«Химиялық ассоррти»
Мақсаты: 8 сынып оқушыларының химия пәніне деген қызығушылығын арттыру. Осы негізде оларға сабақтан тыс қызықты химиялық тәжірибелер көрсетіледі. Химиялық реактивтердің қасиеттерін бір-бірінен ажырата білуге үйренеді.
Мұғалім: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар мен оқушылар!
«Қайда қарасақта, қайда көз жіберсек те көретініміз химияның ғажайыптары» демекші, шындығында да бізді қоршаған табиғат химиялық құбылыстарға толы.
8 сыныптар арасында таңғажайып сыры мол химия пәнінен өткізілгелі отырған «Қызықты химиялық тәжірибелер алаңы» атты сыныптан тыс шараға қош келдіңіздер!
1-бөлім. «Кім жылдам?» Ережесі: 1 минут ішінде лездік сұрақтар қойылады. Дұрыс жауапқа бір балл)
І топқа қойылатын сұрақтар 1.Периодтық заңды кім және қашан ашты? (1869 жыл, Менделеев)
2.Валенттілік дегеніміз не? (химиялық элемент атомының басқа химиялық элемент атомдарының белгілі бір санын қосып алу қабілеті)
3.Химиялық реакция типтерінің қанша түрі бар? (төрт)
4.Сүзу әдісімен бөлінген ерітіндіні қалай атайды? (сүзінді)
5.Химиялық реакцияның қандай белгілерін білесің? Атаңыз. (жылудың бөлінуі, тұнбаның түсуі, газдың бөлінуі, т.б)
6.Заттың құрамы мен қасиетін сақтайтын ең кіші бөлшегі (молекула)
7.Берилий, мырыш, кальций, магний валенттіліктері (тұрақты екі валентті)
8.Химиядағы басты ұғым (химиялық элемент)
9.Формуланың алдына қойылатын сан (коэффициент)
10.Химиялық реакция типтерін атаңыз (қосылу, айырылу, орынбасу, алмасу)
11.Авогадро тұрақтысының мәні (6,02*1023)
12.Заттардың өзара әрекеттесетінін көрсететін таңба («+» қосу таңбасы)
13.Алмасу реакцияна қандай заттар қатысады? (екі күрделі)
14.Зат мөлшерінің белгіленуі, немен өлшенеді? (ню, мольмен өлшенеді)
15.Қосылу реакциясы дегеніміз (екі немесе бірнеше заттар өзара әрекеттесіп, бір күрделі заттың түзілуін айтады)
ІІ топқа қойылатын сұрақтар 1.Реагенттер дегеніміз (әрекеттесуші заттар)
2.Әрбір газ қанша көлем алады (22,4 л/моль)
3.Заттың химиялық жолмен бөлінбейтін ең ұсақ бөлшегі (атом)
4.Темірдің валенттіліктері қанша? (2, 3)
5.Химиялық әрекеттесуге кіріскен заттардың массасы одан түзілетін заттардың массасына тең қандай заң тұжырымдамасы? (заттар массасының сақталу заңы)
6.Алюминийдің атомдық массасы қандай? (27)
7.Химиялық элементтердің горизонтал қатары (период)
8.Металл атомы мен гидроксо тобынан тұратын қосылыс қалай аталады? (негіздер)
9.Бейэлектролиттерде болатын химиялық байланыс (коваленттік полюссіз байланыс)
10.Латынша диссоциация ұғымы нені білдіреді? (ыдырау)
11.Диссоциациялану дәрежесі 3% бен 30% аралығында болатын электролиттер (орташа)
12.Сулы ерітіндіде дисссоциацияланғанда анион ретінде ОН иондарын түзетін қосылыс (негіздер)
13.Иондық реакциялар қандай жағдайда толығымен жүреді? (тұнба түзілсе, газ бөлінсе, су түзілсе)
14.Литий, натрий, күміс валенттілігі (бір валентті)
15.Суда еритін негіздер қалай аталады? (сілтілер)