Сабақ Тақырыбы: Биогеоценозға әсер етуші факторлар



Дата14.09.2023
өлшемі17,11 Kb.
#107165
түріСабақ
Байланысты:
практика 1

№ 1 Практикалық сабақ



Тақырыбы: Биогеоценозға әсер етуші факторлар

Сабақтың мақсаты – абиотикалық, биотикалық және антропогендік факторларға адамның биоценоздарға әсерін саралау.


Практикалық сабақ жоспары:
1. Абиотикалық факторларына (абиогендер): 1) климаттық – жарық, жылу, ылғалдылық, су, ауа; 2) эдафикалық – жер бетінде тіршілік ететін ағзалар ҥшін – топырақ, су ағзалары; 3) бедер факторлары) сипаттама беру;
2. Биотикалық факторлар (биогендер): 1) өсімдіктердің жануарларға әсері; 2) жануарлардың өсімдікке әсерін анықтау;
3. Антропогендік факторларға адамның биоценоздарға әсерін саралау, мысалдар келтіру.

Тест
1. Биогеография ұғымының мағынасы:


А) Өсімдіктер және жануарлар дүниесінің жер шарының әр түрлі бөліктерінде таралуын зерттейді
В) Қоршаған ортадағы жануарлар мен өсімдіктердің тіршілік етуін зерттейді
С) Фауна мен флораның жиынтығын зерттейді
D) Жануалар дүниесінің таралуын зерттейді
Е) Өсімдіктер дүниесінің таралуын зерттейді


2. Биотаға әсер ететін факторлар:
А) Антропогендік, биотикалық
В) Абиотикалық, биотикалық, антропогендік
С) Антропогендік
D) Климаттық
Е) Климаттық, биотикалық


3. Биосферадағы тірі организмдердің энергетикалық қызметін атқарады:
А) Күн энергиясы
В) Тірі организмдер
С) Өлі табиғат
D) Өсімдік дүниесі
Е) Биокосты заттар


4. Абиотикалық факторларға жатады:
А) Атмосфералық
В) Зоогенді
С) Фитогенді
D) Биологиялық
Е) Ағзалық


5. Биотикалық факторларға не жатады:
А) Ылғалдық
В) Радиация
С) Температура
D) Тірі ағзалар
Е) Қысым


6. Күн сәулесінің әсерінен өсімдіктер жапырағында мына процесс жүреді:
А) Органикалық заттардың ыдырауы
В) Тыныс алуы
С) Фотосинтез
D) Белоктың синтезделуі
Е) Мутация


7. Өңдірушілер дегеніміз:
А) Продуценттер
В) Бірінші реттік консумент
С) Екінші реттік консумент
D) Жыртқыштар мен паразиттер
Е) Редуценттер


8. Талап етушілер дегеніміз:
А) Бірінші реттік консумент
В) Продуценттер
С) Консумент
D) Жыртқыштар мен паразиттер
Е) Редуценттер


9. Ыдыратушылар немесе қалпына келтірушілір дегеніміз:
А) Екінші реттік консумент
В) Продуценттер
С) Бірінші реттік консумент
D) Жыртқыштар мен паразиттер
Е) Редуценттер


10.Тіршілік ортасы:
А) Биотоп;
В) Экожүйе;
С) Биота;
Д) Биоценоз;
Е) Флора.

Бақылау сұрақтары


1. Биогеография ғылымының мақсат-міндеттері қандай?


2. Абиотикалық факторлар дегеніміз не?
3. Жануарлар мен өсімдіктерге климаттық факторлардың әсері қандай?
4. Биогендер дегеніміз не? «Өсімдіктердің жануарларға әсері» және «жануарлардың өсімдікке әсері» дегенді қалай түсінесіз?
5. Антропогендік факторларға адамның биоценоздарға әсері қандай?

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет