Сабақ тақырыбы: Ежелгі Қытай ойшылдары нені үйретті? Дүние жүзі тарихы



Дата14.01.2023
өлшемі0,5 Mb.
#61295
түріСабақ

Бөлім тақырыбы: Ежелгі Қытай Сабақ тақырыбы: Ежелгі Қытай ойшылдары нені үйретті?


Дүние жүзі тарихы
5-сынып
Оқу мақсаты:
5.2.3.1 – ежелгі философтардың көзқарастарына қарапайым түсіндірме беру;

Бағалау критерийлері:
  • Конфуцийшілдік пен даосизмді бір-бірінен ажырата алады.
  • «Легизм» ұғымына түсіндірме бере алады

Конфуций – ежелгі қытай данышпаны.
Б.з.б. 551-479 жж өмір сүрген.
«Тек қана отбасыда емес, сонымен бірге бүкіл мемлекетте де үлкендер мен кішілердің арасындағы қатынастарда тәртіп сақталу керек.
Кішілер үлкендерді құрметтейді, балалар ата-аналарын сыйлайды»
  • Салт-дәстүрлерді және қоғамдағы қалыптасқан тәртіптерді сақтау;
  • Ескіні құрметтеу;
  • Ежелгі даналыққа тартылу;
  • Үлкендерді құрметтеу және сыйлау
  • Жақсы әдеп – тәрбиелі адамның белгісі
  • Барлық жерде тәртіп болу керек
  • Дана басшы, салт-дәстүрлер мен және әдет-ғұрыптарға сүйене келе, барлық жерде үлгі бола алады, ол қатыгездікке бармайды
  • Халық басшыны әкесіндей сыйлау керек, ал басшы – халқын өз баласындай көру керек.
  • Адамдарды мынадай қарапайым ережелерді ұстануға шақырды: «Билеуші – билеуші, ал азамат – азамат, әкесі – әке, ал баласы – бала болуы керек»

«Әңгімелер мен пікірлер»
Лао-цзыежелгі қытай философы, б.з.д VI–V ғғ өмір сүрген. Лао-цзы адам мен табиғатты үйлесімділігін насихаттайды. Оның ілімі даосизм деп аталады. «Дао» - «жол», яғни «табиғат заңдарын сақтау» деген мағынаны білдіреді.
Данышпандық - басқа адамдарды түсіну, ал білімпаздық дегеніміз ол адамның өзін-өзі түсінуі. Өзгелердің алдында жеңісті ұстай білу ол батырлық, ал өзін жеңе білген адам - құдіретті.
Егер сен үйлесімді болсаң онда сен бай адамсың. Басқа адамдарға әсер ету ол өзінің ғана қамын ойлайтындықты білдіреді. Өзін-өзі тану және өзін-өзі реттеу - ол өте маңызды.
Күшті басқа біреулерді бақылау үшін қолдану арқылы баю ол дұрыс емес.
Лао-Цзыдың пікірі бойынша құдірет, байлық, билік дегенміз не?
«Жол мен игілік туралы кітабы» 
Лао-Цзының нақыл сөздері
  • Адамның өзі өткен жолының ізімен жүрмегенше сынға алма;

  • 2. Кім өз алақанына жақсылық толтырады, сол адам өз жүрегін де жақсылыққа толтырады;
    3. Дүниеде судан нәзік және сұйық ештеңе де жоқ, бірақ су ең берік затты да бұза алады;
    4. Көп білемін деп кеуде соққан адамдар әдетте нәтижеге жете алмайды;
    5. Шабуылдаған жеңіске жетпейді;
    6. Жауын жеңген – батыр. Өзін жеңген – ер.
    7. Ақылды адам күн сайын өзін біліммен жетілдіреді. Ал данышпан күн сайын артығын өшіреді.

Легизм б.з.б. IV-III ғасырларда Қытайда қалыптасқан философиялық ілім. Оның негізін қалаушылардың бірі – Шан Ян.
Барлық адамдар император мен заңдарға бағынуы тиіс. Мінсіз қоғамға қол жеткізу үшін ортақ заң орнатып, қоғамдағы өзін-өзі басқару жүйесін жою қажет. Заң бұзушылық қатаң түрде айыпталып, жазаға тартылуы қажет.
Халық биліктен қуатты болған жағдайда – мемлекет әлсіз болады, ал билік халықтан қуатты болса – онда әскері мықты болады.
№ 1-тапсырма: Суреттердің мәнін ашып әңгімелеңіз
Бұл суреттерді Конфуций ілімімен қалай байланыстыруға болады?
Үлкендерді құметтеу, сыйлау, үлкен кіші арасындағы қатынаста тәртіптің сақталуы, жақсы әдеп
№ 2-тапсырма: Ақпараттың ақиқат/жалған екенін анықтаңыз

Ақпарат

Ақиқат

Жалған

1. Ежелгі Қытай данышпаны Конфуций б.з.д. VI-V ғасырларда өмір сүрген

2. Конфуций мінсіз қоғамдағы адамның мінез-құлық ережесін жасады

3. Даосизм б.з.б. IV-III ғасырларда Ежелгі Қытайда қалыптасқан философиялық ілім

4. Даосизм ілімінің негізін қалаушы Қытай ойшылы Шан Ян болды

5. Легизм ілімі бойынша барлық адамдар император мен заңдарға бағынуы тиіс


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет