Сабақтың басы
8 мин
|
Сәлемдесіп, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Үй тапсырмасының дұрыс орындалғанын анықтап, қате орындалған жұмыстарды оқушылармен бірлесе отырып талқылау. Өткен сабақтағы параллелограмм және ромб аудандарын қайталап шығу
|
Оқушылар өткен сабақтағы формулаларды қайталап шығады.
|
Бағалау.
Мұғалімнің мадақтама сөздерімен бағалау
|
8-сынып геометрия оқулығы
«Келешек-2030»
|
Сабақтың ортасы
15 мин
Жұптық жұмыс
15 мин
Сергіту сәті
2 мин
|
Жаңа сабақ:
Сабақ мақсатымен таныстырамын.
Теорема. Үшбұрыштың ауданы оның қабырғасымен осы қабырғаға жүргізілген биіктігінің көбейтіндісінің жартысына тең болады.
Теорема. Үшбұрыштың ауданы оның екі қабырғасымен олардың арасындағы бұрыштың синусының көбейтіндісінің жартысына тең болады.
Сонымен қатар үшбұрыштың ауданын табуда тағы да бірнеше формулалар бар.
Қабырғалары әртүрлі болған жағдайда:
Герон формуласы
S=
Мұндағы р – жарты периметр
– үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбер радиусы арқылы
– үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбер радиусы
– үшбұрышқа іштей сызылған шеңбер радиусы арқылы
– үшбұрышқа іштей сызылған шеңбер радиусы
Тікбұрышты үшбұрыштың ауданы:
Тең қабырғалы үшбұрыш ауданы:
Осы формулаларды пайдаланып бірнеше мысалдар көрсетемін:
1-есеп. Тең бүйірлі үшбұрыштың табаны 6 см, табанына жүргізілген биіктігі 4 см болса, онда осы үшбұрышқа іштей сызылған шеңбердің радиусын тап.
2-есеп. Тең қабырғалы үшбұрыш биіктігі 15 см деп алып, оның ауданын тап.
3-есеп. Тікбұрышты үшбұрыштың катеттерінің ұзындықтарының қосындысы 14 см, ал ауданы 24 см2. Катеттерінің ұзындықтарын тап.
4-есеп. Үшбұрыш қабырғалары 13 см, 14 см, 15 см болса, үшбұрыш ауданын тап.
|
Оқулықтан №223, 224 есептерді орындау.
№223.
Үшбұрыштың екі қабырғасы 12 дм және 18 дм, ал олардың біріне жүргізілген биіктік 4 дм-ге тең. Екінші қабырғаға жүргізілген биіктікті табыңдар.
Табаны 50 см-ге, биіктігі 9 см-ге тең теңбүйірлі үшбұрышпен тең шамалас шаршының қабырғасын табыңдар.
№224.
Табаны АС болатын теңбүйірлі АВС үшбұрышының: 1) АВ=10 м, BH биіктігі 8 м; 2)ВС=15 см, АС =18 см болса, оның ауданын табыңдар.
«Ой шебері» әдісі
Есте қалған қанатты, нақыл сөздерді ретімен айтып шығу
|
Дескриптор: 1
-Үшбұрыштың ауданын табаны және биіктігі арқылы табылатын формуланы қолданады;
-екінщі қабырғаға жүргізілген биіктікті табады.
Дескриптор: 2
-үшбұрыштың ауданын табу формуласын қолданады;
-үшбұрыштың ауданын табады;
-сол аудан арқылы шаршының қабырғасын табады.
Дескриптор: №224
-Берілгендер бойынша үшбұрыш салады;
-Биіктік жүргізеді;
-Пифагор теоремасын қолданып, үшбұрыш табанын табады;
-Үшбұрыш ауданы формуласын қолданып, ауданын табады.
.
|
Таратпа қағаздар
|