Сабақ тақырыбы Өзіңді тексер Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары



Дата22.12.2022
өлшемі31,08 Kb.
#59127
түріСабақ




Пән: Әдебиеттік оқу

Мектеп: 40

Күні: 21.10

Мұғалімнің аты-жөні: Сидагалиева.Г

Сынып: 4-сынып

Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Өзіңді тексер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.2.2.1 Шығарманы қайта құруға, интерпретациялауға және
бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Тарау бойынша білімін тексеріп, бағалай алады. Өткен сабақтарды қайталап, есіне түсіреді.
Көптеген оқушылар: Өткен тақырып бойынша сұрақтарға жауап
беру арқылы білімдерін тиянақтай алады.
Кейбір оқушылар: Өткен тақырып бойынша жабық сұрақтар
құрастыра алады.

Жетістік критерийлері

  • Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен мəтіндегі негізгі ойды анықтай алады.

  • Берілген тақырып бойынша өз көзқарасын білдіріп, ой қорыту жасай

  • алады.

  • Оқу мақсатына сәйкес дауыстап, түсініп, іштей, мәнерлеп, сын тұрғысынан бағалап, көз жүгіртіп оқу дағдылары жетілдіріледі.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңі

Педагог әрекеті

Оқушы әрекеті

Бағалау

Ресрус

Сабақтың басы
5 мин

Жаңа топ құру
Психологиялық ахуал қалыптастыру.
«Өз күлкіңмен бөліс!» жылулық шеңбер
Балалар шеңбер құрып тұрады,бір-біріне жылы сөздер айтып,әдемі күлкілерін сыйлайды.педагог үй жануарларын атап шығуды және неліктен үй жануарлары деп аталатынын естеріне түсіруін сұрайды.

Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!

Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)







Сабақтың ортасы
35 мин

- Оқушылар, бүгінгі сабақ «Арман аспанын безіндіру» деп
аталады. Сендер әр тапсырмаға әдемі ақ бұлттарды алып, мына
тақта-аспанымызға жабыстырасыздар. Сабақ соңында мен
сендерге арманның орындалу құпиясын айтып беремін. Олай
болса, іске сәт!
Бір тапсырмаға бірнеше жауап қабылданады.



(ЖЖ) 1-бұлт тапсырмасы: Бөлімде танысқан құндылықтарды
атап шығыңдар. Топ ішінде құндылықтардың адам өміріндегі
маңызын түсіндіріп айтыңдар.
ҚБ: Дұрыс жауапты ақ бұлтшалар арқылы бағалау
2-бұлт тапсырмасы: «Ғажайып бақ» ертегісіндегі кейіпкерлерді
естеріңе түсіріп, олардың адами жақсы қасиеттерін атаңдар.
3-бұлт тапсырмасы: Қазақ әліпбиінің тарихы туралы не
білдіңдер?
ҚБ: Дұрыс жауапты ақ бұлтшалар арқылы бағалау
4-бұлт тапсырмасы: Көп нүктенің орнына қажетті сөзді жаз.
Үлкенге – ... (көмек, құрмет)
... белгісі – иіліп сәлем бергені ( әдемілік, әдептілік )

Оқушыларды ынталандыру мақсатында, оқушының сабаққа қатысу белсенділігіне қарай мадақтау әдісі бойынша қалыптастырушы бағалау жүйесі бойынша бағаланады.

Тапсырма орындауға қажетті құралдары.




7-бұлт тапсырмасы:
«Ғажайып бақ»-... ертегісі
Ертегіде қария ... сөзіне риза болды
8-бұлт тапсырмасы:Оқып, үзінді қай мәтіннен алынғанын есіңе
түсір. Бұл кімнің сөзі?
«...Дегенмен, көргендінің аты көргенді-ау, шіркін! «Жақсылыққа
жақсылық – әр кісінің ісі» деп халық тегін айтты дейсің бе!»
9-бұлт тапсырмасы: «Көпті көрген қарт» сөзінің мағынасы:
а) дана қария;
ә) көп жерді саяхаттаған адам;
б) көз жанары жақсы көретін адам.
ҚБ: Бірін-бір бағалау
10- -бұлт тапсырмасы: Сөзжұмбақты шеш.
а) Бұл жазба жұмысы қалай аталады? (Эссе)
– тақырып таңда;
– өз пікірің болсын;
– пікіріңді дәлелде;
– қорытынды ойың болсын.
ә) Атақты шешендердің есімдеріне ортақ сөз; (би)
б) Бұл қай көркемдеуіш құрал: айдай, аюдай, күндей; (теңеу)
в) Эпитет сөздерге сұрақ қой: қазыналы қарт, шешен адам, әділ
би; (қандай?)
г) Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қой.
Ақынның өлеңде бір нәрсені, құбылысты бірнеше рет қайталап,
суреттелетін затты шамадан тыс асырып айту тәсілін ... дейміз.
(әсірелеу)

Сөзжұмбақ жауаптары:
1. Э с с е 2. Б и 3. Т е ң е у 4. Қ а н д а й ? 5. Қ а й т а л а у
Саралау
Өткен тақырып бойынша кемінде 2 сұрақ құрастыр.
– Тамаша, балалармен сабақ басында қандай уәде беріп едім.
Сол уәдеде тұрайын. Арманға жетудің құпиясын мына өлең
жолдарымен айтып өтсем.
(Мұғалім дауыс ырғағына келтіріп, төмендегі өлеңді оқиды)
Арманың орындалсын десең егер,
Балақай, бойда болсын ой мен жігер.
Жолында ақ арманның қиындық көп,
Қорықпа, адал еңбек оны тірер.
Білімді ұмытпағын ол да керек,
Әрдайым соға берсін адал жүрек,
Білім мен арман келіп мақсат құрар,
Сол мақсат өмірдегі нағыз тірек.

Оқушыларды ынталандыру мақсатында, оқушының сабаққа қатысу белсенділігіне қарай мадақтау әдісі бойынша қалыптастырушы бағалау жүйесі бойынша бағаланады.

Тапсырма орындауға қажетті құралдары.

Сабақтың соңы
5 мин

«Армандар картасы» әдісі бойынша оқушылар өз армандарын,
яғни іс-әрекеттегі адамның құндылықтарына қарай топшылап
жазып шығады

Допты лақтыру арқылы оқушыларға сұрақтар қою.
Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда)
Сабақты талдау, кері байланыс кестесі.

Оқушыларды ынталандыру мақсатында, оқушының сабаққа қатысу белсенділігіне қарай мадақтау әдісі бойынша қалыптастырушы бағалау жүйесі бойынша бағаланады.

Тапсырма орындауға қажетті құралдары.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет