Мұғалім:
Қатынас ыдыстардың қасеттерінің ғылыми ашылуының тарихына қысқаша шолу жасайды.
Оқушылар: негізгі ақпараттарды дәптерлеріне жазып алады.
Мұғалім:
Проблемалық сұрақ қою:
Берілген ыдыстардың қандай ұқсастықтары бар?
Оқушылар: сыныппен талқылай отырып, берілген сұраққа өз ойларымен бөлісе отырып жауап береді.
Мұғалім:
Дұрыс жауап берген оқушыларды мадақтап, қиындық туғызған оқушылардың жауаптарына түзетулер енгізеді.
Мұғалім:
Қатынас ыдыстардың анықтамасын береді.
Оқушылар: негізгі ақпаратты дәптерлеріне жазып алады.
Тәжірибе көрсету.
Мұғалім:
Екі шыны түтікшені алып, резина түтікше арқылы жалғайды. Егер резина түтікшені ортасынан қысып ұстап, бір түтікшеге су құйып, одан кейін резина түтікшені ашып тастаса, не болады?
Оқушылар:
Сыныппен талқылай отырып, өз ойларымен бөліседі.
Мұғалім:
Кез келген пішінді қатынас ыдыстардағы тыныш тұрған біртекті сұйықтың еркін беттері бірдей деңгейде болады.
Оқушылар: негізгі ақпараттарды дәптерлеріне жазып алады.
Мұғалім:
Егер қатынас ыдыстарға тығыздықтары әр түрлі сұйықтықтар құйса, онда сұйықтық деңгейлері қандай болады?
Оқушылар:
Сұйықтық деңгейлері әр түрлі болады.
Мұғалім:
Қысымдары тең болғанда, тығыздығы үлкен сұйық бағанының биіктігі тығыздығы аз сұйық бағанының биіктігінен кем болады.
Оқушылар:
Негізгі ақпаратты дәптерлеріне жазып алады.
Мұғалім:
Оң жақтан және сол жақтан түсетін қысымдардың теңдігі p1 = p2 тепе теңдік шарты болып табылатынын ескерсек, болып шығады. Осыдан,
h1/h2= өрнегін аламыз.
Қатынас ыдыстардағы әртекті сұйық бағандарының биіктігі олардың тығыздықтарына кері пропорционал.
Оқушылар:
Негізгі ақпараттарды дәптерлеріне жазып алады.
Оқушылар:
Қатынас ыдыстардың тұрмыста, техникада қолданысына интернет желісін қолдана отырып, ақпараттар іздестіреді. Негізгі ақпараттарды дәптерлеріне жазып алады.
Оқушылар:
Бекіту тапсырмаларын орындайды. Өзара бағалау.
|