2 тақырып. "Жануарлар" бөлімі бойынша оқушылармен ғылыми жұмыстар.
Тапсырмалар:
Капуста ақ көбелегінің биологиясын және экологиясын үйірме жұмысында бақылап нәтижесін сыныптағы сабаққа пайдалану (хабарлама т.б.) тапсырмасын құрыңыз.
7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Қабыршаққанаттылар отряды немесе көбелектерге тән негізгі белгілерімен, ең көп тараған көбелектермен ауыл шаруашылығының зиянкестерімен және қолда өсірілетін көбелектермен таныстыру.
Дамыту мақсаты: өзіндік жұмыс арқылы көбелектердің құрылыс ерекшеліктері туралы білімін тереңдете түсу.
Тәрбиелік мақсаты: табиғатта алуан түрлі көбелек түрлері (махаон, траурница, азмирал т.б.), оларды қорғау туралы айту.
Сабақтың көрнекілігі: табиғи (натуралды) объектілер көбелектердің коллекциясы, таблица (тұт жібек көбелегі,орамжапырақ ақ көбелегі) суреттер.
Сабақ барысы
Ұйымдастыру жұмысы – 2 мин (оқушылардың сабаққа дайындылығы, сынып тазалығы)
Жаңа сабақты түсіндіру – 22 минут.
Көбелектер отрядының басқа бунақденелілерден ерекшеліктерін, олардың қанаты, өз денесінен екі еседей үлкен болатындығын, әсемділік ұқсастығын көбелек денесінің, олардың міндеттеріне тоқталады.
Содан соң көбелектің денесін химик тапқан. Қанаттары ұсақ жозақ сияқты қабыршақтармен жабылған (қабыршақтардың пішіні, орналасуы түсіндіреді). Сондықтан оларды қабыршаққанаттылар деп атайды.
Көбелек денесінің де бас, көкірек, құрсақ сияқты болікке бөлінетінің, басында үлкен күрделі көздерімен ұзын мұршалары болатынын айтады.
Көбелектің дәм сезу мүшесі аяғының ұшында болады.
Бұл шырынын спираль тәрізді тұмсығын жазып жіберіп, соғады.
Оқушыларға мынадай сұрақ берілді: Ұшып жүрген көбелек тез көзге түсе ме, әлде қонып отырған көбелек тез көзге түсе ме?
Оқушылар ұшып жүрген көбелектің көзге тез түсетінін, себебі олардың қанаттарының үстіңгі жағы ашық түсті болатынын айтады.
Ал көбелек қанаттарының астыңғы жағы бүркеніш реңді болады.
Орамжапырақ ақ көбелегі туралы айтылады.
Туыс – ақ көбелек- белянки (Pieridae)
Түр- доланашы (жеміс ағашының зиянкес көбелегі)- боярышница (Pieris brassical)
Орамжапырақ ақ көбелегі- капустница (Pieris brassical)
Доланашы- ірі көбелек, қанаты жайған кезінде 60-70 мм, қанаты ақ қара (жилкамин).
Орамжапырақ ақ көбелегі- кең тараған, бәріне белгілі көбелек, жайған қанаты 60 мм дейін.
Екінші түрі де кең тараған, оларды қоңыздармен салыстыру үшін бунақденелілердің сыртқы құрылысын оқу кезінде үлестіргіш матерал түрінде пайдалануға болады; ауыз аппаратының әр түрлілігін оқу кезінде, сонымен қатар «бунақденелілердің көп түрлілігі» тақырыбында берілген түрлерінің адам өмірігіндегі маңызын көрсету керек, соның ішінде орамжапырақ ақ көбелегі.
Оқушыларға орамжапырақ ақ көбелегінің көбелегінің коллекциялары таратылады. Олар мынадай сұрақ жауап береді:
Орамжапырақ ақ көбелегінің даму сатыларын айтындар.
Оның дамуы қай типке жатады.
Жұлдызқұрттың сыртқы түрі, түсі қандай?
Оқушылардың берген жауаптарын толықтыра отырып орамжапырақ ақ көбелегінің бір жылда екі ұрпақ беретінін түсіндіреді.
Жұлдызқұрт пен ересек көбелектің қоректенуіндегі айырмашылықтар, олардың ауыз аппаратының түрліше болатыны (кеміргіш, сорғыш) айтылады.
Жұлдызқұрттар топтасып жиналғанда олардың бояуы ерекше байқалады және ол сақтандырғыш рең ролін атқарады. Оқушыларға сақтандырғыш реңнің не екеніне: «Сақтандырғыш» рең жәндіктің басқа жәндіктерге қорекке жарамайтынын керісінше қауіпті екенін тоқтала кету керек.
Орамжапырақ ақ көбелегінің жұлдызқұрттарын құстар жемейді. Егер оның түсі айқын болмаса құстар «байқамай» шұқып жепқоюы мүмкін. Көбелектердің көп түрлілігін аңғарту үшін бау-бақша; көбелектердің (дербес немесе дербес жібек көбелек, алма көк көбелегі, күздік жынды көбелегі, қантамшы) туралы қысқаша тоқталу.
Дербес жұп немесе дербес жібек көбелек – ормна және жемісті бақтың қауіпті зиянкесі. Аталығы мен аналығы біріне-бірі ұқсамайтындықтан, көбелектің бұл түрі дербес жібек көбелек немесе жербес жұп деп аталады.
Аналығы ірі (қанаттарын жазғанда-7,5 см), ал аталығы едәуіркішкене (қанаттарын жазғанда -4,5 см) жіңішке құрсауы мұртты болады.
Олардың реңі де бірдей емес, дербес жұптар жаппай көбейген жылы ағаш бұтақтары, жемісті ағаштар 2-3 жыл бойы жеміс бермейді.
Алма ақ көбелегі. Алма ағашы өсетін аймақта бақ зиянкесі – алма жеміс жүйесінде тіршілік етеді. (Scotia Segetum). Бұл- астық тұқымдас дақылдарға зиян келтіретін түнгі көбелек. Оңын қанатын жазғандағы мөлшері 30-46 мм. Оңтүстік аймаққа дернәсілі қант қызылшасы, қант қызылшасына, жүзімге және қозаға зиян келтіреді.
Қантамшы қанатын жазғанда мөлшері 50-60 мм-ге жететін ақ көбелек тұқымдас көбелектердің өкілі. Қуыршақтан шыққан көбелек денесінен бірнеше тамшы қызыл сұйықтың бөлінетіндігінен, бұл көбелек қантамшы деп аталған.
Одан соң құрып бара жатқан көбелек түрлері немесе азалы көбелек (махаон, траурница, адмирал) туралы айту. Яғни олардың әдемілігін, әсемдігімен сезіміне әсер ететін әңгімемен ескертеді.
Махаон (Papilio machoan)- ірі көбелек. Қанатын жайған кезде 70 мм. Жиі кездеспейді, қызыл кітабына енгізілген. Ірі коллекцияларға пайдалануға рұқсат етілмейді. Бірақ сыртқы құрылысы мен қабыршаққанаттылар көп түрлігін оқу кезінде 1 экземплярдан пайдалануға болады.
Траурница – азалы көбелек (Nymphalis antiopa). Азалы көбелек- ірі мөлшері көбелек, жайған қанаты 65-70 мм. Ашық жерлерде кездеседі. Көбелектердің саны соңғы 10 жылда біраз азайды. Сондықтан коллекция жинауға тиым салынған.
Адмирал-(Vanessa atalanta) ашық ірі көбелек, жайған қанаты 50-60 мм. Жаз соңында ұшады. Ірі коллекция жасау керек етпейді. Осы сиреп бара жатқан түр өкілдерін көбелектің сыртқы құрылысын оқу кезінде және сиреп жоғалып бара жатқан бунақденеліліер түрлері тақырыбында пайдалануға болады. Және де көбелектердің бұл түрінің құрып бара жатқанын, оларды қорғау қажеттілігін ескертеді. Ал пайдалы көбелектерден асыранды тұт жібек көбелегіне тоқталады.
Адам тұт жібек көбелегінен 400 жылдан бері жібек алып келеді. Бұл көбелек ұшу қабілетінен айрылған. Ол қолдан сұрыптаудың нәтижесі. Табиғи сұрыпталу қалай жүреді деген сұраққа жауап беру үшін оқушылар бүркеніш реңін пайда болып, даму мысалға ала отырып, табиғи сұрыпталу туралы айта алады. Одан соң сұрыптаудың қолдан сұрыпталумен ұқсастырылуына және ерекшеліктеріне тоқталады.
Тұт жібек көбелегі табиғатта кездеспейді. Оның қанаты жайылғанда 4-6 см. ересек тұт көбелекте ауыз мүшесі болмағандықтан, қоректене алмайды.
Көбелектің жұлдыз құрты – жібек құрт тұт ағашының жапырағымен қоректенеді. Тұт жібек көбелегінің ұшу қабілетінің біртіндеп жойылуы қалай өткенін әңгімелейді, жібекті қалай алатынына тоқталады. Жібек шаруашылығы еліміздің Оңтүстік- шығыс аудандарында дамыған.
Бекіту сұрақтары – 7 минут.
Көбелектерде инеліктер, шегірткелер, қандалалар сияқты бунақденелілер класына жатады. Көбелектердің сытқы құрылысында басқа бунақденелілерден өзгеше қандай ерекшелік бар?
Көбелектің сыртқы құрылысында басқа бунақденелілермен ортақ қандай белгілері бар?
Не себептен денесі үш бөліктен құрылған, қабыршаққанаттылар деп аталу себебі не?
Орамжапырақ ақ көбелегінің даму сатыларын айтыңдар.
Оның дамуы қай типке жатады?
Көбелектің дәм сезу мүшесі қайда болады?
Үйге тапсырма – 1 минут.
Тәжірибе ретінде көрнекілік құралдарды пайдалану арқылы биология оқулығын оқыту нәтижесі.