Сабақ тақырыбы: Ш. Мұртаза «Бесеудің хаты»



бет1/5
Дата22.05.2023
өлшемі22,75 Kb.
#96034
түріСабақ
  1   2   3   4   5

Бөлім Атауы: тарих тағылымы сабақ тақырыбы: Ш. Мұртаза «Бесеудің хаты» драмасы

Нұр-Сұлтан қаласы

«Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі» МКҚК

Төлегенқызы Вера


Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы

Сабақтың тақырыбы: Ш.Мұртаза «Бесеудің хаты» тарихи драмасы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:

Ақынның өмірі мен өскен ортасын таныту, шығармаларын оқыту, ақынның айтар ойын ашу, талдау, эстетикалық көзқарасы қалыптасқан оқырман дайындау.

Күтілетін нәтиже :


  • Барлық білім алушылар орындай алады: негізгі идеяны түсінеді және сұрақтарға жауап береді.

  • Білім алушылардың басым бөлігі: негізгі идеяны түсініп, өз пікірін білдіреді.

  • Кейбір білім алушылар: негізгі идеяны түсініп, дәлелдей алады.

Тілдік мақсаттар: Білім алушылар орындай алады: медиақұралдағы берілген ақпаратты түсінеді.Мәтіндегі деректерге байланысты өз пікірлерін анық айтады. Білім алушылар өзін-өзі бағалауы арқылы сөйлеу мәдениетін қалыптастырады.

Ой қозғау.


  • Шерхан Мұртаза кім?

  • Қандай шығармасымен таныссыздар?

  • Қай жерде, қай жылы дүниеге келді?

  • Жазушының шын есімі кім?

Шерхан Мұртаза 1932 жылы 28 қыркүйекте Жамбыл облысы Жуалы ауданы, Мыңбұлақ ауылында дүниеге келген. Жазушының шын есімі – Шері. Айбарлы, қайратты жыртқыш аң – барысқа байланысты қойылған. Алғашқы кітабі 26 жасында «Құрылысшы Дәку» деген атпен жарық көрді. Оның еңбектері ТМД және шет тілдеріне аударылған. Қаламгер Тұрар Рысқұлов жайында 5 кітап жазған. Бір қызығы Шерхан Мұртаза алдымен жазушылығы мен журналистігі емес, ақындығымен танылды.

Әкесі Мұртаза 1937 жылы сталиндік репрессияның құрбаны болып кетті. Шерхан Мұртаза 8 жасында қазіргі Жуалы ауданы өзі туған Талапты ауылындағы мектептің бірінші сыныбына барған. Әкесінен ерте айырылған бала оқу мен еңбекке ерте араласады. Балалық шағы да соғыстың тауқыметті кезеңдерімен тұспа-тұс келген. Сондықтан болар жазушының түсіне жиі балалық шағы оралып отырған. Тауқыметті кезеңдерді бастан өткізген соң болар, жазушының балалық шағы бала көңілмен өтпейді.


  • Әкесі Мұртаза 1937 жылы сталиндік репрессияның құрбаны болып кетті. Шерхан Мұртаза 8 жасында қазіргі Жуалы ауданы өзі туған Талапты ауылындағы мектептің бірінші сыныбына барған. Әкесінен ерте айырылған бала оқу мен еңбекке ерте араласады. Балалық шағы да соғыстың тауқыметті кезеңдерімен тұспа-тұс келген. Сондықтан болар жазушының түсіне жиі балалық шағы оралып отырған. Тауқыметті кезеңдерді бастан өткізген соң болар, жазушының балалық шағы бала көңілмен өтпейді.

  • - Шерхан Мұртазаның ел, қоғам, мемлекет, әдебиет үшін істеген еңбектері өте көп. Ал әдебиет саласындағы еңбектерін айтқанда көркем туындыларын ғана айтып қойған жөн болмас. Әдебиетте көлемді жұмыс ретінде аударма саласын таңдады. Шерхан Мұртаза әлемге әйгілі қырғыз елінің жазушысы Шыңғыс Айтматовтың туындыларын қазақ тіліне тәржімалады. Қырғыз жазушысының «Қош, Гүлсары», «Ботагөз», «Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет», «Боранды бекет», «Жан пида» атты повесть, романдарын орысшадан аударды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет