Сабақ тақырыбы Үзіліс кезіндегі демалуға арналған ережелерді сақтаймын. Хабарлы сөйлем. 29-32 жаттығу



бет1/2
Дата02.12.2023
өлшемі239,47 Kb.
#132598
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
Үзіліс. Хабарлы сөйлем.


Сабақ

Мектеп: №3 ЖОББМ



Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Абатов Ж.М.



Сынып: 2 «А»

Қатысқандар саны:

Сабақ тақырыбы

Үзіліс кезіндегі демалуға арналған ережелерді сақтаймын.
Хабарлы сөйлем. 29-32 жаттығу.

Оқу мақсаттары

2.1.3.1 - күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысу
2.2.4.1 - мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау
2.3.7.1 - сөйлем түрлерін айтылу мақсатына сәйкес тыныс белгілерін (нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі) қою
2.4.2.6 - сөйлемдегі бір-бірімен байланысып тұрған сөздерді табу

Сабақ мақсаттары



Хабарлы сөйлем туралы түсінік алады, басқа сөйлемдерден ажыратады.

Бағалау критерийлері

1.Мәтінді түсініп оқиды.
2.Үзіліс кезінде демалуға арналған ережелерді құрастырады.
3.Сөйлемді көшіріп, тыныс белгісін қояды.
4.Суретпен жұмыс жасайды.

Сөздік қор

Үзіліс, тәртіп, ереже, демалыс.

Құндылықтарды дарыту

Еңбек және шығармашылық.



Пәнаралық байланыстар

Әдебиет және математика пәндерімен байланыс

Алдыңғы меңгерілген білім

Мектеп, сыныптастарым мен ұстаздарым.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

Қызығушы-
лықты ұйымдастыру
5 минут

Психологиялық дайындық
Оқушылар орындарынан тұрып барлығы бірге қосылып айтады.
Мұғалім сөзі:
Қазақ тілі мәртебем, әрқашан мақтан етем
Қазынасын халқымның, әрдайым құрмет етем.
Қазақ тілдің қыр-сырын сендерге мен үйретем.
Қуантатын жауапты өздеріңнен мен күтем.
Оқушылар сөзі
Сабақты оқимыз, көңілге тоқимыз,
Қазақ тілін үйреніп қазақша сөйлейміз.
Сөздер үйренеміз, мәнін түсінеміз,
Келешекте әлі біз, биікке жетеміз...



Оқулық


Сабақ басы


Оқылым

Жазылым
Жұптық жұмыс



Балалар біздің өтіп жатқан бөліміміз қалай аталады?
Бөлімшеміз қалай аталады?
29- жаттығу Мәтінді түсініп оқы.
Үзілісте
Сәуле - сынып ұжымының ұйымдастырушысы. Ол үзілісте кезекшілердің терезені ашып, тақтаны сүртіп қоюын ескертеді. Тақта сүрткішті үнемі дымқылдап қояды. Балалардың үзіліс кезіндегі тәртібін қадағалайды.
Бірде Сәуле:
-Біз үзіліс кезінде дұрыс демалуға тиіспіз, ол үшін не істеу керек, әркім өз ойын айтсын,- деді.
*Оқушылардан не ойлайтынын сұрау.
Оқушылар жұптасып: Үзілісте сендер не істейсіңдер? Сендер де өз ойларыңды айтыңдар.
Оқушылар топ құра: Үзіліс не үшін беріледі? Үзіліс кезіндегі демалуға арналған ережелер құрастырып көреді.
Жасалған жұмыстарын ортада қорғайды
Дескриптор:
1.Үзіліс кезінде демалуға арналған ережелер құрастырып айта алды.
30- жаттығу.Сөйлемдерді көшіріп жаз.
Үзіліс кезінде сыныпта жүгірмейді. Айқайлап сөйлемейді. Әрдайым әдеп сақтау керек.
-Жазған сөйлеміне қорытынды айтады
Саралау тапсырмасы
А деңгейіндегі бала Сөйлемдерді табады.
В деңгейіндегі бала Сөйлемді ажырата алады
С деңгейіндегі бала Сөйлемдегі сөздердің байланысын ажыратады.
Дескриптор:
1.Сөйлем соңындағы тыныс белгілеріне назар аударып, қандай сөйлем екенін айтты.

Бірдеңенің жайын хабарлау мақсатымен айтылған сөйлемді хабарлы сөйлем дейді. Хабарлы сөйлем соңына нүкте (.) қойылады. Оқушылар мұражайға барды.


31- жаттығу. Суреттерге қара.


Суреттегі балалардың қайсысы үзілісте өзін жақсы ұстады?
Қай оқушы тәртібін өзгертуі керек деп ойлайсың?
Оқушыларға үлестірмелер таратылып беріледі. Барлық оқушылар өзінің жұбымен жұмыс жасайды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет