Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, өздік жұмыс Көрнекілік



Дата03.02.2023
өлшемі26,48 Kb.
#64919
түріСабақ
Байланысты:
көміртек


І Сабақтың тақырыбы: §23. Көміртек (ІІ) және көміртек (IV) оксидтері.
§24. Көмір қышқылы және карбонаттар. Көміртектің табиғаттағы айналымы.
ІІ Сабақтың мақсаты: Оксидтердің жіктелуін еске түсіріп, олардың құрылымдық формуласы, қасиеттері, қолданылуы жайлы алған білімді қорытындылап, оксидтердің қасиеттеріндегі айырмашылықтың себептері айтылады.
Көмір қышқылын басқа бейорганикалық қышқылдармен салыстыру, карбонаттардың басқа тұздардан ерекшелігі сөз болады.
Көміртектің табиғаттағы айналымы туралы түсінік беру.
ІІІ Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты таныстыру сабағы
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, өздік жұмыс
Көрнекілік: құралдар мен реактивтер: “Карбонаттар” жинақтамасы, қатты ас содасы, әктас, конц. НCl, газ алатын қарапайым құрал, сынауықтар, әк суы Са(ОН)2. Электронды оқулық, слайдтар, интерактивті тақта.
IV Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.


2.Үй тапсырмасын сұрау. (сұрақ-жауап)
1. Кім көп біледі?
1. С-ң химиялық таңбасы. (С, оқылуы Це)
2. № 6.
3. Ar нешеге тең? (12)
4. П.ж.о? (2п, 4 топ, А)
5. С табиғатта қандай түрінде кездеседі? (Бос күйінде де, қосылыс түрінде де кездеседі)
6. С-тің қандай аллотропиялық түр өзгерісін білесіздер? (алмаз, графит)
7. Алмаздың пішіні қандай? (тетраэдр)
8. Алмаздың физикалық қасиеті қандай? (өте қатты, мөлдір, т, электр тогын өткізбейді)
9. Алмазды қайда қолданады? (бұрғылар жасау, егеу, шыны кескіш, қырланған алмаздан бриллиант, әшекейлі зат жасауда қолданады)
10. Графиттің пішіні қандай? (алтыбұрышты призма)
11. Графиттің физикалық қасиеті қандай? (жұмсақ, мөлдір емес, металдық жылтыры бар сұр зат, электр тогын жақсы өткізеді)
12. Графитті қайда қолданады? (қарындаштың өзегін жасауға, электр тогын өткізетіндіктен электродтар жасауға және техникада “құрғақ май” ретінде қолданылады)
13. Адам уланғанда немесе ішекке газ толып мазасызданғанда қандай дәрі қолданылады? (карболен)
14. С-тің химиялық қасиеттері қандай? (реакция теңдеулерін тақтаға жазу)
15. Адсорбция деген не?
Қорытындылауда үйге берілген тапсырмаларды тексеру.
Жаңа сабақ. Көміртек қосылыстары. Көмірдің оттекпен әрекеттесуі. Электронды оқулықтан СО, СО2, Н2СО3 туралы ақпаратты оқып, оқушыларға топтастыру тапсырмасы беріледі.
Көміртек жанғанда 2 түрлі оксид – СО және СО2 түзіледі. СО – иіс газы. Физикалық қасиеттері:
СО – т, и, д, газ, улы газ, ауадан сәл жеңіл, суда нашар ериді, жанғыш газ, қайнау температурасы 1920С. Химиялық салғырт.
Алынуы. Көмір, кокс, тас көмір, бензин: 2С + О2 1000 С 2СО, С + СО2 = 2CO.
Химиялық қасиеттері. ауада көп жылу бөле отырып көгілдір жалынмен жанады 2СО +O2 = 2CO2 + 577 кДж отын ретінде пайдаланады.
Тотықсыздандырғыш: СО + CuO t= Cu + CO2; FeO + 3CO = 2Fe + 3CO2.
CO2 – көмірқышқыл газы. O = C = O.
Алынуы. Лабораторияда: мәрмәр СaCO3 + 2HCl(сұйылт) = CaCl2 + H2O + CO2↑.
Өнеркәсіпте: әктас CaCO3 t= CaO + CO2↑.
Физикалық қасиеті.СО2 - И, т, газ, “құрғақ мұз”, жанбайды (өрт сөндіргіште қолданылады), ауадан 1,5 есе ауыр, суда жақсы ериді, қайнау температурасы 780С.
Химиялық қасиеті. СО2 + Н2О ↔ Н2СО3 тұрақсыз.
СО2 + CaO = CaCO3, CO2 + Ca(OH)2 = CaCO3↓ + H2O ақ түсті тұнба.
СaCO3 + H2O + CO2 = Ca(HCO3)2.
H2CO3 – көмір қышқылы. Тұрақсыз зат оңай айырылады. Н2СО3 ↔ Н2О + СО2 термиялық ыдырауы (электронды оқулықтан көрсету).
Химиялық қасиеті. H2CO3 + 2NaOHконц = Na2CO3 + 2H2O; H2CO3 + NaOHсұйылт = NaHCO3 + H2O; NaHCO3+NaOH=Na2CO3+H2O.
Көмір қышқылының тұздары карбонаттар деп атайды. CaCO3, Na2CO3, K2CO3, (NH4)2CO3, MgCO3. CaCO3 t= CaO+CO2; Na2CO3+HOH ↔ NaOH+NaHCO3.
Сапалық реакция СО32-, НСО3- анықтайтын Na2CO3+2HCl=2NaCl+H2O+CO2↑.
Немесе СО2 СО2 + Сa(OH)2 = CaCO3↓ + H2O.
Қорытынды. Қолданылуы. Көміртектің табиғаттағы айналымын (электронды оқулықтан “Көшетханалық пәрмен” айналымын көрсету).
Алған білімді бекіту. №1. С→СО2→Н2СО3→Са(НСО3)2→СаСО3.
№2. Сәйкестендіру тесті.
№3. Жүзеге асыр. С→СО→СО2→Na2CO3→CaCO3→CaCl2.
№4. Есеп шығару.
№5. Жадында жүрсін. Қосымша материал.
Бағалау кезеңі.
Үйге тапсырма: §23, бет 79 №5-10. “Көміртек және оның қосылыстары” туралы 10 сұрақ даярлап келу; §24, бет 82 №6-9

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет