Сабақтың әдіс-тәсілі: Әңгіме, сұрақ-жауап, пікіртерім



бет1/2
Дата16.10.2023
өлшемі20,48 Kb.
#115951
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
Отбасы - бақыт мекені Тәрбие сағаты


Тәрбие сағатының тақырыбы: Отбасы – бақыт мекені


Мақсаты: Жақын адамдарына пайда келтіру мен отбасында өмір сүру қажеттіліктерін қалыптастыру.
Міндеті:
 Отбасы құндылығын түсіну қабілетін қалыптастыру.
Отбасы мүшелерінің міндеттерін орындауға байланысты қолданылатын
біліктіліктер мен дағдыларды қалыптастыру.
Көрнекілігі:
 Қанатты сөздер, Қабырға газеті ойын элементтері: жағдаят жазылған үлестірмелі қағаздар
Сабақтың әдіс-тәсілі:
 Әңгіме, сұрақ-жауап, пікіртерім.
Барысы:
 Сабақты қызықтыру мақсатында оқушыларды топтастырып, тақырыппен таныстыру.
Топ жетекшісінің кіріспе сөзі: Отбасы-мемлекеттің негізгі буыны. Тәрбие – отбасынан басталады, болашақ ұрпақтың еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалы мен қалыптасады.«Дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді» демекші білім бесігі мектептен, тәрбие бесігі отбасынан бастау алады. Отбасының екі тірегі-әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата-анаға үлкенге қызмет етіп, әкеңнің еңбегін, анаңның ақ сүтін өтеу-біздің борышымыз. Бүгін біз «Отбасы-аялы алақан мекені» тақырыбындағы тәрбие сағатымызда бала тәрбиесі, оның жан-жақты дамуы бағытында өз ойымызды ортаға
салмақпыз. Отбасы-адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаның ыстық-суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді. Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі толығымен ер азаматқа жүктеледі. Баланы өсіріп тәрбиелеу – әйел ананың тікелей міндеті.
Жүргізуші: Әкең-қазақ, шешең-қазақ, қарағым,
Сен де ұлысың мынау дархан даланың
Әр халықта ұлттық намыс деген бар,
Оны биік қасиет деп санағын.
Адамды дүниеге әкелетін, өмір сыйлайтын құдіретті ана емес пе?
Сол құдірет иесінің алдында бәріміз бас июге тиіспіз.
Сіздерге балалық жүректен мың да бір алғыс.
Отбасы-адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы. Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар.
Олай болса алған білімімізді, тәрбиемізді шыңдайтын кез де жетті. Кезекті сайысқа түсетін топтарға берсек. Топтар өздерін таныстыра кетсе.
1. Топ аты. 2. Ұраны. 3. Топ төс белгісі. (қорғауы керек)
1-топқа сұрақтар
1. Балдан тәтті не? (бала)
2. Шаңырақ иесі кім? (кенже ұл)
3. Балаға кім сыншы? (ата-ана)
4. Әкеден балаға беріледі (мұра)
5. Үйде кім, елде кім қадірлі (үйде қонақ, қарт, бала қадірлі; елде әкім, ұстаз
қадірлі.)
6. Үйдегі алтын қазық кім? (ана)
7. Бес дұшпанды атаңдар? (өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)
8. «Ұл атадан көрмейінше сапар шекпес» кімнің нақыл сөзі? (Қорқыт ата)
9. Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы заң қашан
қабылданды? (2002 ж 8-тамыз)
10. Қаз да емес, үйрек те емес,
Дастарханда болмайды
Бірақ барлық адам дәм татқан (ана сүті)
11. «Басы тасқа тиді» сөзінің мағынасы (өкінді)
2-топқа
1. 18 жасқа толмаған адам (бала)
2. «Өзін-өзітану» бағдарламасының авторы кім? (С.Назарбаева)
3. Тәрбие мен білімнің ордасы (мектеп)
4. Қазақстанда қандай білім алу міндетті. (орта білім)
5. Бес асылды атаңдар (талап, еңбек, терең ой, қанағат, қакым)
6. Айда қыс, жаз мезгілі бола ма? (болмай ды)
7. «Көзі ашық, көкірегі ояу» сөзінің мағынасы ? (оқыған)
8. Жігіттің үш жұрты (өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты)
9. Қазақ халқының ұлттық ойындарын ата? (бәйге, көкпар, теңге алу, қыз қуу)
10. Азияда қысқы спорттық ойындары Қазақстанда қай қалаларда өтті? (Алматы, Астана)
Екінші кезең. Халқымыз «Аталы сөз – баталы сөз» деп бекер айтпаған. Ендеше кезекті сөз сайысына берсек. (Отбасына, бала тәрбиесіне байланысты нақыл сөздер жарысы)


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет