Дәріс Тақырыбы: Математиканы оқыту процесіндегі есептердің рөлі. Математикалық есептердің функциясы. Математикалық есептердің классификациясы. Математикадан деңгейлік есептер жүйесі. Мектеп математика есептерін шешуге үйрету



бет1/6
Дата13.03.2023
өлшемі189,5 Kb.
#73921
  1   2   3   4   5   6

Дәріс 1-3. Математиканы оқыту процесіндегі есептердің рөлі мен функциясы

Мақсаты: Математиканы оқыту процесіндегі есептердің рөлі мен функциясын түсіндіру Жоспары: 1. Математиканы оқыту процесіндегі есептердің рөлі. 2. Математиканы оқыту процесіндегі есептердің функциясы.

Білім беру жүйесінің қазіргі даму кезеңінде есептің мате- матиканы оқытудағы рөлі біріншіден, оқушылардың қандай да бір есептерді шығара алуы арқылы оқу нәтижесін береді; екіншіден, оқытудың мақсатына жету оқушыларды матема- тикадан есептерді шығаруды үйрету арқылы жүзеге асады; үшіншіден, бірқатар тақырыптарды (мысалы, сызықтық, квад- ратты және тағы басқа теңдеулерді шешу әдістерін оқытуда) оқыту пәні болып табылады. Демек, есептерді шығару ма- тематиканы оқытудың нәтижесі, құралы және пәні болып табылады. Оқушылардың қандай да бір есепті шығарудағы белсенділігі оның есепті шығару процесіндегі ойлануымен байланысты. Математикалық есептерді шығаруды оқытудың жүйелі әдістемесі оқушылардың математикадан білім, білік және дағдыларының жоғары деңгейде қалыптасуына әсер етеді.

Математиканы оқытудағы есептерге байланысты әдістемелік мәселелерді шешуде айтарлықтай үлес қосқан әдіскер-математиктердің (Г.Д. Балк, Г.А. Балл, Г.П. Бевз, А.М. Пышкало, З.А. Скопец, А.А. Столяр, Ю.М. Колягин, В.И. Крупич, В.В. Фирсов, Р.С. Черкасов, П.М. Эрдниев, Л.М. Фридман, А.Е. Әбілқасымова, В.А. Гусев, Г.В. Дорофеев, К.И. Нешков және т.б.) жұмыстарына талдау жасай келе есепті шығару ма- тематикадан білім мен іс-әрекеттер тәсілін қалыптастырудың негізгі құралы, оқушылардың математикалық білімін дамытудың тиімді тәсілі екенін көреміз. «Есеп» ұғымының мағынасын ашуда жүйелік тәсіл берілген ұғымды нысан, құрал және нәтиже ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Психологиялық әдебиеттерде «есеп» ұғымын анықтаудың бірнеше тәсілдері бар. Соның ішінде көп қолданылатыны есепті қандай да бір танымдық нәтижеге қол жеткізудегі ойлау әрекетінің мақсаты ретінде түсіну. Ғалымдар арасында математика, психология және педагогика салаларында «есеп» терминіне пәннің ерекшелігіне байланысты әртүрлі көзқарастар қалыптасқан, есепті шығару процесінде адам мүмкіндіктерінің іске асуы мен дамуы тұрғысынан да қарастырады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет