№11-Дәріс Тақырып: ОҚУ Үрдісінде оқушылардың ОҚу жетістіктерін бағалау технологиясы



бет1/7
Дата10.12.2023
өлшемі0,76 Mb.
#136506
  1   2   3   4   5   6   7

№11-Дәріс  

Тақырып: ОҚУ ҮРДІСІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН БАҒАЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

ЖОСПАР:

  • Оқушылардың білімін бақылау және диагностикасын зерттеу
  • Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесін енгізудің алғышарттары
  • Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалаудың негізгі идеялары мен қағидалары зерттеу
  • Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны.
  • Критериалды бағалау жүйесінің құрылымын анықтау
  • Қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру, Жиынтық бағалауды жүргізу және қорытындысын модерациялау.
  • Оқушылардың білімін бақылау және диагностикасын зерттеу

Білім беру саласында оқу-таным әрекетінің сапасын, дәрежесін есепке алу, тексеру және бағалаудың білім, білік, дағдының нәтижесін арттыруда қызметі ерекше. Сөйтіп, оның технологиясын әркезде өмір талабына сай жетілдіріп отыру оқыту міндеттерінің өзекті мәселелерінің бірі.
Мониторинг дегеніміз – белгілі бір нәрсенің жай-күйін бақылау, талдау және болжау жүйесі. Бұл сөз ағылшынның «монитор» деген сөзінен алынған. Белгілі параметрлерді анықтауды бақылау құралы. Мониторингті техникалық құралдарың көмегімен жүргізілетін бақылаудың ерекше түрі деп қарастыруға болады.
Мониторингті жүргізгенде, шұғыл түрде белгілі бір ақпараттың көлемін таңдай аламыз және өңдей аламыз. Бақылаудың тиімді жаңа технологиясы уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді. Компьютерді пайдалану арқылы үнемі бақылауға болады. Бұл – мониторингтің тағы бір маңызды ерекшелігі.
Педагогикалық мониторинг педагогикалық жүйенің дамуын болжау, сонымен қатар оның жағдайын үздіксіз бақылауын қамтамасыз етуді көрсетеді. Сондай-ақ, ол әлеуметтік-психологиялық, медициналық мониторинг, оқушының жеке басының көзқарасын жалпылай алу мақсатында бұл оқу орындарына ең қажетті болып табылады.

Білімді бақылаудың түрлеріне: ағымдық бақылау, аралық бақылау, қорытынды бақылау жатады. Олар бақылау жұмыстары, бақылау жұмыстары, эссе жазу, диктант, тест тапсырмалары және ауызша, жазбаша емтихан яғни қорытынды бақылаудан тұрады. Бақылау формалары жеке, топтық, фронтальды деп бөлінеді. Бақылау дидактикалық принциптер негізіндежүргізіледі.


Диагностика негізінде белгіленген мақсат, міндеттердің табысты орындалуы жоғары дәрежеде болады. Ол болмаған жерде дидактикалық үдерісті тиімді басқару мүмкін емес. Диагностика – бұл дидактикалық үдерістің нəтижесін анықтау. “Диагностика ұғымының мəні -білім, ептілік жəне дағдыларды тексеру түсінігімен салыстырғанда едəуір тереңдеу əрі кең.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет