөлшекке айналдыру;

5.1.2.20 аралас сандарды қосу және азайтуды орындау;



Сабақ мақсаттары

Аралас сандарды ажырата алады;

Аралас санды бұрыс бөлшекке және керісінше, бұрыс бөлшекті аралас санға келтіреді;

Аралас сандарды қосуды және азайтуды біледі.


Бағалау критерийлері

Оқушылар:

Бұрыс бөлшекті аралас санға айналдырады;

Аралас санды бұрыс бөлшекке айналдырады;

Аралас сандарды қосудың және азайтудың ережелерін қолданады;

Натурал санға аралас санды қосуды біледі;

Натурал саннан аралас санды азайтуды біледі.



Тілдік мақсаттар

Оқушы: екендігін түсінеді.

Аралас сандарды қосып, азайту үшін бөлшек бөліктерінің ең кіші ортақ бөлімге келтіру керектігін түсінеді.

Аралас сандардың бөлшек бөліктерінің ең кіші ортақ бөлімін табуды біледі.

Пәнге тән лексика мен терминология:

Бөлшек – дробь - fraction

Жай бөлшек – обыкновенная дробь – common fraction

Алымы – числитель - numerator

Бөлімі – знаменатель – denominator

Бұрыс бөлшек – неправильная дробь – improper fraction

Дұрыс бөлшек – правильная дробь - proper fraction

Бөлшектің бүтін бөлігі – целая часть дроби - the integer part of the fraction

Аралас сан – смешанное число - mixed number

Ортақ бөлім – общий знаменатель - common denominator

Қосу – сложение - addition

Азайту – вычитание - subtraction



Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Аралас сан дегеніміз - ...

Бұл есептегі .... аралас сан, себебі, ...

... аралас санды қосу үшін, ... деп ойлаймын

... аралас санды азайту үшін, .... деп ойлаймын

... ең кіші ортақ бөлімге келтіреміз және ...

Бұл аралас санның бүтін бөлігін ...




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет