Сабақ тақырыбы: «атф-ның құрылысы мен қызметі»



Дата03.12.2023
өлшемі1,5 Mb.
#133829
түріСабақ

Ой қозғау: Шар-стержинді модельдерді қолдану арқылы ДНҚ -ның молекулалық құрылымын құрастырыңыз.

Сұрақ: Тағы да осындай құрылымыды заттар бізге таныс па?


Сабақ тақырыбы:
«АТФ-ның құрылысы мен қызметі »
Оқу мақсаты:
10.1.4.1 АТФ-тың құрылысы мен қызметтерін сипаттау
САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:
АТФ-тың құрылысын моделін құрастыра алады және талдай алады;
АТФ-ның қызметінің маңызын түсінеді;
АТФ - аденозинтрифосфат

«Баспалдақ» Жұптық жұмыс

  • 1- қадам. АТФ-ның құрылысы мен АТФ молекуласының қызметін қысқаша сипаттайтын және мысалдары бар ресурспен танысыңыздар
  • 2-қадам. АТФ-АДФ –АМФ құрылымын модельдеуге және макроэнергиялық байланыстардың түзілу ерекшеліктерін сипаттауға ұсыныс жасаңыз.
  • 3 қадам. АТФ, АДФ,АМФ моделін құрастырып, модельде не бейнеленгені туралы өз ойларыңызды сипаттаңыздар

Жеке жұмыс
Ақпарат көздерін қолданып, АТФ құрылысы мен қызметін көрсететін кластерді құрастырыңыз.
(Қызметін қызыл түспен белгілету)
Бағалау критерийлері:
АТФ-тың құрылысын жазу;
АТФ-тың қызметін;
АТФ, АДФ, АМФ ерекшеліктері

АТФ-ның синтезделуі


Нәтижесінде : энергия бөлінеді. Бөлінген энергия жасуда өтетін түрлі үрдістерде қолданылады.
АТФ энергиясы биосинтезге, қозғалысқа, бөлінуге жұмсалады.

АТФ- ның ағзадағы маңыздылығы


Митохондрияда энергияның өндірілуі.
Тыныс алу үрдісі

Миға шабуыл:

  • АТФ жасушадағы тұрақты энергия көзі. Оның қызметін аккумулятормен салыстыруға болады. Неліктен, түсіндіріңіз.

Жеке жұмыс:

1- тапсырма : Төменде берілген суретті қолданып, АТФ молекуласының құрам -бөліктері мен өзгерістерін 1-5 ке дейінгі сандар бойынша жазыңыз.

2 тапсырма : АТФ-ның жасушадағы қызметіне екі мысал келтіріңіз

Дискриптор

  • І құрылымның атауын дұрыс жазады 1 балл
  • ІІ құрылымның атауын дұрыс жазады 1 балл
  • ІІІ құрылымның атауын дұрыс жазады 1 балл
  • 1- байланысудан пайда болған заттың атын дұрыс жазады 1 балл
  • 2- байланысудан пайда болған заттың атын дұрыс жазады 1 балл
  • 3- байланысудан пайда болған заттың атын дұрыс жазады 1 балл
  • 4- байланысудан пайда болған заттың атын дұрыс жазады 1 балл
  • 5- байланысудан пайда болған заттың атын дұрыс жазады 1 балл
  • АТФ-ның қызметіне мысал келтіре алады 1 балл
  • АТФ-ның қызметіне мысал келтіре алады 1 балл

Қызықты фактілер

  • АТФ туралы қызықты фактілер.
  • Жасушаның жалпы массасының 0,04 % ын АТФ құрайды. Әйтсе де ең маңыздысы бұлшықет жасушаларында олардың 0,2-0,5 % болуында.
  • Әр молекула 1 минут тіршілік етеді.
  • АТФ-ның 1 молекуласы тәулігіне шамамен 2400 рет жаңартылады
  • Тәулігіне адам ағзасы 40 кг АТФ-ын синтездейді және кез келген уақытта АТФ-ның қоры 250 грамм.

Тапсырма

  • АТФ энергиясының жұмсалуымен жүретін үдерістерге мысалдар келтіріңіз және АТФ қызметін сипаттаңыз
  • (АТФ қатысатын реакциялардың анимациясын құрастыруға болады)
  • АТФ-ын ДНҚ және РНҚ –мен салыстырыңыз. Олардың бір-бірінен айырмашылығы мен ұқсастығы неде?

«Бағдаршам» әдісі

Өзара бағалау:

  • «қызыл» - көмек қажет;
  • «сары» - түсінген, дегенмен әлі де сұрақтары бар;
  • «жасыл» - барлығын түсінген.

Рефлексия:
Сөйлемді аяқтаңыз:
“сабақта алынған білім маған ……………………… қажет.
Мен …………………………туралы пайдалы ақпарат алдым.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет