Сабақ Тақырыбы: Күрделі нәруыздар: құрылысы, өкілдері. Осы сабақтың соңында студент қабілетті болады



Дата21.09.2023
өлшемі16,46 Kb.
#109485
түріСабақ

2 САБАҚ
Тақырыбы: Күрделі нәруыздар: құрылысы, өкілдері.
Осы сабақтың соңында студент қабілетті болады:
1. Күрделі белоктардың жекелеген өкілдерінің: гликопротеиндер, хромопротеиндер және нуклеопротеиндер құрылысы мен рөлін сипаттау

  1. Биохимия бойынша басқа тақырыптарды зерттеу кезінде күрделі ақуыздардың құрылысы мен рөлі туралы білімді қолдануға;

  2. Күрделі белоктардың және олардың простетикалық топтарының жекелеген өкілдерінің мәнін сипаттауға.

Әдебиеттер, соның ішінде электронды қор:
Міндетті:
1. Биохимия: Оқулық Е.С. Северин ред. (қазақ тіліне аударған және жауапты редакторы А.Ж.Сейтембетова), Мәскеу, 2014. – 9-18 б., 18-33, 53-56, 648-661, 673-678 б.
2. Harvey, A.Richard Biochemistry [Текст] / Lippincott’s illustrated Reviews.- Sixth edition.- New Delhi, Philadelphia, Wolters Kluwer Health, 2014.-1-9 p., 13-21p., 43-49 p.
Сабаққа дайындалуға арналған сұрақтар:
Сабаққа дайындалуға арналған сұрақтар:
1)Гликопротеиндердің құрылысы туралы түсінік. Гликопротеиндердің жіктелуі. Нағыз гликопротеиндердің протеогликандардан айырмашылықтары.
2)Нағыз гликопротеиндердің құрылысы, олардың химиялық қасиеттері, өкілдері, маңызы.
3)Протеогликандар, құрамы, құрылысы, өкілдері.
4)Гиалурон қышқылының құрылысы және ролі. Мукополисахаридоздар.
5) Хондроитинсульфаттың құрылысы және ролі.
6)Гепариннің құрылысы және ролі.
7)Хромопротеиндер – құрылысының жалпы жоспары, жіктелуі.
8)Гемоглобин-құрылысы және ролі
9)Миоглобин-құрылысы және ролі.
10) Нуклеопротеиндердің құрылысы (тақтаға нуклеопротеиндердің гидролиз схемасын сызу).
11) ДНҚ, маңызы. Чаргафф ережесі.
а) ДНҚ молекуласының біріншілік құрылымы, құрылымды тұрақтандыратын байланыс түрі, ДНҚ-ның құрамына кіретін 2 нуклеотидті өзара байланыстырып, көрсетіңіз;
б) ДНҚ молекуласының екіншілік құрылымы, құрылымды тұрақтандыратын байланыс түрі;
в) ДНҚ молекуласының үшінші реттік құрылымы, осы құрылымды реттейтін гистон түрлері;
г) ДНҚ молекуласының төртінші реттік құрылымы.
12) РНҚ, ДНҚ мен РНҚ-ның айырмашылықтары, РНҚ түрлері, бір-бірінен айырмашылықтары. РНҚ құрамына кіретін динуклеотид жазу.
13) м-РНҚ, құрылымы. Генетикалық кодтың сипаттамасы.
14) т-РНҚ, құрылымдары, активті бөліктері, т-РНҚ-ның маңызы;
15) р-РНҚ, құрылысы. Рибосомалардың, полисомалардың түзілуі.
Сабақты өткізу форматы:
1)Тәжірибелік сабақта бастапқы білім деңгейін тексеру үшін жазбаша бақылау билеттер арқылы жүзеге асырылады.
2)Ауызша бақылау сабаққа дайындалуға арналған сұрақтар бойынша жүргізіледі
Сабақты бақылау: бағаланатын оқыту нәтижелері – білім.
ОСӨЖ тапсырмалары: Тестке жауап беру
СОӨЖ бақылау: СОӨЖ бойынша сұрақтар ағымдағы (бағдарламаланған) және аралық бақылаулардың сұрақтарына енгізілген (сұрақтар тізімі әдістемелік нұсқауларда берілген) және тапсырмалардың орындалуын тексеру.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет