Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
9.3.2.1 Сұрыптау алгоритмдерін қолдану.
Сабақтың мақсаты
Барлық оқушылар: Сұрыптау ұғымымен танысу және сұрыптау алгоритмін құру.
Оқушылардың басым бөлігі: Сұрыптаудың түрлері мен есептерді шешу әдістерін сипаттау.
Кейбір оқушылар:
Сұрыптау алгоритмдерін құру және қолдану.
Сұрыптау ұғымын және негізгі мақсатын атайды.
Сұрыптаудың түрлері мен есептерді шешу әдістерін сипаттай алады.
Сұрыптау алгоритмін құрады және қолданады.
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу. Түсіну, қолдану
Тілдік мақсаттар
Оқушылар: Сұрыптау алгоритмін қолдану туралы түсініктерін қалыптастырады. Негізгі сөздер мен тіркестер. Көбік – Пузырек – Bubbl
Кірістіру – Вставка - Insertion
Таңдау – Выбор - Selection
Жылдам – Быстрый –Quisksort
Талқылауға арналған тармақтар Сұрыптау деген не? Массив элементтерін сұрыптау дегенді қалай түсінесіңдер? Осы тақырыппен байланысты күнделікті тұрмыстан қандай мысалдар келтіре аласыңдар?
Екі өлшемді массивті қолдана отырып, Python программалау тілінде программа құруды.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағыжоспарланғанжаттығутүрлері
Ресурстар
Сабақтың басы
5-10 мин
Ұйымдастыру кезеңі. Бүгінгі күннің және сабақтың сәтті өтуі үшін оқушылар бір-біріне тілек айтады.
Қоржынға салынған «Көпіршікті сұрыптау» және «Жылдам сұрыптау» деп жазылған түрлі-түсті стикерлерге жазылған топ аттарымен оқушылар топқа бөлінеді.
Өткен тақырыпты «Конверттегі сұрақ» әдісін қолдану арқылы еске түсіреді.
«Екі өлшемді массив» терминін қалай түсінеміз?
Екі өлшемді массивті өңдеу мен оны шығару амалдары қандай?
Екі өлшемді массивтің қанша өлшемі бар?
Python программалау тілінде кестені қалай түрлендіруге болады?
Жаңа сабақтың тақырып мазмұнын беру
Оқушыларды сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру
Бүгінгі сабақтың тақырыбы «Сұрыптау».
Жаңа тақырыпты «Джигсо2» әдісімен 2 топқа бөліп, әр топ мүшесі өзіне бөлініп берілген мәтінді оқып, сол мәліметпен басқа топ мүшелерімен бөліседі.
1-топ. «Көпіршікті сұрыптау» тақырыбына түсініктеме беріп, мысалмен түсіндіріп өтеді.
2-топ. «Жылдам сұрыптау» тақырыбына түсініктеме беріп, мысалмен түсіндіріп өтеді.
Дескриптор: