Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 11.1A бөлім - Жасанды интеллект
|
Мектеп:
|
Күні:
Сынып:
|
Мұғалімнің аты-жөні:
Қатысқандар саны:
|
Сабақ тақырыбы
|
Жасанды интеллекті жобалау
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
|
11.3.4.4 жасанды интеллектіні әзірлеуде «мұғаліммен оқыту» әдісін қолдану ауқымын сипаттау
|
Сабақ мақсаттары
|
«Мұғаліммен оқыту» әдісін жіктеу
Электронды кестеде ЖИ құру
|
Бағалау критерийлері
|
«Мұғаліммен оқыту» әдісін жіктейді
Электронды кестеде ЖИ құрады
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар:
жасанды интеллект жасау кезінде "мұғаліммен оқыту" әдісін қолдану аясын сипаттай алады;
машиналық оқыту мұғаліммен және мұғалімсіз оқыту әдістерінің айырмашылықтарын түсіндіре алады.
Пәндік лексика және терминология:
Жасанды интеллект, зияткерлік жүйе, машиналық оқыту, мұғаліммен оқыту, мұғалімсіз оқыту, мұғалімнің ішінара қатысуымен оқыту, нығайтумен оқыту, нейрондық желі, нейрон, синапс;
Диалог құруға/жазылымға қажетті сөздер:
Жасанды интеллекттің негізгі бағыттарына жатады …
Білім беруде (экономикада, өнеркәсіпте, ойын индустриясында) жасанды интеллектті қолданудың мысалы деп ... санауға болады
Оқыту процесі … тұрады
Машиналық оқытудың төрт негізгі тәсілі… бар
|
Құндылықтарды дарыту
|
Жұпта, сыныпта жұмыс кезінде бірін бірі тыңдайды, сыйластық ортасын құрады
|
Пәнаралық байланыстар
|
Физика, математика
|
Бастапқы білім
|
Жасанды интеллект ұғымы, нейрондық желілер
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
7 мин
|
Сәлемдесу. Сыныпқа жағымды ахуал орнату. Сыныпты түгелдеп, электронды журналды толтыру.
Оқушыларды сергіту сәті.
1. Алған білімді белсендіру
Мұғалім оқушыларға сұрақтар таратады. Оқушылар алған сұрағына дайындалады және кім жауап беретінін таңдайды. Кезекпен бір біріне сұрақ қояды және жауабын толықтырады.
Оқушылармен сабақ тақырыбы мен күтілетін нәтижені талқылау.
|
Интербелсенді тақта немесе компьютер
Қосымша 1
|
Сабақтың ортасы
10 мин
20 мин
|
2. Жаңа тақырып. Зерттеу жұмысы. Жеке жұмыс.
Оқушылар «Мұғаліммен оқыту» әдісінің түрлерін зерттейді
Кестені толтырады.
3. Бірін бірі оқыту. Топтық жұмыс.
Оқушылар «Джигсо» әдісі бойынша бірін бірі оқытады. Зерттеу жұмысының нәтижесімен бөліседі
Дискриптор:
- «Мұғаліммен оқыту» әдісінің «классификация» түрін біледі;
- «Мұғаліммен оқыту» әдісінің «регрессия» түрін біледі;
Дифференциация: Мұғалімнің көмегін қажет ететін оқушыға қолдау көрсету. Оқушылардың бір-біріне қолдау көрсетуі.
Бағалау: Бірін бірі бағалау.
4. Тәжірибелік жұмыс. Жеке жұмыс.
Excel кестелік редакторында ЖИ құру.
А деңгейі.
Үлгі ретінде, фермер туралы тапсырманы пайдаланып, фермер өсіретін тағы бір дақылды қосып, шешім ағашын құрыңыз. Бағаның өзгеруі ықтималдығы және пайда өз бетінше таңдаңыз.
В деңгейі
Келесі есепті шешу үшін шешім ағашын салыңыз: инвестициялық жобадағы үлесті (акциялар пакетін) сатып алу жобасы қарастырылады. Пакет 7 млн. теңгеден тұрады, және жоба аяқталған соң 12 млн. теңге табыс әкелетіндігіне 0,6 немесе ешқандай табыс болмайтындығына 0,4 ықтималдығы бар. Біраз уақыттан кейін осы жобаның табыс туралы аналитикалық болжамы жарияланатын болады. Болжам 0,7 ықтималдығымен дұрыс, яғни 0,7 шартты ықтималдылыққа тең. Алайда, оң болжам болған жағдайда пакет 10,6 млн. - ға дейін тудырады, ал теріс болжам болған жағдайда 3,4 млн. - ға дейін арзандайды. Саясат стратегиясын жасау қажет: үлесті (акциялар пакетін) сатып алу немесе болжауды күту, сонымен қатар, болжаудың нәтижесіне қарай сауданы жүргізудің қажеттілігін анықтау.
С деңгейі.
Сіз жарнама компаниясында жұмыс істейсіз. Сізде клиенттер, жасы, табысы, клиенттердің белгілі бір тобына жататын деректер бар. Бірінші санатты клиенттер үшін сізде бір жарнамалық ұсыныс бар, екінші санатты клиенттер үшін - басқасы. Сізде жаңа клиенттердің деректері бар. Оларға қандай ұсынысты жіберу керек екенін анықтау қажет.
«Клиенттер» оқыту таңдауын пайдалана отырып:
| |
Достарыңызбен бөлісу: |