Сабақ Тақырыбы: Ата-аналар мен бала арасындағы құқықтық қарым-қатынастары



Дата21.10.2022
өлшемі19,79 Kb.
#44564
түріСабақ
Байланысты:
11-12практикалық сабақ (копия)


11,12 
Практикалық сабақ


Тақырыбы: Ата-аналар мен бала арасындағы құқықтық қарым-қатынастары.


Жоспары:

  1. Балаларды тәрбиелеу жөніндегі ата-аналардың құқықтары мен міндеттері туралы негізгі нормативтік құжаттарға сипаттама

  2. Балалардың құқығын қорғау жөніндегі Қазақстан республикасының негізгі нормативтік құжаттарына сипаттама

  3. Қазақстан республикасының отбасы және неке туралы негізгі құжаттарына сипаттама.



Ұсынылатын әдебиеттер:



  1. Педагогикалық ізденіс / Құрастырушы И.Н.Баженова. – Алматы: Рауан, 1990. – 574 б.

  2. Айтмамбетова Б.Р. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. - Алматы, 1991.

  3. Бейсенбаева А.А. Теория и практика гуманизации школьного образования. - Алматы: Ғылым, 1998.

  4. Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии. - М.: Педагогика, 1989.

  5. Бұзаубақова К.Ж. Жаңа педагогикалық технология. - Тараз: ТарМУ, 2003.

  6. Бұзаубақова К.Ж. Ұстаздық шеберлік. – Тараз: ЖК «Байтелиев Е», 2009.-130 бет.



1. Ата-аналар мен бала арасындағы құқықтық қарым-қатынастары.

«Ата-аналар мен балалардың арасындағы құқықтық қатынастар» ата-аналардың және балалардың құқықтары мен міндеттері туындауының негіздері, ата-аналардың және балалардың құқықтары мен міндеттері балалардың заңмен белгіленген тәртіппен куәландырылған белгілі бір әке мен шешеден туатындығы болып табылады.


Алғашқы дәстүрлі және неғұрлым кең тараған тәсіл бір-бірімен некеде тұратын ата-аналардан туған балалардың тегін анықтау болып табылады.
Жалпы ата-аналармен балалардың құқықтары мен міндеттеріне келсек
Балалардың тууы олар ата-аналарының арасында әртүрлі құқықтар мен міндеттер туындауына алып келеді.
Бұл құқықтар мен міндеттер мынадай жағдайларда қолданылады
А) баланың атын, тегін, әкесінің атын және, сондай-ақ оның ұлты мен азаматттығын анықтау кезінде 
Б) балаладың құқықтары мен мүдделерін қорғау кезінде ата-аналардың олардың атынан өкілеттілік алуды жүзеге асырғанында
В) ата-аналар балаларын тәрбиелеу міндетін жүзеге асырғанда
Жаңа Заң баланың, мәселен, мына сияқты құқықтарын реттейді баланың отбасында өмір сүру және тәрбиелену құқығын (52-бап), баланың ата-анасымен және басқа да туыстарымен қарым-қатынас жасау құқығын (53-бап), баланың өз пікірін білдіру құқығын.1
Құқықтық қатынастардың бірқатары баланың ат алуға, әкесінің атын және тегін алу құқығына ие болуына байланысты. Ал баланың құқықтарына келесек,
Баланың отбасында өмір сүру және тәрбиелену құқығы 
1. Он сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған адам бала деп танылады.
Әрбір баланың мүмкін болғанынша отбасында өмір сүруге және тәрбиеленуге құқығы, олардың қамқорлығына құқығы, өзінің мүдделеріне қайшы келетін жағдайларды қоспағанда, олармен бірге тұруға құқығы жоқ.
Баланың өз ата-анасы тәрбиеленуіне, оның мүдделерн қамтамасыз етуіне, жан-жақты өсіп-жетілуіне, оның адамдық қадір-қасиетіне құрметтелуіне құқығы бар.
Ата анасы болмаған жағдайда, оларды ата ана құқығынан айырған жағдайда және ата-ана қамқорлығынан айрылудың басқа да жағдайларында баланың отбасында тәрбиелену құқығын осы Заңның 13-тарауында белгіленген тәртіппен қорғаншы және қамқоршы орган қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан кейін балалар құқығын қорғау саласында глобалдыөзгерістерге жетті. 2002жылы 8 тамызда қабылданған Қазақстан Республикасының балалар құқығы туралы Заңы құқығының дамуына өте орасан зор әсерін тигізді. Бала құқығымен байланысты құқықтық актілер мен нормалар біртұтас жүйелік институтты құрады. Ата-аналар мен балалардың құқықтары мен міндеттерінің туындау негізі.
Ата-аналар мен балалардың арасындағы құқықтық қатынастардың пайда болуының негізгі балалардың белгіленген заң тәртібімен куәландырылған белгілі бір әке мен шешеден туатындығы болып табылады. «Неке және отбасы туралы» Заңда балалардың туу тегін куәландырудың бірнеше әдістері (түрлері) қарастырылған. Алғашқы дәстүрлі және (нәмесе) кең тараған тәсіл бір-бірімен некеде тұратын ата-аналардан туған балалардың тегін анықтау болып табылады. 
«Неке және отбасы туралы» Заңына сәйкес2бір-бірімен некеде тұратын адамдардан туған баланың туу тегі ата-анасының неке туралы жазбасымен куәландырылады. Бұл некеден туған бала азаматтық хал актілерін жазу органында әкесі мен шешесінің біреуі неке туралы куәлігін көрсетіп, өтініш беруі бойынша солардың атына жазылады деген сөз. Некені әйелден туған баласы әкесі сол әйелдің күйеуі болып табылады.
Баланы неке бұзылған, оны жарамсыз деп таныған кезден бастап, немесе бала анасының жұбайы қайтыс болғаннан кейінгі екі жүз жетпіс күн ішінде туған жағдайда, егер өзгеше дәлелденбесе, анасының бұрынғы жұбайы баланың әкесі болып танылады.3 Некесіз туылған баланың тегін куәландыруды реттейтін бұрынғы қолданылып жүрген заңдар іс жүзінде әкелікті белгілеуе қатысты мәселелерді ғана шешіп келген еді. Жаңа заң, сонымен бірге баланың анасы жағынан тегін (анасы болуын) белгілеу тәртібін де негіздеп берді.
«Неке және отбасы туралы» Заңның 46-бабының 1-тармағына сәйкес баланың анасы жағынан тегін ( анасы болуын) ананың медициналық мекемеде туғанын растайтын құжаттар негізінде, ал бала медициналық мекемеден тыс жерде туған жағдайда –медициналық құжаттардың, куәлардың көрсетулерінің немесе өзге де айғақтардың негізінде азаматтық хал актілерін жазу органын белгілейді. Баланың анасы жағынан тегін белгілеу бала некеде тұрған адамдардан туылған жағдай да, немесе ол некесіз туылған жағдайда да қолданылады.
Бала туғанда ата-анасы некеде болмаса , немесе анасы баласының әкесі жұбайы (бұрынғы жұбайы) емес деп мәлімдесе, баланың әкесі жағынан тегін белгілеу мәселесінің шешілуі күрделірек болады.
Балалардың тууы олар ата-аналарының арасында әртүрлі құқықтар мен міндеттер туындауына алып келеді.Бұл құқықтар мен міндеттер мынадай жағдайларда қолданылады
А) баланың атын, тегін, әкесінің атын және, сондай-ақ оның ұлты мен азаматттығын анықтау кезінде 
Б) балаладың құқықтары мен мүдделерін қорғау кезінде ата-аналардың олардың атынан өкілеттілік алуды жүзеге асырғанында
В) ата-аналар балаларын тәрбиелеу міндетін жүзеге асырғанда
Жаңа Заң баланың, мәселен, мына сияқты құқықтарын реттейді баланың отбасында өмір сүру және тәрбиелену құқығын4, баланың ата-анасымен және басқа да туыстарымен қарым-қатынас жасау құқығын5, баланың өз пікірін білдіру құқығын6
Құқықтық қатынастардың бірқатары баланың ат алуға, әкесінің атын және тегін алу құқығына ие болуына байланысты.7 Балаға ата-анасының (немесе олардың орнындағы адамдардың) келісімі бойынша қойылады. Баланың аты-жөні әкесінің аты бойынша не ұлттық дәстүрлер ескеріле отырып беріледі. Некеге отырмаған шешеден туған баланың аты-жөні, егер ата-аналарының бірлескен арызы немесе әкелікті белгілеу жөніндегі сот шешімі болмаған жағдайда анасының көрметуі бойынша анықталады.
Баланың тегі ата-анасының тегімен айқындалады. Егер ата-аналардың тегі ортақ болса, онда сол тек балаға да беріледі.Ал, ата-анасысының тегі әртүрлі болған жағдайда балаға ата-анасының келісімі бойынша әкесінің немесе анасының тегі беріледі. Ата-анасының тілегі бойынша балардың тегі ұлттық дәстүрлер ескеріле отырып, әкесінің немеесе атасының атынан шығарылуы мүмкін. Баланың атына және (немесе) тегіне қатысты ата-ананың арасында туындаған келіспеушілік сот тәртібімен шешіледі.
Егер ата-анасының екеуі де белгісіз болса, баланың тегін, атын, аты-жөнін қорғаншы және қамқоршы орган қояды.
Баланың ұлты ата-анасының ұлтымен айқындалады. Егер ата-анасының ұлты әр тұрлі болса, ол баланың қалауы бойынша оған жеке басының куәлігі берілген кезде әкесінің немесе шешесінің ұлтымен айқындалады. Одан әрі баланың ұлты оның өтініші бойынша басқа ата-анасының ұлтына өзгертілуі мүмкін .Кәмелетке толмаған балалардың құқықтары мен мүддесін қорғау олардың ата-анасының міндетіне жатады.
Ата-аналардың қай-қайсысы да балаларының атынан өкілеттілік алады. Балалардың мүддесін қорғау жөнінде ата-аналардың өкілдігімен9
анықталады. 

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет