Сабақ тақырыбы: Білім беру жүйесіндегі технологиялардың генезисі мен тарихи дамуы



Дата23.10.2023
өлшемі17,57 Kb.
#120862
түріСабақ

3 практикалық сабақ тақырыбы: Білім беру жүйесіндегі технологиялардың генезисі мен тарихи дамуы
Негізгі сұрақтар, тапсырмалар;

  1. «Педагогикалық жаңалық» ұғымына сипаттама беріңіз.

  2. Педагогикалық технологиялар тарихын айқындаңыз.

  3. Педагогтың шеберлігі неде?

  4. «Педагогикалық жүйе» түсінігін сипаттаңыз.

  5. Педагогикалық технологиялардың даму динамикасын сара лаңыз.

Әдістемелік нұсқаулықтар; Дәріс материалдарын қарап түсіне отырып сұрақтарға жауап беру. Ұсынылған әдебиеттер тізімінен қажетті материалдарды табу. Сұрақтарға байланысты материалдар дайындап, топтық жұмыс жасау.
Әдістері: топпен жұмыстану.
Бағалау критерийлері;

90-100

Практикалық жұмыс туралы кем дегенде 90% - ның жазбаша болуы. Қосымша мәлметтер, дәлелдемелер болу.
Оқытушы мен басқа студенттердің сұрақтарына толық және дұрыс жауап бере алуы, арнайы терминологияны білуі, студент материалды қорытындылай алады, өз тұжырымдарын жасай алады, мысалдар келтіре алады, өз пікірін айта алады.

70-89

Практикалық жұмыс туралы есептердің кем дегенде 70% - ның жазбаша болуы.
Сабақ барысында студент дұрыс, бірақ толық емес жауап береді, мысалдар келтіруде қиналады, студенттің жалпылама пікірі нақты айтылмайды.

50-69

Практикалық жұмыс туралы есептердің кем дегенде 50% - ның жазбаша болуы. Студент ішінара дұрыс жауаптар береді, иллюстрациялық мысалдар келтірмейді, зерттеліп отырған мәселе бойынша өз пікірін қалыптастыра алмайды, қателіктер жібереді немесе толық жауап бере алмайды.

0-49

Практикалық жұмыстар жөнінде есептің болмауы немесе сапасының төмен болуы.
Сабақ барысында студент сұрақтарға жауап бермейді немесе сабаққа мүлде дайын емес.



Әдебиеттер:

  1. Өстеміров К. Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту құралдары. – Алматы, 2007

  2. Жүнісбек Ə. Қазіргі заманғы педагогикалық технология негізі сапалы білім. – //Қазақстан мектебі, №4, 2008.

  3. Чупрасова В. И. Современные технологии в образовании. –Владивосток, 2000.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет