15 апта
№29 дәрістің тақырыбы: Қазақ хандығы ішкі саясатының бағыт бағдарлары
Терминдер мен анықтамалар:Орыс мемлекетімен байланыстар. Қазақ хандығындағы орыс елшілерінің қызметі. Қазақ феодалдары мен сібір хандығы. Орта және Алдыңғы Азия елдерімен сауда –экономикалық байланыстар.
Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер).
Тауке хан Россия мемлекетімен де тату, достыққарым – қатынасжасауғатырысты. Алайда, Тәуке хан қазақ хандығын бір орталыққа бағынған күшті мемлекететін құру мақсатын жүзеге асыра алмады, халқының басым копшілігі көшпелі және жартылай көшпілі мал шаруашылығымен айналысқан жәнепатриархалдық-феодалдық қатнас үстем болып отырған елде мұны жүзеге асыру мүнкін емес еді, оған қазақ хандығының сыртқы жағдайы да мүнкіндік бермеді. Сөйтіп, қазақхандығы бытыраңқылық жағдайда кала берді. Әрине, булл бұрын-сонды Орта Азия өңірде тарих сахнасына шыққан көшпелі хандықтардың бәріне ортақ жағдай еді.
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар:
1. Қазақ-жоңғар соғыстары қанша жылға созылған?
2. Көшім тұсындағы Сібір хандығының күш ұуатының артуы себебі неде деп ойлайсыз?
3. Ресейдің Сібір хандығын жаулап алудағы мақсаты неде?
4. Сібір хандығының құлауы нәтижесінде Қазақ хандығында қандай өзгерістер болды?
№30 дәрістің тақырыбы: Қазақстанның экономикасы мен тұрмысы
Дәрістің мақсаты: теориялық білімдерді игере отырып, студенттердің аналитикалық талдау қабілеттерін қалыптастыру
Сағат саны: 1
Мазмұны:
Мал шаруашылығы.
Қазақ көшпелі қоғамының көлік мәселесі.
Қазақтардың көшпелі тұрғын-жайлары. Киіз үй.
Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер).
Қазақ жерінің табиғи-жағрапиялық ерекшеліктеріне байланысты қазақтар көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысты. Көшіп-қону бағыттары жыл маусымына байланысты өзгеріп отырды. Маусымдық жайылымдарды (көктеу, жайлау, күздеу, қыстау) алмастырып көшіп-қонып отырудың бұрыннан қалыптасқан жолдары мен жылдық айналымы орнықты. Әрбір ру белгілі бір аймақ шеңберінде көшіп-қону дәстүрін ұстанды. Жайылымдық қоныстардың ара қашықтығы жүздеген шақырымға созылды. Мал шаруашылығы табиғат жағдайларына мейлінше тәуелді болды. Жем-шөп дайындау болмады, қыста мал тебіндеп жайылды. Қыс қатты болған жылдары жұт болып, малдың жаппай қырылуы жиі кездесетін, мұндайда көшпелі малшылар тақырлана кедейленіп, көбі отырықшылыққа ауысатын. Дегенмен мал шаруашылығын жүргізудің ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрі сақталып, үнемі жетілдірілумен болды. Қазақтар жылқы, қой, түйе, сиыр өсірген.
Мал көшпелілер байлығының, олардың тұрмыстық жағдайының басты өлшемі болды. Ал жайылымды қоғам мүшелері қауымдасып пайдаланған. Әр рудың өзіндік жері болды және бұл жерге меншік ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отырды. Қазақтар егіншілікпен де айналысты. Қазақ хандығының түрлі аумақтарында егіншіліктің дамуы әркелкі болды. Негізінен отырықшы- егіншілікпен Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан халықтары айналысты. Қазақтар көбіне тары дақылын екті. Сыр бойындағы қалаларда ирригациялық жүйе барынша дамыған. Қалалардың маңында суландыратын арнайы алқаптар болды. Қала маңдарындағы бұндай алқаптарда бау-бақша өнімдері өсірілді.
Қазақтар аң аулаумен де айналысқан. Аң аулаудың бірнеше түрлері болған: құс салған, тазы ит қосып аулаған т.б. Соның ішінде қыран құстармен аң аулау басым болды. Аң аулау дербес кәсіп болмаған, мал шаруашылығына көмекші кәсіп қана болған.
Қазақтардың шаруашылығында әр түрлі қолөнер мен үй кәсіпшіліктері елеулі орын алған: тері өңдеген, киіз басқан, құрақ құраған, металдан әр түрлі бұйымдар жасаған.
Қазақтар көшіп-қонуға қолайлы киіз үйлерде өмір сүрді.
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар:
1. Кезеңге бөлу бойынша Қазақстанның ортағасырлар тарихын дәуірге бөліп, экономикалық дамуының салыстырмалы сызбасын жасаңыз.
2. Ортағасырлардағы қазақ қоғамының әлеуметтік ұйымдасуының тарихи қалыптасу формаларын анықтаңыз.
3. Қазақтың даңқты билері (Майқы би, Төле би Әлібекұлы, Қазыбек би Келдібекұлы, Әйтеке би Бәйбекұлы, тб. ) туралы өмір деректік көркемсуретті тарихи альбом жасау
4. Қазақ тарихындағы батырлар (Қабанбай, Бөгенбай, Жауғаш, Баян, Наурызбай тб. ) туралы өмір деректік көркемсуретті тарихи альбом жасау (топқа арналған тапсырма).
Достарыңызбен бөлісу: |