Сабақ түрі: Жаңа сабақ Сабақ әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, сарамандық жұмыс. Сабақ барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі



Дата05.10.2022
өлшемі18,77 Kb.
#41505
түріСабақ
Байланысты:
2.Ағаш матер.қас


Орал қаласы, Тасқала ауданы, Мереке ауылы,
ЖОББ Мереке мектеп – балабақшасының
Технология пәнінің мұғалімі Бахашев Н.С.


Сыныбы: 5


Тақырыбы: Ағаш материалдары. Ағаш материалдарының қасиеттері.
Мақсаты:
1.Білімділігі:Ағаш материалы мен қасиеттері туралы жалпы мағұлмат
беру.
2.Дамытушылығы:Оқушыларға ағаш материалдарының қасиеттері туралы ой-өрісін дамыту
3.Тәрбиелігі:Оқушыларды ағаш материалы ұқыптылыққа,тазалыққа, үнемділікке тәрбиелеу.
Көрнекілік: Плакаттар
Құрал-жабдықтар: Дәптер, қалам
Сабақ түрі: Жаңа сабақ
Сабақ әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, сарамандық жұмыс.
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
а)оқушыларды түгендеу
ә)сабаққа дайындығын тексеру
ІІ.Жаңа сабақ
«Технология» пәні бойынша сабақтың барсында және үйде сендер үнемі ағаш материалдарымен жұмыс істейсіңдер. Олардан әр түрлі әсем бұйымдар жасауға болады. Бұйым көрнекті әр сапалы болу үшін, материалды таңдай білулерің қажет. Сондықтан ағаштың қасиеттерін бәлген жөн.
Ағаш-табиғаттың тамаша туындысы. Ағаш көп өскен жері халық орман, тоғай деп атаған. Орман, тоғай-жан-жануарлардың, құстар мен жәндіктердің өмір сүретін ортасы. Тоғай ертеде адамның негізгі тұрақ жайы болған. Алғашқы адамдар ағашты тіршілігіне қажет материал (жатақ жайы, еңбек құралы) ретінде пайдаланған, Мәселен, олар аң аулауға қажет құрал-саймандарды, аша таяқ, үшкір (ағаш найза, қада,жебе т.б.) ағаштан жасады.
Ағаш материалын өңдеу үшін оның табиғи түр- түсінің ерекшеліктері, тығыздығы, жұмсақ-қаттылығы, жылу мен ылғал өткізгіштігі т.б. қасиеттері ескерледі.
Ағаш материалының түсі – оның жасы мен қоршаған ортасына байланысты. Жас ағаштардың түсі ескілеріне қарағанда ақшылдау болады. Ағаштың қабығы түссе, оның түсі тез қарайып, ескіре бастайды.
Ағаш материалының тығыздығы. Ағаш материалының ішкі бөлігінде бос кеңістіктер бар. Егер бос жерлерді нығыздаса, біртектес қуыссыз қабат пайда

болар еді. Ол ағштың тығыздығын көрсетеді. Тығыздықтың үлкен мәні бар, себебі тығыз ағаштар өте берік болады. Тығыздығы жоғары ағаштарды (шамшат, үйеңкі, алмұрт) беріктігі мен жақсы өңделетін қасиеттері үшін жоғары бағалайды.


Ағаш материалының текстурасы. Ағаштың діңін тақтай етіп тілгенде, оның жылдық сақиналарынан тік (вертикаль) сызықтар (тік немесе ирек) секілді суреттер пайда болады. Осы суретті текстура деп атайды.
Ағаштың дымқылдығы ондағы ылғалдың мөлшеріне байланысты. Әдетте жаңа кесілген ағаш материалында ылғал көп болады. Мұндай ағаштарды өңдеу қиын әрі тез шіриді.
Ағаш материалының беріктігі. Беріктік ағашқа түскен күштің шамасына қарай сипатталады. Өзіне түскен күшке сынбаса, шытынамаса, ол берік ағаш деген сөз. Материалдың беріктігі оның тегіне байланысты. Ең берік ағаштар қатарына емен, үйеңкі, қызыл қарағай жатады. Беріктік ағаштың дымқылдығына да байланысты. Ылғалы көп ағаштың беріктігі құрғақ ағашқа қарағанда аздау болады.


ІII. Машықтық жұмыс
Оқушыларға машық барысында ағаш материалдарының қасиеттерін анықтау, түсінбеген жерлері болса түсіндіру.
IV.Сабақты қорытындылау, бағалау
V.Жұмыс орнын жинау

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет