Сабақ тақырыбы: ііі-іү сыныптарда жұмыс істеудің әдісі, мазмұны Дәріс мазмұны



бет1/3
Дата06.06.2023
өлшемі34,95 Kb.
#99035
түріСабақ
  1   2   3

С.Аманжолов атындағы ШҚУ Жоғары колледжі
Пән: Жаратылыстану және дүниетануды оқыту әдістемесі
Топ: НО2Б (9) Күні 02.05.2023 жыл Уақыты: 11.05-12.25
Пән оқытушысы: Мусабаева Гүлзада Виталийқызы
Сабақ тақырыбы:
ІІІ-ІҮ сыныптарда жұмыс істеудің әдісі, мазмұны
Дәріс мазмұны (дәріс бойынша конспект жазу)
Қарастыратын сұрақтар:

  1. Жаратылыстану пәнінің маңыздылығы және оның мақсат-міндеттері.

  2. Бастауыш сыныпта жаратылыстану пәнінің оқытудың ерекшеліктері




  1. Жаратылыстану пәні және оның мақсат-міндеттері.

Бастауыш мектепте «Жаратылыстану» пәнін оқу оқушылардың табиғи білім құмарлығының дамуына, әлем жайлы ой-өрісінің кеңеюіне, ғылымды түсінудің және қоршаған ортаны тұтастай қабылдауының дамуына, қоршаған ортаны қорғау және бағалай білу біліктерінің дамуына көмектеседі.
«Жаратылыстану» пәнін оқу және меңгеру келесілерді түсінуге мүмкіндік береді:
1) қоршаған әлемнің күрделілігі мен көп қырлылығын, сондай-ақ табиғи құбылыстар мен үдерістердің өзара байланысын;
2) өлі және тірі табиғатта болып жатқан кейбір табиғи құбылыстар мен үдерістердің себептерін;
3) жаратылыстану ғылымы бойынша білімнің адамның көптеген іс-әрекет түрлері үшін маңыздылығын;
4) пәнді оқу қоршаған ортаның түрлі құбылыстары мен нысандары жайлы білімнің жинақталуына және күнделікті өмірде алуан түрлі практикалық және зерттеу әрекеттері арқылы алынған білімнің байланысын түсінудің қалыптасуына көмектеседі.
 Жаратылыстану пәнінің мақсаты — «Биология», «География», «Химия», «Физика» пәндерін негізгі мектепте оқытудың негізін қалауға, алған білімдерін күнделікті өмірде (үйде, мектепте, табиғат әлемінде) кездесетін табиғат құбылыстары мен үдерістерімен жұмыс істеуі туралы ақпаратты жинақтау, өңдеу, талдау және сақтау жүйесі.
Жаратылыстану пәнінің міндеттері:
1) өлі және тірі табиғаттағы үдерістердің сипатын, экожүйе компоненттерінің өзара байланысын, адам әрекетінің қоршаған тигізетін әсерін анықтауға көмектесетін қарапайым эксперименттер мен бақылаулар жүргізу;
2) гипотеза құру және оларды тексерудің жолдарын ұсыну, эксперимент арқылы алынған нәтижелер негізінде қорытынды жасау;
3) мәселені анықтау, сұрақтарды дұрыс құру, зерттеу жұмысының жоспарын құру, бақылау, эксперимент жүргізу, зерттеу жұмысының нәтижесін бағалау және сипаттау, пайымдау, қорытынды шығару;
4) БАҚ хабарламалары мазмұнындағы, Интернет ресурстарындағы, ғылыми-көпшілік әдебиеттердегі ғылыми ақпараттармен жұмыс: іздеу әдістерін игеру, ақпараттың мағыналық негізін айрықшалау және ақпараттың растығын бағалау;
5) өзіндік қарапайым зерттеулердің қорытындыларын түрлі формада ұсыну;
6) жаратылыстану ғылымы саласындағы маңызды жетістіктердің қолданбалы мәнін түсіндіру.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет