Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі Мұғалім



Дата03.05.2023
өлшемі51,99 Kb.
#89479
түріСабақ

Тақырыбы: Бүгінгі түлек – ертеңгі тірек.
Мақсаты: оқушыларға мамандықтың түрлері, олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік бере отырып, өз бейіміне сәйкес мамандық таңдай білуіне ықпал жасау; оқушылардың қоғамға деген азаматтық позициясын қалыптастыра отырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу, кәсіби бағдар беру; түрлі жаттығулар арқылы таным процестерін дамыту, өз пікірін еркін айтып, өзгенің пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу.


Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі
Мұғалім:  Әр адам ерте ме, кеш пе өз өмірінде «Қандай мамандық иесі боламын?» деген сұраққа жауап іздейді. Мамандық таңдау – өте жауапты іс. Өйткені, таңдаған мамандығың ертеңгі сенің өмірің, болашағың, қоғамның болашағы, елдің ертеңі. Осы орайда, «Мектеп бітіргеннен кейін кім боласың?» деген сұрақтарға мектеп оқушыларының көбісі нақты жауап бере алмайды. Шындығына келгенде мамандық таңдау мәселесі әсіресе біздің қоғамымыз нарықтық қатынасқа көшіп отырған жағдайда өте күрделі мәселе. Бүгінгі сабағымызда осындай маңызды тақырыптарға тоқталамыз, мамандық, болашақ таңдайтын бағдарымызды таңдау стратегиясы жөнінде, кәсіби өмірлік бағытты жобалау туралы әңгімелейтін боламыз. Мамандық таңдау кезінде ескерілетін факторға тоқталамыз және дұрыс шешім қабылдауды үйренеміз. Сонымен қатар, біздің сабағымызға мектебіміздің бұрынғы түлектері қонақ болып келіп қатысып отыр. Ендеше, қонақтарымызға «Қош келдіңіздер!» дей отырып, сабағымызды бастаймыз.
Сабағымызды бастамас бұрын барлығымыз шаттық шеңберге жиналып, “Мамандық магазині” атты тренинг өткізейік . Бұл жерде магазинді дүкен деп ойлап қалмаңыздар, магазин- мылтықтың оқшантайы, осы сияқты қазір кез — келген оқушыға бір мамандықты атаймын , келесі оқушы жаңағы айтылған мамандықтың соңғы әрпінен басталатын кәсіпті атайды.
Мысалы: Мұғалім — механик — кондитер т. Б, осылайша мылтықтың магазиніндей тоқтамастан мамандық атауларын шатаспай айналдырамыз.
Әр балаға суреттер беріледі, сурет бойынша 4 топқа бөлінеді.
1. Математика физика информатика
2. Химия биология
3. Қазақ, орыс, шет тілдері
4. Шығармашылық
 1) Сұрақ: Мамандықтың қанша түрі бар деп ойлайсыңдар?
Оқушылар жауабы.
Американдық кәсіптер сөздігінің мәліметтері бойынша 22 қызмет саласы бойынша 114 топқа бөлінген 40 мыңға жуық мамандық түрі бар екен.Статистердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25 млн адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 12%-ы қайтадан өз орнына қайтып оралады екен. Қазақстанда осы мамандықтардың 300-ге жуық түрі кездеседі.
2) Сұрақ: Мамандық таңдауда әр адам неге сүйену керек? 
Оқушылар жауабы.
Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Сондай - ақ өз мамандығының 10 - 20 жылға дейін өз сұранысын жоғалтпауына көңіл бөледі. Бұл мамандықтарға деген бірқалыпты тұрақты сұраныс деп аталады.
 3) Сұрақ: Сұранысын жоймаған кай мамандықтарды білесіздер?
Оқушылар жауабы.
Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім және құрылысшы мамандықтарын атап өтуге болады. Ал, өзекті мамандықтар қатарына жоғары технология, байланыс, коммуникация, әлеуметтік орта, экономиканы басқару мамандықтары және еңбек сұранысына қажетті жаңа мамандықтары жатады. 


4) Сұрақ: Өзі қалаған мамандыққа кім қалай жетеді?
Оқушылар жауабы.
Өзі қалаған мамандыққа әркім әр түрлі жолмен келеді. Біреулер осы мамандықтың иесі болуды бала кезден армандайды, оны орындау үшін аянбай тер төгеді, ал екінші біреулер – отбасы дәстүрін жалғастырушы, үшінші біреулер жаңалыққа, дербестікке талпынып, заман ағымына сай мамандық таңдаса, келесі біреулер әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң таңдайды. Мамандық таңдауда адам өзінің жеке дара қасиеттеріне назар аударуы керек. Адам өз бойындағы жетістік пен кемшілікті, икем мен қабілетті, күш-қуатты, мінезіндегі ұнамды, ұнамсыз жақтарын білгені дұрыс. Мамандық таңдауда бос қиялға берілмей, өзінің бейімділігі мен білім даярлығына, денсаулығы мен мінез- құлқына көңіл бөліп, мамандық туралы ақпаратты жақсы білген дұрыс.
Ендігі кезекте, сыныбымыздағы оқушыларымыздың дайындаған сюжетіне назар аударайық! (видео ролик)
Постер қорғау 1 - 3 топ Мамандықтар саласы және оның маңызы
2 – 4 топ Қазіргі заманда зор сұранысқа ие болып отырған мамандық түрлері

Қазіргі заманда зор сұранысқа ие болып отырған мамандық түрлері



Дәрігер

Механик



Электрик


Слесарь

Зор сұранысқа ие болып отырған мамандықтар


Дәнекерлеуші

Геолог


Металлург

Технолог


Инженер


Мамандықтар саласы және оның маңызы



Қорытынды:

Талмасын қанат, сөнбесін үміт


Армандар алға жалғасын
Соқса да дауыл, өрт болсын өмір
Қанаттар балғын талмасын
Алдағы келешек өмірге қажет мамандықты таңдау әр шәкірттің арманы. Олай болса мамандық таңдаудағы қадамыңыздың дұрыс болуына тілектеспіз...
Сонымен қатар, болашақта кім боламын деген армандарыңды жазып, «армандар» қорабына саламыз. 10 жылдан кейін түлектер кездесуінде ашамыз.
Әбунасыр Әл Фараби: «.... адам кез-келген жұмысқа жарамды бола бермейді. Жұмысты неғұрлым жетік және жақсы атқарса білгір және шебер болып шығады. Қандай әрекет, қандай іс істесек те, содан рахмет табу, соның рахатын көру біздің мақсатымыз болып табылады»,- деген.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет