Эссе Тақырыбы: Туған жерімнің топырағы



Pdf көрінісі
Дата05.12.2023
өлшемі161,43 Kb.
#134532


Қазақстан Республикасы білім жіне ғылым министрлігі 
Əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті 
 
 
Факультеті: География жəне табиғатты пайдалану 
Кафедра: География, жерге орналастыру жəне кадастр 
 
Эссе 
 
Тақырыбы: Туған жерімнің топырағы 
 
 
 
Орындаған: Қыдырбаева Аида 
 Кадастр-1топ 
Тексерген: Шимшиков Б.Е 
 
 
 
 
 


Туған жерімнің топырағы 
Топырақ – күрделі табиғи құрылым. Ол әртүрлі факторлардың 
өзара әрекеттесіп, өзгеру нәтижесінде пайда болады. Маңғыстау 
топырағының құрылысын оның әр өңіріне сай әртүрлі 
өзгешеліктерге ие болғанымен, негізінен қоңыр және сұр қоңыр 
топырақ типтерінен тұрады. Қоңыр топырақ қоңыр түсті болып 
келеді және қара шірік қабаты едәуір дамыған, құнары біршама 
жақсы болып келеді. Ал сұр қоңыр топырақ ақшыл, кейде ақ 
түсті болып келеді, қара шірікке өте кедей (1%-дан аз). 
Екі топыраққа да ортақ қасиеттер – олардың тек шөл дала 
зонасына ғана тән болуы. Олар негізінен сазды, саздауытты 
жыныстардан түзілген. Қоңыр топырақ Маңғыстау түбегінің 
солтүстігі мен солтүстік-батысында, Оңтүстік Жылыойда ғана 
таралса, қалған территорияларда сұр қоңыр шөл топырағы алып 
жатыр, яғни терістіктен күнгейге қарай топырақ типтерінің 
ауысуында табиғи зоналық айқын байқалады. 
Екі топырақтың да құрылысы қарапайым әрі құнары аз. Неоген 
және төрттік дәуір шөгінділерінде қалыптасқан қара шірік 
(гумус) қабатының қалыңдығы 10-20 см-ге жетеді. Қоңыр 
топырақтың астыңғы қабаты тығыз, беткі қабаты бос 
шаңдауытты болады, екі типтегі топырақта өте жұқа, қатты 
қабықшамен қапталған. 
Маңғыстау топырағына тұздылық, сондай-ақ көп мөлшердегі 
гипс, мергель болуы және карбонаттылық тән. Осының бәрін 
қалыптастырушы және анықтаушы – Каспий теңізі. Бұл теңіз – 
Маңғыстау жертарабының табиғи геохимиялық қасиеттерінің ең 
басты жасаушысы. 
Маңғыстаудың геологиялық тарихының көп кезеңі теңіз астында 
өтті. Яғни әктас, мергель, гипс сияқты шқгінді қабат күшті 
тұздыланған. Облыс территориясында, біріншіден, жер бетіндегі 
ағын сулардың болмауы, екіншіден, өте құрғақ, ыстық климаттың 
болуы оның тұздылығын сақтайды. Ал әртүрлі сыртқы 
геологиялық күштер әсерінен топырақтың тұздылығы үнемі 
толықтырылып отырылады. 


Сонымен, Маңғыстау топырағы біршама құнарлы болғанымен
оның құрылымы өте әлсіз. Егін еккен жағдайда суару, тыңайту, 
т.б. әрекеттер кезіндегі сәл ғана ауытқушылық оның екінші рет 
тұздануына әкеліп соғады. Сондықтан облыс жерінде асқан 
білімділік пен үздік әдістерді қажет етеді. Яғни қарабайыр 
әдіспен егін егу жерді 2-3 жылда істен шығарады. Маңғыстау 
топырағы жердің бедеріне, тау жынысының құрамына, топырақ 
түзуші негізгі жынысқа, т.б. байланысты қоңыр және сұр қоңыр 
топырақ құрамына қарай 6 түрге бөлінеді: 
1. Қоңыр топырақ; 
2. Қоңыр сұр топырақ; 
3. Қиыршық тасты нашар дамыған қоңыр топырақ; 
4. Сұр топырақ
5. Сұр қоңыр топырақ; 
6. Қиыршық тасты нашар дамыған сұр қоңыр топырақ. 
Біз Маңғыстау топырағының құрылымы өте нашар 
дамығандығын атап өттік. Оның жоғарғы қабаты жұмсақ 
борпылдақ болып келеді де, беті жұқа қатты қабықшамен 
қапталады. Қабықша топырақты жел мен судың әрекетінен 
барынша қорғайды. Алайда ауыр салмақты (автомашина,т.б.) 
күшке шыдай алмай тез бұзылады да, жуық арада қалпына келе 
қоймайды. Бұзылған участок су мен желдің әсерінен ұлғайып, 
шаң көтерілуіне және өсімдіктің өспеуіне апарып соғады. Әсіресе 
Үстірттің гипсті борпылдақтарында осындай процестер күшті 
дамиды. Көлік жүрген жерлер бірте-бірте линиялық ойыстарға 
айналып, жаңбырлы кезде батпақ болып көлікті жүргізбейді, 
сондықтан көліктер үнемі жаңа жол жасауға мәжбүр болып, 
бірте-бірте жолдар, яғни бұзылған топырақ көлемі ұлғая береді. 
Оған Маңғыстау түбегі мен Қыр үстіндегі айшықтаған мыңдаған 
жолдар айғақ, ал осындай жолдар қайтадан топырақты жерге 
айналуы үшін кемі 20-30 жыл керек. 
Қазіргі Маңғыстауда дәстүрге айналған шөп шабу, дайындау 
да тек қиын экономикалық қажеттіліктен туындап отырғаны 
болмаса, топырақ – өсімдік жамылғысын баяу жоқ қылатын әдіс. 


Шөп шапқыш және тасымалдағыш техниканың дөңгелегі мен 
шабу құралдары топырақты, көп жағдайда өсімдіктерді 
тамырымен қопарып алады, сөйтіп жыл сайынғы өнімділік 
көрсеткіші баяуда болса төмендей береді. 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет