Сабақта білім тексеру түрлері мен әдістері



Pdf көрінісі
Дата28.10.2022
өлшемі11,89 Mb.
#45981
түріСабақ


САБАҚТА БІЛІМ
ТЕКСЕРУ
ТҮРЛЕРІ МЕН
ӘДІСТЕРІ.


ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
НЕГІЗГІ ӘДЕБИЕТТЕР:
Ш.Х.ҚҰРМАНАЛИНА, Б.Ж.МҰҚАНОВА, Ә.У.ҒАЛЫМОВА, Р.К.ИЛЬЯСОВА.
«ПЕДАГОГИКА» ОҚУЛЫҚ. АСТАНА. 2007Ж. 469-Б.
С.А.МҰСАЕВА, Т.Б.БЕГАЛИЕВ. «ЖАС ЕРЕКШЕЛІК ПЕДАГОГИКАСЫ».
ОҚУЛЫҚ. АСТАНА, 2006Ж. 430-Б.
Ж.ӘБИЕВ., С.БАБАЕВ., А.ҚҰДИЯРОВА «ПЕДАГОГИКА» АЛМАТЫ, 2004Ж.
213-Б.
ҚОСЫМША ӘДЕБИЕТТЕР:
АВАНЕСОВ В.С. ФОРМЫ ТЕСТОВЫХ ЗАДАНИЙ. УЧЕБНОЕ ПОСОБИЕ. –М.,
1991. – 52С.
ТАЛЫЗИНА Н.Ф. КОНТРОЛЬ И ЕГО ФУНКЦИИ В УЧЕБНОМ ПРОЦЕССЕ.//
СОВЕТСКАЯ ПЕДАГОГИКА.-М., 1989. -№3. –С.11-18.
ШӘКІЛІКОВА С., ҚАҒАЗБАЕВА А. СТАНДАРТТЫҢ ОРЫНДАЛУЫ–
МАМАНДАР ДАЙЫНДАУДЫҢ САПАСЫНА ҚОЙЫЛАТЫН БАСТЫ
ТАЛАП.// ҚАЗАҚСТАН ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ. -№1 1999.172-175Б 


CLASS ACTIVITIES
CLASS ACTIVITIES
Бақылаудың тақырыптық түрін ұйымдастырудың практикалық
мәселелері Е.С.Березняк, В.И.Иващенко, С.Ф.Сухарский,
Е.И.Перовский, Н.В.Чертинский, П.Горбунов, В.О.Онищуктің,
А.К.Исақов, ғылыми педагогикалық еңбектерінде талданға
ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ, БІЛІК, ДАҒДЫЛАРЫН ЕСЕПКЕ АЛУ,
БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ ОНЫҢ АСА ҚАЖЕТ ҚҰРАМДАС БӨЛІГІ БОЛЫП
ЕСЕПТЕЛЕДІ. МҰҒАЛІМНІҢ САБАҚТАР ЖҮЙЕСІНДЕ ОНЫ ДҰРЫС ҰЙЫМДАСТЫРА
БІЛУІ, КӨПТЕГЕН ЖАҒДАЙДА ОҚУ ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІНІҢ ТАБЫСТЫ БОЛУЫНЫҢ ОҢ
КЕПІЛІ. ОЛ ҮШІН, МҰҒАЛІМ ОҚУШЫНЫҢ ОҚУ МАТЕРИАЛЫН МЕҢГЕРУ
ДӘРЕЖЕСІН, САПАСЫ МЕН КӨЛЕМІН ҮНЕМІ АНЫҚТАП ОТЫРУЫ ТИІС. БҰЛ
БАҒЫТТА ОҚУШЫЛАРДЫҢ, САБАҚТАР ЖҮЙЕСІНДЕ БІЛІМ, БІЛІК, ДАҒДЫЛАРЫН
ЕСЕПКЕ АЛУ, БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУДЫҢ МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ, БАҚЫЛАУДЫҢ
КӨМЕГІМЕН ТЕОРИЯЛЫҚ БІЛІМДІ МЕҢГЕРУДЕГІ САПА, БІЛІКТІЛІК ПЕН ДАҒДЫНЫ
ҚАЛЫПТАСУ ДӘРЕЖЕСІ АНЫҚТАЛАДЫ. ОСЫ ТҰРҒЫДА БІЛІМ, БІЛІК, ДАҒДЫНЫ
ЕСЕПКЕ АЛУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ МӘСЕЛЕСІНЕ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ПРАКТИКАЛЫҚ
ТАЛДАУ ЖАСАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ЕРЕКШЕ.


Күнделікті бақылау оқыту процесінде күнделікті қолданылады және сабақ барысында
оқушылардың оқу-танымдық әрекетіне басшылық жасайды. Ол ішкі және сыртқы
байланысты жан-жақты жүзеге асырауға мүмкіндік туғызады, соның негізінде
оқушылардың келесі оқу әрекетіне ықпал етеді.
Күнделікті бақылау мұғалімнің жалпы немесе жекелеген оқушылар жұмысына жүйелі
түрде бақылау жасау көмегімен жүргізіледі. Бақылаудың бұл түрі оқушылардың сынып
немесе үй тапсырмаларын өз бетінше орындауға деген ниеттері мен берілген
тапсырманы орындауға деген олардың қызығушылығы және жауапкершілдік сезімін
ынталандыруда үлкен манызға ие болады.
Тақырыптық бақылау — оқу бағдарламаларындағы белгілі тақырыптар бойынша
өткізіледі. Сабақтың тақырыбы және әрбір кезеңдері негізінде оқушылардың білімді,
іскерлікті, дағдыны игеруі тексеріледі. Сонымен бірге, мұғалім жаңа тақырыптың кейбір
басты мәселелерін өткен сабақтардағы оқу материалдарымен толықтырады, кейбір
ұғымдарды, анықтамаларды, ғылыми ережелерді оқушы-лардың есіне салады.


ОҚУШЫЛАРДЫҢ
ОҚУШЫЛАРДЫҢ
БІЛІМІН ТЕСТ АРҚЫЛЫ
БІЛІМІН ТЕСТ АРҚЫЛЫ
ТЕКСЕРУ .
ТЕКСЕРУ .
ИННОВАЦИЯ ТЕРМИНІ БІЛІМ САЛАСЫНДА ҮНЕМІ ІЗДЕНІС ЖӘНЕ БІЛІМ
МАЗМҰНЫН ӨМІР ТАЛАБЫНА САЙ ЖАҢАРТУ, ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ
ӘДІСТЕРІН ЖАСАУ ДЕГЕН МАҒЫНАНЫ БІЛДІРЕДІ. ТЕСТ-БАҚЫЛАУДЫҢ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСІ. ТЕСТ АҒЫЛШЫН СӨЗІ, АУДАРҒАНДА БАЙҚАУ,
БАҚЫЛАУ, ЗЕРТТЕУ ДЕГЕН МАҒЫНАНЫ БІЛДІРЕДІ.
ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМІ МЕН БІЛІГІН ТЕКСЕРУДІҢ ТҮРЛІ
ФОРМАЛАРЫНЫҢ ІШІНДЕ СОҢҒЫ КЕЗДЕ БАСТЫ ОРЫНДЫ ТЕСТ
БОЙЫНША ТЕКСЕРУ АЛЫП ЖҮР. ОҚЫТУ САЛАСЫНДА ТЕСТ ҚОЛДАНУ
БІЛІМДІ ТЕКСЕРУ ӘДІСІН ЖЕТІЛДІРУГЕ ҚОСЫЛЫП ОТЫРҒАН ҮЛКЕН ҮЛЕС
БОЛЫП ЕСЕПТЕЛЕДІ.
МЫСАЛЫ, АЛДЫН-АЛА ТЕКСЕРУДІҢ МАҚСАТЫ- ЖАҢА МАТЕРИАЛДЫ
ИГЕРУГЕ ҚАЖЕТТІ БІЛІМ, БІЛІК, ДАҒДЫ ДЕҢГЕЙІН АНЫҚТАУ. МҰНДАЙ
ТЕКСЕРУДІҢ НӘТИЖЕСІНДЕ МҰҒАЛІМ ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМІНДЕГІ
ОЛҚЫЛЫҚТАРДЫ ДЕР КЕЗІНДЕ БАЙҚАП, АНЫҚТАП, ҚОСЫМША САБАҚ,
КЕҢЕС ҰЙЫМДАСТЫРА АЛАДЫ. АЛДЫН-АЛА ТЕКСЕРУГЕ АРНАЛҒАН
СҰРАҚТАР МЕКТЕП БАҒДАРЛАМАСЫНА СӘЙКЕС ҚҰРАЛАДЫ.


 Әлемде тестік тапсырмалар арқылы білім сапасы мен
деңгейін тексеру, жоғары технологиялар қатарына
жатқызылады.
Тестілеу әдісі көптеген дамыған елдерде қазіргі білімінің
ажырамас бөлігіне айналған жастардың дайындық
деңгейін және жалпы білім сапасын болжаудың тиімді
құралы ретінде пайдаланылады.
Оқушылардың білімнің мемлекеттік стандарт
талаптарына сәйкестігін бақылауды ұйымдастырудың бір
түрі – тесттік бақылау жүйесі. Ол оқушылардың өз бетінше
жұмыс әрекетін арттырып, оқытудың тиімділігіне қол
жеткізіп, ойлау қабілетін шығармашылық әрекетін
белсендіреді. 


 Тестілеу процесін 3 кезеңге бөлуге болады:
- тестіні таңдау, ол тестілеудің мақсатымен және
тестілеудің дұрыстығымен сенімділік дәрежесімен
анықталады;
- оны өткізу, тестіге берілген нұсқамен анықталады;
- нәтижелерді пайымдау, тестілеудің пәніне қатысты
теориялық жүйесімен анықталады.
Тестілер төмендегідей ерекшеліктерімен сипатталады:
1. қажетті жабдықтау және өткізу рәсімінің
қарапайымдылығы
2. нәтиженің тікелей анықталуы
3. жеке және топтық жағдайда қолданылуы
4. математикалық өңдеуге қолайлылығы
5. қысқа мерзілімділігі
6. белгіленген стандарттың (норманың) болуы
7. ақиқаттылығы



ТЕКСЕРУ ТҮРЛЕРІ
КҮНІ БҮГІНГЕ ДЕЙІН ОҚЫТУ САЛАСЫНДА ҚОЛДАНЫЛЫП ЖҮРГЕН БІЛІМ,
БІЛІК ЖӘНЕ ДАҒДЫНЫ ТЕКСЕРУ МЕН БАҒАЛАУДЫҢ »5» БАЛДЫҚ ЖҮЙЕСІ,
ОНЫҢ САПАСЫН, ДӘРЕЖЕСІН АНЫҚТАП, БЕЛГІЛЕУДЕ БАРЛЫҚ ЖАҒДАЙДА
ОБЪЕКТИВТІК ТҰРҒЫДА ҚАМТАМАСЫЗ ЕТПЕЙДІ. СОНЫҢ НӘТИЖЕСІНДЕ
ҚАЗІРГІ КЕЗДЕ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕГІ
РЕЙТИНГ — ТЕСТІК ЖҮЙЕ ОҚУ-ТАНЫМ ӘРЕКЕТІНІҢ САПАСЫН
АНЫҚТАЙТЫН БАҚЫЛАУДЫҢ ЖАҢА ТҮРІ ӨМІРГЕ КЕЛДІ.
РЕЙТИНГ — АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ ІОГАІ — »БАҒАЛАУ» НЕМЕСЕ »ЖЕТІСТІК
ӨЛШЕМІ» ДЕГЕН ҰҒЫМДЫ БІЛДІРЕДІ.
РЕЙТИНГ ЖҮЙЕСІНІҢ МАҚСАТЫ:
— ОҚУ-ТАНЫМ ӘРЕКЕТІНІҢ САПАСЫН, НӘТИЖЕСІН АРТТЫРУ;
— ОҚУ-ТАНЫМ ӘРЕКЕТІНІҢ САПАСЫН ТЕКСЕРУ, БАҒАЛАУДЫҢ
ТИІМДІЛІГІН ЖЕТІЛДІРУ ЖӘНЕ ӘДІЛДІГІН ОРНЫҚТЫРУ;
— ОҚУ-ТАНЫМ ӘРЕКЕТІНДЕГІ БІЛІМ, БІЛІК, ДАҒДЫ САПАСЫН, ДӘРЕЖЕСІН
БАҚЫЛАУДА ЖҮЙЕЛІЛІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ;
— ОҚУ-ТАНЫМ ӘРЕКЕТІНДЕГІ СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІН,
БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ; ТЕКСЕРУДЕ УАҚЫТТЫ ҮНЕМДЕУ.


Рейтинг-тестік бақылау түрлеріне:
а) күнделікті немесе ағымдық (текущий),
ә) аралық (рубежный),
б) қорытынды (итоговый) бақылау жатады.
Күнделікті немесе ағымдағы бақылау әрбір модулдер бойынша жүргізіледі. Ол
курстың белгілі бір тарулары немесе бөліктері, болмаса күрделі тақырыптары
аяқталған кезеңде ұйымдастырылады.
Ауызша сұрау — сабақтағы тілдік тәжірибенің бірден-бір түрі. Ол өзара
байланысты, бір-біріне ықпал ететін үш бөліктен тұрады.
Бірінші — мұғалімнің сұрағы және қою әдістемесі педагогикалық аксиомамен
байланысты: ақылмен берілген жауапты ақылмен қойылған сұраққа алуға болады.
Мұғалімнің беретін сұрағы мазмұнды, жүйелі және мақсатқа сәйкес болу керек.
Екінші — оқушының жауабы негізгі және маңыздырақ бөлім.
Үшінші — оқушылардың білімін тексеру кезіндегі оқушылардың төртібі. Ең бастысы
— бір оқушы тақырыпты түсінгенін айтып жатқанда сыныптың зейінін, есін
белсенді етіп, барлық оқушыларды белсенді жұмысқа тарту. Кезеңнің мәні —
сыныптың барлық оқушыларының білімдерін жетілдіретін, кейбірін аттестациядан
өткізетін ұжымдық, танымдық іс-әрекет. Оқу-шылардың білімін тексеру тек
бақылаудың мақсаты ғана емес, ол оқытудың да мақсаты болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет