Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
Сақталу заңдары
|
Мектеп: Алматы қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі
|
|
|
Күні:4-6,03.2019 ж.
|
Мұғалімнің аты-жөні: Каримов С.А. бірігіп жоспарлау: Наушабеков Ж.А.,
|
|
|
Сынып: 9
|
Қатысқандар саны:
|
|
|
Қатыспағандар саны:
|
|
|
Сабақ тақырыбы
|
Есептер шығару.
|
|
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
9.2.5.8 - гармониялық тербелістер кезіндегі координатаның, жылдамдық пен үдеудің өзгеруін график бойынша сипаттай білу;
- Математикалық маятник көмегімен еркін түсу үдеуін анықтау
|
|
|
Кәсіби даму мақсаты
|
Саралап оқыту арқылы оқушылардың ойлау қабілетін арттыру
|
|
|
Сабақ мақсаттары
|
- Гармониялық тербеліс кезіндегі энергияның түрленуін түсіндіру;
-Гармониялық тербеліс кезіндегі энергияның түрленуін күнделікті тұрмыста және формулаларын есептер шығаруда қолдана білуін дамыту;
- Математикалық және серіппелі маятниктердің тербелістері жайлы мағлұмат беру
-Математикалық және серіппелі маятниктердің тербелістерін күнделікті тұрмыста және формулаларын есептер шығаруда қолдана білуге үйрету;
|
|
|
Жетістік критерийлері
|
- x=xmaxsinωt гармониялық тербелістер теңдеуін қолданады
-Гармониялық тербеліс кезіндегі энергияның түрленуін күнделікті тұрмыста және формулаларын есептер шығаруда қолдана білуге үйренеді
-Математикалық және серіппелі маятниктерді айырмашылығы мен тәуелділік шамаларын сипаттай алады;;
-Математикалық және серіппелі маятниктердің тербелістерін күнделікті тұрмыста және формулаларын есептер шығаруда қолдана біледі;
|
|
|
Тілдік мақсаттар
|
Физикалық терминдердің дұрыс қолданылуына мән беру. Мысалы,
Қазақша
|
In English
|
На русском языке
|
Период
|
Рeriod
|
Период
|
Жиілік
|
Frequency
|
Частота
|
Энергия
|
Energy
|
Энергия
|
Үдеу
|
Acceleration
|
Ускорения
|
Амплитуда
|
Amplitude
|
Амплитуда
|
Жылдамдық
|
Speed
|
Скорость
|
Масса
|
Weight
|
Масса
|
Жіптің ұзындығы
|
Length of the filament
|
Длина нити
|
Серіппе қатаңдығы
|
Spring stiffness
|
Жесткость пружины
|
Тербеліс
|
Vibration
|
Колебания
|
|
|
|
Құндылықтарды дарыту
|
Құндылықтарды дарыту арқылы оқушылардың бойында ұйымшылдық, ынтымақтастық, құрмет сезімдерін сіңіру.
|
|
|
Пәнаралық байланыстар
|
Есеп шығару барысында математика пәнімен, тербелістерге мысал ретінде жүрек соғысын келтіре отырып, биология пәнімен байланыс орнату.
|
|
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Интерактивті тақта құралдарын сабақты түсіндіру барысында пайдалану.
|
|
|
Бастапқы білім
|
Механикалық энергия түрлерімен таныс. Энергияның сақталу заңын біледі.
|
|
|
Сабақ барысы
|
|
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
|
|
Сабақтың басы
0-5 мин
|
Оқушыларға «Миға шабуыл» әдісімен түрткі сұрақтар қою арқылы алдыңғы алған білімдерімен байланыстыра отырып жаңа тақырыпты ашатындай әрекеттер жасау.
Дене қозғалысы толығымен қайталанып отыратын ең аз уақыт аралығы
Бірлік уақыт ішіндегі тербелістер саны
Дененің тепе-теңдік күйінен ең үлкен ығысуының мәні
Дене тепе-теңдік күйінен шығарылғаннан соң сыртқы күштің әрекетінсіз болатын тербелістер
Сыртқы периодты күштің әрекетінен болатын тербелістер
Автотербелістер дегеніміз не? Мысал келтір.
Еркін және еріксіз тербелсі дегеніміз не? Мысал келтір.
Серіппеде тербеліп тұрған жүк 6 с ішінде 30 тербеліс жасады. Тербелістің периодын және жиілігін тап
Гармоникалық тербеліс теңдеуін түсіндір.
Гармоникалық тербелістің синусойдалы болуы неліктен?
Гармоникалық тербелістің косиунсойдалы болуы неліктен?
Циклдік жиіліктің өлшем бірлігі қандай?
Күнделікті өмірде қарапайым гармониялық тербеліс кезіндегі энергияның түрленуіне мысал болатын мәселелерді қарастыру.
|
Аузыша сұрақтар қоямын
|
|
|
Сабақтың ортасы
5- 15 мин
15- 20 мин
20 -25 мин
25- 35 мин
35 – 40 мин
40- 65 мин
65-75 мин
|
Гармоникалық тербелістерге есептер шығару.
1-тапсырма. Топтық жұмыс «Джигсо» әдісін қолданамыз, ол үшін оқушыларды 3 топқа бөлеміз.
Топ.
Вертикаль серіппеге ілінген дене тербелмелі қозғалыс жасайды. 1-суретте дененің ығысуының уақытқа тәуелді графигі көрсетілген.
1- сурет
а) 1.суретті пайдаланып тербеліс амплитудасы мен тербеліс жиілігін және периодын анықтаңыз.
б) Координата теңдеуін жазыңыз
с) жылдамдық теңдеуін жазыңыз
Топ
1- сурет
а) 1.суретті пайдаланып тербеліс амплитудасы мен тербеліс жиілігін және периодын анықтаңыз.
б) Координата теңдеуін жазыңыз
с) жылдамдық теңдеуін жазыңыз
Топ
1- сурет
а) 1.суретті пайдаланып тербеліс амплитудасы мен тербеліс жиілігін және периодын анықтаңыз.
б) Координата теңдеуін жазыңыз
с) жылдамдық теңдеуін жазыңыз
Топтар өз жұмыстарын басқа топқа барып түсіндіреді.
Бағалау_критерийлері__Тапсырма_№__Дескриптор'>Бағалау критерийлері
|
Тапсырма №
|
Дескриптор
|
Балл
|
Оқушы
|
Тербелмелі қозғалыстың сипаттамаларын анықтайды
|
а
|
График арқылы амплитуданы анықтайды
|
1
|
График арқылы периодты анықтайды
|
1
|
жиілікті есептейді
|
1
|
x=xmaxsinωt гармониялық тербелістер теңдеуін қолданады
|
б,с
|
График бойынша циклдік жиілікті анықтайды
|
1
|
Тербеліс теңдеуін жазады
|
1
|
Жылдамдық теңдеуін жазады
|
1
|
Бағалау: оқушылар келтірілген дескрипторды қолданып, бір топ екінші топты бағалайды
Саралау: Егер оқушылар арасында тапсырманы уақытынан бұрын дұрыс әрі тез орындайтын оқушылар болса, онда ол оқушыларға қосымша тапсырма беремін.
Қосымша тапсырма: Жылдамдық теңдеуін қолданып, жылдамдықтың уақытқа тәуелділік графигін тұрғызыңыз.
Кері байланыс: Оқушыларға кері байланыс беремін
2- тапсырма. Жеке жұмыс
2. суретте келтірілген график бойынша:
2. сурет
(а) Циклдік жиілігін анықтаңыз.
(b) x=x(t) тәуелділігінің теңдеуін жазыңыз.
(с) және рад фазалар кезіндегі тербелетін нүктенің ығысуын табыңыз.
(d) уақытты санай бастаған мезеттен бастап 0,1 және 0,15 с өткеннен кейінгі ығысуды табыңыз.
x=xmaxsinωt гармониялық тербелістер теңдеуін қолданады
|
2
|
График бойынша циклдік жиілікті анықтайды
|
1
|
Тербеліс теңдеуін жазады
|
1
|
Көрсетілген фазаларға сәйкес ығысуды табады
|
1
|
Көрсетілген уақытқа сәйкес ығысуды табады
|
1
|
Оқушылар оқушылар өз көршілерімен жұмыстарын ауыстырып, дескриптор бойынша бірін-бірі бағалайды.
Кері байланыс: Оқушыларға кері байланыс беремін
Зертханалық жұмыс. Математикалық маятник көмегімен еркін түсу үдеуін анықтау (Альтернативті жұмыс)
Қарапайым математикалық маятниктің периоды оның ұзындығынан тәуелділігін оқып үйрену.
Кестеге ұзындығы маятник үшін 10 тербелістің уақытыy жазыңыз. Маятниктің периодын анықтаңдар. Төмендегі өрнекте период пен жіптің ұзындығының тәуелділігі көрсетілген
Мұндағы g еркін түсу үдеуі.
Графикте х осіне Т 2 , ал у осіне жазыңдар. Градиентті g арқылы өрнектеңдер.
градиент = ................................................. [1]
мен t мәндері кестеде келтірілген. Т мен Т 2 мәндерін есептеп, кестеге жазыңдар.
60.0
|
|
|
|
55.0
|
|
|
|
50.0
|
|
|
|
45.0
|
|
|
|
40.0
|
|
|
|
35.0
|
|
|
|
(i) Графикте T 2 / с2 және / см екенін көрсетіңдер.
(ii) Өз графиктеріңе сәйкес түзу сызық сызыңдар.
(iii) Ең жуық сәйкес келетін сызықтың градиентін анықтаңдар. Қажетті мəліметтерді қалай алғаныңызды графикте көрсетіңдер.
Градиент = ................................................. [2]
d) c) (ііі)- дағы жауаптарыңды қолдана отырып, g мәнін анықтаңдар.
g = ................................................. [3]
d)-дағы жауаптарыңды қолдана отырып, период 1 сек болу үшін қажет мәнін анықтаңдар.
= ............................................ cм [2]
Зертханалық жұмысқа қорытынды жасау: оқушылар жұмысты жақсарту жолдарын ұсынады.
Кері байланыс беремін
|
Үлестірмелі материал
Үлестірмелі материал
Үлестірмелі материал
Зертханалық жұмыс парағы
|
|
|
Сабақтың соңы
5мин
|
Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:
- нені білемін
- нені үйрендім
- нені білгім келеді
Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір критерийлер бойынша бағалай алады
|
Жетістік критерийлері
|
|
|
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлапотырсыз?
|
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
|
|
Барлық оқушылар: Гармониялық тербеліс кезіндегі энергияның түрленуіне бірнеше мысалдар келтіре алады.
Көпшілік оқушылар: Математикалық және серіппелі маятниктерді ажырата алады.
Кейбір оқушылар: Математикалық және серіппелі маятниктерді пайдаланып, тәжірибе жүзінде, периоды мен жиілігін анықтап, формуласын қорытып бере алады.
|
Түрткі сұрақтар қою арқылы бағалау;
Топтық жұмыстар жасау барысында өзара бағалау ;
Эксперименттік жұмысты бағалау;
|
Физика кабинетіндегі қауіпсіздік техника ережелерінің түсіндірме жұмыстарын жүргізу; «Сергіту сәтінде» оқушылардың қауіпсіздігі мақсатында олардың арақашықтықтарына көңіл бөлу.
|
|