24. “Тоғай, тоғай, тоғай су” атты шығарманың көркемдік ерекшеліктері. Мазмұндық-сюжеттік құрылымы жағынан да, сурет пен сезім тұтастығы жағынан да, шынайылық тұрғысынан да «Айналайын Ақ Жайық»



бет1/5
Дата24.05.2023
өлшемі47,21 Kb.
#96806
  1   2   3   4   5
Байланысты:
3 денгей 24-30 (1)


24. “Тоғай, тоғай, тоғай су” атты шығарманың көркемдік ерекшеліктері.
Мазмұндық-сюжеттік құрылымы жағынан да, сурет пен сезім тұтастығы жағынан да, шынайылық тұрғысынан да «Айналайын Ақ Жайық» толғауымен сарындас туынды. Яғни, бұл толғауда өткен өмір бейнесі жасалған.
Бұл толғаудың ерекшелігі- нақты қаһарманға(Доспамбеттің өзіне) тікелей байланыстырыла беріледі, сезім сипаты өмірінің мәнді өткеніне қанағаттану, ризашылық танытуға бейім.
Жырау бұл толғауында өз ғұмырында бастан өткерген тіршілігін тізбелей суреттей отырып, соның бәріне риза екенін аңдатады. Тіпті, толғау соңында:
«Бүгін, соңды өкінбен,
Өкінбестей болғанмын,
Ер Мамайдың тұсында
Шаһид кештім, өкінбен!..» –
деп, нығарлай айтуының өзі жырау сезімінің шынайылығын көрсетеді. Сондай-ақ, осы үзіндіден жыраудың батырлық болмысы да, мұсылмандық түсінігі де танылады.
Жырдағы көркемдегіш құралдар: аллитерация, эпитет, теңеу. Мысалы: жырдың алғашқы шумақтары аллитерация болады. Ал эпитет бірнеше жерлерде ұшырасады. «Туған айдай нұрланып» деген тармақтағы айдай сөзі теңеу арқылы жасалып тұр.
25. ХҮ-ХҮІІ ғасырда жасаған жырауларды ретімен атаңыз.
1. Асан Қайғы Сәбитұлы - аты аңызға айналып кеткен, даңқты адам, өз кезінің ірі қоғам қайраткері әрі шешені әрі биі, әрі ойлы-сырлы жырауы.
2. Қазтуған Сүйіншіұлы- XV ғасырда өмір сүрген қазақ әдебиетінің төл басыларының бірі.
3. Доспамбет жырау- жырау, қолбасшы, батыр.
4. Шалкиіз жырау Тіленшіұлы- жырау, орта ғасырлардағы қазақ поэзиясының көрнекті өкілі.
5.Жиембет Бартоғашұлы- жорықшы жырау, Есім ханның әскер басыларының бірі және қалмақтармен күресте ерлік көрсеткен батыр.
6. Марғасқа жырау - ерлікті және де достықтыққа адалдықты жырлаушы қазақ поэзиясының көне дәстүрін жалғастыраушысы.
26. Ақтамберді «ару» суретін қалай айшықтайды.
Ақтамбердің шығармашылығнда жылқы бейнесі басты орын алғанымен, ару бейнесі де ерекше, асқақтата суреттеледі. Жыраудың «Күлдір-күлдір кісінетіп» толғауында ару бейнесі айшықталып тұр. Мысалы:
1.Бұлттан шыққан ай бетті,
Мұнардан шыққан күн бетті
Айттырса, бермес сұлуын
Аппақ қылып маңдайын,
Бұғақ қылып таңдайын,
Қиылдырып қастарын,
Төгілдіріп шаштарын,
Күнінде аламанға
Тегін олжа қылар ма екеміз?!

2.Сынға толса сияғы,


Әлбеті шамның шырағы,
Мұхиттан сүзіп шығарған
Қымбатты гауһар бағасы.

3. Арудан асқан жан барма




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет