Сабақ тақырыбы: «Қарттарым аман- сау жүрсін» Құндылығы: Үлкенге құрмет, кішіге ізет



бет1/5
Дата30.09.2024
өлшемі390,68 Kb.
#146170
түріСабақ
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Тәрбие сағаты 1 а сынып


Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Шу ауданы білім бөлімінің
«Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі» КММ
Тәрбие сағаты

Тақырыбы:


«Қарттарым аман- сау жүрсін»
1 «А» сынып
Бастауыш сынып мұғалімі: Кусабаева А.С.

2024-2025 оқу жылы




Мектеп:

А.С.Макаренко атындағы орта мектеп

Педагогтің Т.А.Ә.(болған жағдайда)

Кусабаева А.С.

Күні:

30.09.2024ж

Сынып: 1 «А»

Қатысушылар

Қатыспағандар саны

Сабақ тақырыбы:

«Қарттарым аман- сау жүрсін»

Құндылығы:

Үлкенге құрмет, кішіге ізет.

Құзыреттілігі:

Инновациялық ойлау

Сабақтың мақсаты:

 Қариялық — даналық пен өмір тәжірибесінің қайнар көзі екендігін ұғындыру

Апталық дәйексөз

«Қарттарым - асыл қазынам, Қарттарым аман – сау жүрші, Қарты бар үй- қазыналы үй!»



Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт



Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы
Сабақтың ортасы

Сергіту сәті

Сабақтың соңы
Қауіпсіздік сабағы

Кері байланыс



Сәлемдесу.Шаттық шеңбері.
- Ал, балалар, бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын барлығымыз шаттық шеңберін құрайық.

Қуанамын мен де,


Қуанасың сен де.
Қуанайық достарым
Арайлап атқан күнге!
«Хабарлама» әдісі.
Мұғалім қарттар күні қашан, не мақсатта белгіленгендігі туралы мәлімет береді.
Халықаралық Қарттар күні 1990 жылы 14 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясымен жарияланған.
Қарттар күнін атап өтудің мақсаты – қарттардың проблемаларына қоғамның назарын аудару; қоғамның демографиялық қартаю проблемасы, қарт адамдардың жеке және әлеуметтік қажеттіліктері, олардың қоғамның дамуына қосқан үлесі, қарт адамдарға деген қарым-қатынасты өзгерту мәселелерінен халықтың хабардарлығын арттыру, қарт адамдардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету, қоғам өміріне қатысуын, қажетті күтім, олардың ішкі әлеуеті мен абыройын қорғау үшін жағдайлар жасау.
«Ой қозғау» айдарымен Жұмбақ шешу:
Айтары мол ғұлама,
Көп жасаған бұл адам.
Әкесі ол әкеңнің,
Білер оны сұраған,
Ол кім? (Ата)
Аймалайды «Күнім»деп,
Мейірімді жүзі күлім деп.
«Тәтті-ақ» дейді немере,
Бал шырындай үнің деп.
Ол кім? (әже)
«Ата-әжем мақтанышым» айдарымен
Балалар Қазыналы қарияларымыз туралы сыр шертеді

Ата- ардақты тұлға. Иә, «Әкеден ұл тусайшы, ата жолын қусайшы» деп халық ұрпаққа атаның мұрасын жалғастыруды уағыздайды. Ата ұрпағының қайырымды,мейірімді,ақылды, іскер болуын тілеп,сол үшін қамқорлық іс-әрекеттерін басы жерге жеткенше дамыта береді,өнеге көрсетеді,өсиет айтады.

Әже- ақ сүт берген аналардың анасы. Әже әрқашан да балалық бал дәреннің басы-қасында болып, асыраушы, аялаушы, тәрбиелеуші басты кісі. Өмір өрнектеріне, тіршілікке көбірек араласқан ана перзентін көбінесе әженің қарауында қалдырады. «Жан жүрегім,жарығым»деп әже немересін, шөбересін жүрегіне теңейді. Жан жүрегін салып нәрестені,бүлдіршін жасөспірімді тәрбиелейді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет