3 бет
28 ақпан 2015 жыл
Политех жаршысы
№5 жантану, педагогика және тілтану
кафедрасының онкүндігі аясында жанта-
ну, педагогика пәндерінің оқытушылары
Н.Мұқанқызы, А.М.Рустембекова, кол-
ледж психологы Г.Ж.Каримова, жатақхана
тәрбиешісі С.А.Молдабекова, ЖМУ
машықтанушылары
колледжіміздің
жатақхана тұрғындарымен «Жатақхана -
жанұям» және «Бақыттың кілті неде?» атты
сабақстан тыс іс-шаралар өткізді.
10.02.2015 жылы «Жатақхана - жанұям»
атты іс-шара жоспарға сай өткізілді.
Білімгерлерге арналған психологиялық
тренинг мақсаты:
а) Жатақхана білімгерлерінің қарым-
қатынасын жақсарту
ә) Өзара көмекке, ынтымақтастыққа,
ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
б) Білімгерлердің қызығушылығын ояту,
ойлау қабілетін дамыту.
Бәрімізге белгілі жатақхана білімгерлері
үйлерінен, отбасынан, ата-анасынан жырақта
жүрген балалар. Әрине олар өз үйлерін
сағынады, тұрмыстық қиыншылықтармен
кездеседі, өзара түсініспеушіліктер болып
жатады. Сондықтан кафедра оқытушылары
мен
ЖМУ
машықтанушылары
жатақхана білімгерлерімен осы тақырыпта
психологиялық тренинг өткізді. Тренинг
барысында «Жатақханадағы ұмытылмас
күндерім», «Өтінемін», «Біздің ортақ
суретіміз», «Кір жуғыш машина»,
«Жүректен жүрекке» атты тренингтер мен
ойындар өткізілді. Білімгерлер өз ойларын
айтып, жағымды қарым-қатынас құра білді.
ЖМУ машықтанушылары да өздеріне іс-
тәжірибе жинақтады.
17.02.2015 жылы сағ.16.00де колледж
жатақханасында «Бақыттың кілті неде?»
атты білімгерлерге арналған психологиялық
тренинг өтті.
Мақсаты: «Бақыт», «Байлық»,
«Отбасы»,
«Денсаулық»
құндылықтарының
мағынасын
түсіндіру.
Тренинг
барысында
«Сергіту сәті», «Бақытты болу үшін
қажетті құндылықтар», «Қолтырауын
ойыны», «Тропикалық жаңбыр»,
«Сыйлық тренингі» атты тренинг-
тер жоғары деңгейде өткізілді.
М.Мақатаевтың «Бақыт деген не?»
атты өлеңі шырқалды. Әр білімгер
өз ойын ашық айтып, ортаға сал-
ды. Жатақхана тәрбиешісі Молда-
бекова Сауле Алханқызы: «Осын-
дай іс-шаралар жиі өткізіліп тұрса,
білімгерлер бос уақытын тиімді
өткізер еді» - деп өз ойын айтты. Тре-
нинг соңында жатақхана тұрғындары
Медешқызы Ақнұр, Қадырбаева Айым,
Қанатқызы Гүлбану ұстаздарға жылы
лебіздерін білдіріп, кештің ұнағанын айтты.
Әрине мұндай сабақтан тыс іс-
шаралардың тәрбиелік мәні өте зор.
Білімгерлер ойларын ашық жеткізуге,
жағымды қарым-қатынас құруға үйренеді,
тиімді психологиялық ахуал туындай-
ды, өзара түсініспеушіліктер жоғалады.
Кафедра
оқытушыларымен
және
машықтанушылармен өткізілген осы іс-
шаралардан білімгерлердің алары мол деп
ойлаймыз, сонымен қатар машықтанушы
білімгерлер де өздеріне қажет іс-тәжірибе
жинақтай алды.
БІЛІМДІГЕ ӨРІС КЕҢ...
Біз Талдықорған политехникалық
колледжіне І.Жансүгіров атындағы Жетісу
Мемлекеттік
Университетінен
өндірістік
тәжірибеден өтуге, машықтанушылар ретінде
келдік. Талдықорған политехникалық колледжі
80 жылдық тарихы бар іргелі білім ордасы. Оқу
ғимараты заман талабына сай жабдықталған,
колледж білімгерлеріне арналған кітап қоры
мол кітапхана мен жатақхана да бар. Оқу ор-
нымен және колледж ұжымымен таныстық.
Білім сапасын арттыруда политехникалық кол-
ледж ұжымының ұстанатын өз тәртіптері мен
ережелері бар.
Политехникалық колледждің 80 жылдық ме-
рейтойына байланысты колледж қабырғасында
әр түрлі іс-шаралар жүргізілуде. «Жантану,
педагогика және тілтану» кафедрасының 10
күндігі аясында «Жатақханам – менің жанұям»
тақырыбында көңілді кеш ұйымдастырдық.
Ұйымдастырған
іс-шараға
жатақхана
білімгерлері белсене ат салысып, көңілді өтті. Біз
машықтанушылар колледж психологы Каримо-
ва Гульмира Жебегенқызымен бірлесе жұмыс
істей отырып, «Өзін-өзі тану», «Жантану және
спорт психологиясы» пәнінен дәріс, практикалық
сабақтарды жүргіздік. Әдіскеріміздің мол
тәжірибесінің арқасында мамандығымыздың
бізге беймәлім жақтарын танудамыз. 20.02.2015
жылы, Ф-41 тобымен «Жантану және спорт пси-
хологиясы» пәні бойынша «Ойлау және ойлауды
дамыту» тақырыбында ашық сабақ өткіздік.
Ашық сабағымызда ойлау туралы дәріс оқылып,
ойлауды дамытуға арналған әдістемелер,
тренингтік жаттығулар жүргіздік. Сабағымыз
көңілді, ұғымды, мазмұнды өтті. Колледж психо-
логы Гульмира Жебегенқызымен тәжірибе алма-
су барысында көптеген құжаттармен таныса оты-
рып, психолог жұмысының қыр-сырын меңгеру
үстіндеміз.
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ машықтанушылары
А.М.Рустембекова, жантану, педагогика пәндерінің
оқытушысы
Жас ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуы - ізгілік, ғылымилық, жүйелілік
ұстанымдарына негізделген үздіксіз білім беру жүйесі
Әр халықтың басты байлығы, баға
жетпес қазынасы – ана тілі. Қазақстан
Республикасының негізгі тілі – мемлекеттік
тілді, яғни қазақ тілін құрметтеу, оны білу –
біздің әрқайсымыздың асыл парызымыз. Ана
тіліне салғырт қарау - өз халқының өткеніне,
бүгініне, болашағына немқұрайды қарау де-
ген сөз.
Мемлекеттік тілдің қолдану аясын барған
сайын кеңейтіп, оны шын мәніндегі қоғамдық
қарым-қатынас тілі ету бүгінгі күн тала-
бы екендігі баршамызға белгілі. «Жұмыла
көтерген жүк жеңіл» дейді халық даналығы.
Ендігі мақсат – тәуелсіз мемлекетіміздің
қоғам өмірінің барлық саласында қазақ тілін
кеңінен қамтамасыз ету.
Қазақстан
Республикасының
ХХІ
ғасырдағы болашағы, шығар биіктері
саяси-экономикалық факторлармен қатар,
оның мемлекеттік тілі – қазақ тілінің де да-
муына тікелей байланысты. Қазақ тілінің
мемлекеттік тіл мәртебесі Ата Заңымызда
анық
айқындалған.
Елбасымыз
да
«Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде!»
деп қадап көрсетті.
Сонымен қатар тілімізді құқықтық
тұрғыдан
бекіткен
Қазақстан
Республикасынның тілдерді дамыту мен
қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы бар.Осы заң
актілері әрбір Қазақстан азаматы үшін
бұлжытпай орындалуға тиісті құжат бо-
лып табылады. Осыған орай, қазіргі таңда,
Талдықорған политехникалық колледжінде
ҚР «Тілдер заңының» орындалуы қазақ тілі
мен әдебиет пән оқытушылары тарапынан
мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту,
оның мәртебесі мен маңызын арттыруға
үнемі зор көңіл бөлінуде.
Оқу орыс тілінде жүретін білім
алушыларға егемендік еліміздің мемлекеттік
тілі – қазақ тілін оқыту өмірлік зор маңызға
ие. Орыс топтарындағы қазақ тілі сабағының
білімдік дәрежесі бүтіндей басқа. Өйткені,
орыс топтарындағы қазақ тілін оқытудың
әдісі де, оған қойылатын талаптары да
өзгеше. Мақсаты- білім алушыларды
қазақша сөйлей білуге үйрету болады да, сол
сөздерден сөйлем құрау үшін грамматикалық
ережелер, анықтамалар сөз үйретудің тех-
никасы ретінде қарастырылады. Білімгердің
сапалы білім алуына, сол пәннен алынатын
міндетті білім дағдыларын меңгеруіне дұрыс
бағытта жол ашу үшін, әр пән оқытушысы
сол пәннің өзіне тән ерекшеліктеріне, сол
пәнге тән оқытудың принциптеріне баса
көңіл бөлгені жөн. Оқу орыс тілінде жүретін
топтарда қазақ тілін оқитын білімгер өзіне
таныс емес тілдің дыбыстық құрамын,
дыбыстардың айтылу нормасын, дыбыстық
заңдылықтарын,
оның
грамматикалық
құрылысын игеруге, ойын еркін жеткізуге,
басқаның сөйлеуін түсінуге, жеткілікті
дәрежеде сөздік қорын меңгеруге тиісті.
Қазақ тілі сабағы әрі тартымды, әрі қызықты,
әрі сапалы болуы әр пән оқытушыларының
өзіне, білім деңгейіне, кәсіби шеберлігіне
байланысты. Оқу-тәрбие негізі - сабақ.
Сондықтан сабақ тартымды, әсерлі,
мақсатты, айқын, қызықты және толық мәнді
болуы тиіс. Ол-сонымен бірге басқа ұлт ба-
лаларына қазақтың әдебиеті мен мәдениетін,
ғылымын, өнерін насихаттайтын пән. Со-
нымен қатар, мемлекеттік тілді меңгеруде
өзге ұлт өкілдерін сабақтан тыс қазақ тілінде
өтетін мерекелік іс шараларға қатыстырудың
маңызы өте зор. Қазақстан Республика-
сында тілдерді дамыту мен қолданудың
2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы аясында колледжімізде
мемлекетті тілді насихаттауға, меңгеруге
байланысты көптеген игі іс-шаралар
ұйымдастырылып өткізіледі. Атап айтсақ,
Тілдер мерекесіне арналған «Тіл тұмар- бір
шынар» атты қалалық конференция, «Тілім
менің- тірлігімнің айғағы» атты конферен-
ция, Сайын Мұратбековтың 80 жылдығына
арналған «Қазақ әдебиетінің жауһарына
арналған туындылар- «Жусан иісі», «Басын-
да үшқараның...» атты қалалық конферен-
ция, «Менің колледжім-менің мақтанышым»
атты шығармалар байқауы, Ұлы Отан
соғысының Жеңісінің 70 жылдығымен Әлия
Молдағұлованың 90 жылдық мерейтойы-
на арналған әдеби музыкалық композиция,
Талдықорған политехникалық колледжінің
80 жылдығына орай «Ұлтым басқа - тілім
қазақ» атты өзге ұлт өкілдеріне арналған
байқау өткізілді. Бұл іс-шаралардың барлығы
«Атамұра» үйірмесінің ұйымдастыруымен
өткізілді. «Атамұра» үйірмесі Садвакасова
Мира Науанқызы мен Акчолакова Дина-
ра Манапқызының жетекшілігімен өтеді.
Ақпанның 19 күні өткізілген «Ұлтым басқа-
тілім қазақ» атты колледждер арасында
өткен қалалық байқауда ұлты басқа болса
да - ұраны бір, тілі басқа болса да - тілегі
бір, отбасы басқа болса да – Отаны бір өзге
ұлт өкілдерінің қатысуымен өтті. Байқау 4
кезеңнен тұрды. Әр колледжден келген өзге
ұлт білімгерлері әр кезеңнің тапсырмала-
рын орындап, байқау қорытындысында
Талдықорған гуманитарлық- техникалық
колледжінің студенті Бедарева Викто-
рия І жүлделі орынды иеленді. ІІ орынды
Талдықорған политехникалық колледжінің
білімгері Кулишова Ольга орыс ұлтының
өкілі иеленсе, ІІІ орындарды Низамов Абдума-
жит ұйғыр ұлтының өкілі мен орыс ұлтының
өкілі Мурзахметов Анатоли иеленді.
Біз, оқытушылар, білімгерлердің қай
кезде де өз тілдердің дамуына еш нұқсан
келтірмей, оларға деген мемлекеттік қолдау
– қамқорлық аясын тіпті де тарылтпай оты-
рып, қалай дегенде де Қазақстан Республика-
сы мемлекетінің негізін құраушы, ел-жер иесі
қазақ халқының ұлттық тілі – қазақ тілінің,
мемлекеттік тілдің мүддесін мейлінше кең
көздеуге және меңгеруіне маңыз беруіміз ке-
рек.
Д.М.Акчолакова, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің
оқытушысы
М.Қаратаевтың: «Ілияс поэзиясы — терең
ойдың үлкен сезімнің поэзиясы. Ол өрен жүйрік,
асқақ ақынның тегеурінді талантынан туған
жоғары идеялы, шыншыл, ұшқыр қиялды,
қуатты поэзия. Ыстық жүректен қорғасындай
балқып, төгіліп, аулан сырлы бейнені қорытқан
салмақты, салиқалы поэзия» деген астарлы ой
бір арнаға тоғысқандай.
Жетісудың жыр дүлдүл ақыны, жыр
поэзиясының құлагері - Ілияс Жансүгіровтың
поэзиясы ұлттық әдебиеттің классикалық
байлығының қатарына жатады. Ақынның
терең идеялы, көркем мүсінді, эпикалық
кең тынысты шығармаларының танымдық,
тәрбиелік мәні зор.
Бірнеше
рет
т ы ң д а ғ а н н а н
гөрі, көзбен көру
адамның
есінде
мәңгі қалады де-
ген
мақсатпен
ақынның өмірі мен
шығармашылық
жолын жан- жақты
таныту мақсатында
СБ – 413 топ
білімгерлерімен
саяхат
сабағы
ұйымдастырылды.
Біз І.Жансүгіров
атындағы облыстық мұражайға бардық.
Мұражай қызметкерлері білімгерлерді жылы
шыраймен қарсы алып, Ілияс атамыздың
бұрынғы оқыған мектебінің макетін,
қолданған заттарын, жазған газет беттеріндегі
мақалаларын , кітаптарын көрсетті.
Халқымыздың құт-береке дарыған, ежел-
ден ақындық, батырлық, даналық мекені Жетісу
өлкесінің перзенті Ілияс көкірегіне жас күнінен
бастап ән мен жырдың, өлең мен күйдің небір
асыл нұсқаларын тыңдап өскені жайлы білді.
Ілияс Жансүгіров — қазақ әдебиетінің
барлық жанрларында қалам тартып, елеулі
туындылар берген әмбебап дарын. Әсіресе ол
өзінің аса қуатты суреткерлік талантын поэзия
жанрында көрсетіп, күллі қазақ әдебиетінің
мақтанышына айналған туындылар берді.
Қазақтың Абайдан кейінгі замандағы
аса дарынды да арынды ақыны Ілияс
Жансүгіровті, әдетте, өзі шалқар шабыт, ке-
ремет құштарлықпен көсіле жырлаған Ақан
серінің Құлагеріне ұқсастырады. Айтты-айт-
пады, екеуінің дүлдүлдігінде ғана емес, тағдыр-
талайында, қайғылы өлімдерінде де ұқсастық
бар. Бәйгенің алдын бермейтін қас жүйріктерге
ғана тән намыскерлікпен жанын сала зымы-
рап бара жатқан Көктұйғынды омыраулап,
кең тыныспен жүйткіп келе жатқан Құла
пырақ межелі жер -Жыландысайға еңкейісте,
үстіндегі баланың
тізгінін
босатып,
тақымын
сәл
қымтып қалуы мұң
екен, жұлдыздай аға
жөнеледі. Сол сәтте
қалтарыстан
тап
берген қарақшы кер
құланы маңдайдан
айбалтамен періп
өтеді де, қайран
тұлпар қара жер
қақ айырылғандай
гүрс етіп құлап қала
береді.
Сонымен
бірге
«Құлагер»
«Кұйші», «Дала» поэмаларының сюжетіне
негізделіп жасалған сахналық диаграмма-
ны көріп, поэмалардан үзінділер тыңдады.
І.Жансүгіровтың көп томдық шығармалары
жинағымен танысып, ол кісінің жазықсыз
жаланың құрбаны болғаны туралы тақтайшада
жазылған мәліметтерді оқыды.
Сабақ соңында топ білімгері Чукунов
Нұрболат мұражай қызметкерлеріне өздерінің
бүгінгі сабақта алған әсерлерін айтып ойла-
рымен бөлісті. Мен мұражай қызметкерлеріне
еңбектеріне шығармашылық табыс тілеп,
алғысымды білдірдім.
Т.Т.Садықбаева, қазақ тілі мен
әдебиеті пәнінің оқытушысы
Қабілетсіз бала болмайды,
дамымаған қабілет иесі болады.
Жақсылық
жамандықты жеңесін
Әрбір бала бір жұлдыз.
Жарқырауына көмектес!
Талай ғасырлар бойы адам көптеген ғалымдар
әулетінің зерттеу объектісі болып келеді. Тәрбие
психологиясы тәрбиені тәрбиешілер мен
тәрбиеленушілердің өзара әрекеттерінде, тек
қана тәрбие объектісі ғана емес, сонымен бірге
субъектісі болып табылатын тәрбиеленушілердің
өздерінің өзара әрекеттерінде іске асатын процесс
ретінде қарастырады.
Тәрбие
психологиясы
білімгерлердің
тәрбие ықпалы жағдайындағы психикалық
іс-әрекеттері
заңдылықтарын
шәкірттердің
өзін-өзі тәрбиелеуінің; психологиялық негізін
аша отырып, осы механизмдердің жеке адам
қасиетін қалыптастырудағы ықпалын зерттейді.
Қазіргі кезеңде өндіріс, ғылым, медицина, ойын
және спорт салаларындағы бірде-бір іс- әрекет
психологиялық заңдылықтарды түсініп, та-
нып білмей тиімді орындалуы мүмкін емес. Бұл
күнде спорт психологиясын зерттеуге деген зор
қызығушылықтар туындауда.
Біздің елімізде спортты дамытуға зор көңіл
бөлінеді. Ғылыми негізделген методика бойын-
ша жүргізілетін мұндай жұмыстар процесінде
спорттық нәтижелер ғана өсіп қоймайды, сонымен
бірге денсаулық сақтауда, біздің қоғамымыз үшін
маңызды адамгершілік қасиеттерін, дене мен ақыл-
ой қабілеттерін дамытуға жоғары көрсеткіштерге
жетеді. Спорттағы психологияның негізгі міндеті
– спортшылырдың спорттық жоғары нәтижелерге
жетуіне жағдай жасау ғана емес. Сонымен қатар,
колледжде алып жатқан білімдері мен тәрбиесі
білімгерлердің спортшы тұлғасын жан-жақты да-
мыту, оның психологиялық мәдениетін көтеру
болып табылыды. Спорттық жарыстардың алдына
спортшылардың психикасын сол үрдіске бейімдеп
жаттықтыру және бәсекелестік мәселесінен
жеңімпаз ететіндей нұсқалармен қаруландыру. Жа-
рыс барысында өзін-өзі басқара алатын дәрежеге
жеткізу.
«Колледжде тәрбие программасында» шаңғы,
коньки, шана, велосипед, спортроллер тебу, сондай-
ақ жүзу және басқа да спорттық жаттығулар
көзделген. Бұлардың бәрі бұлшық еттердің негізгі
топтарын нығайтуға, сүйек, жүрек-қан тамыр,
тыныс алу, нерв системаларын дамытуға жағдай
жасайды, сондай-ақ шынықтыруға көмектеседі.
Оның үстіне жаттығулар процесінде дене
қасиеттері: ептілік, шапшаңдық, көзбен мөлшерлеу,
тепе-теңдік, күш, төзімділік дамиды. Колледж
білімгерлері техниканы дұрыс игеру қасиеттерін
жетілдіріп, сондай-ақ еріктерін қалыптастырып,
дене шынықтыру жаттығулары және спорттың сан
алуан түрлерімен одан әрі ойдағыдай айналысуға
мүмкіндік береді. Біздің басты міндетіміз кол-
ледж білімгерлерін ситуациялық жағдайларды
талдау арқылы саналы шешім қабылдауға
үйрету, салауатты өмір сүруге, өз денсаулығына
жауапкершілікпен қарауға, айналасындағы адам-
дармен жақсы, жағымды қарым - қатынас жасауға
тәрбиелеу. Жарысты сәтті өткізу үшін физикалық
және тактикалық дайындықтың жоғары деңгейде
болуы жеткілікті емес. Қозғалыс, интеллектуал-
ды дағдылар және топтық әрекет дағдыларының
маңыздылығын арттыру.
Сондықтан жарыс алдындағы дайындықта әр
түрлі психикалық процесстер мен қалыптар үлкен
мәнге ие болады. Осындай дайындықтың әдіс
тәсілдерін өңдеу, спорт психологиясының негізгі
қызметінің бірі.
Негізгі қызметті жүзеге асыру үшін:
•
Жарыс жағдайында психика қызметінің
заңдылықтарын зерттеу және жарыстық әрекеттің
тұрақтылығы мен сенімділігін арттырытын
әдістерді өңдеу;
•
Жарыс алдындағы және жарыс
жағдайында болатын психикалық қалыпты зерт-
теу;
•
Психопрофилактиканы дамыту, спорт-
шыларды шынықтырудың психологиялық жолда-
рын, әдістерін және тәсілдерін қалыптастыру және
психологиялық жарақатқа төзімділігін арттыру.
Қазіргі заманғы қоғмда спорт үлкен орын
алады. Басқа ғылымдар сияқты спорт психоло-
гиясы спорттық әрекеттің маңызды жақтарына
талдау береді және көптеген мәселерін шешуге
көмектеседі.
Спорт психологиясы – спорттық әрекет
жағдайында адамның психикасының
заңдылықтарын, дамуын, көрінісін зерттейтін
психологиялық ғылым саласы. Психологиялық
дайындыққа батылдық, қайсарлық, ынталылық,
табандылық, тәуекелшілік, ұстамдылық секілді
жігер, қайрат дайындығы кіреді. Колледжіміздің
көптеген жеңіс көрсеткіштеріне сүйене отырып,
спорт саласындағы білім алушылардың бойында
осындай қасиеттердің барына кәміл сенеміз!
Г.Ж. Каримова, колледж психологі