Ол омыртқа бағанының каналында орналасқан жуан арқан тәрiздi орталық жүйке жүйесiнiң бiр бөлiмi. Жұлын ақ және сұр құрылымды заттан тұрады. Ақ зат жүйке талшықтарынан, ал сұр зат нейрондар денесінен тұрады. Сұр зат жұлынның қақ ортасында ми түтiгiнiңайналасында орналасқан. Жұлынды көлденең кескен де сұр заттың бейнесі көбелектің қос қанатына немесе «Н» әрigiне ұқсайды. Сұр заттың денесінен созылған алдынғы, арткы, бүйір (жұп) мүйiздері болады. Ақ зат сұр затты айнала қоршайды.Сұр зат рефлекстiк қызмет атқарады, ал ақ зат қозуды өткізеді. Жұлынның сезгiш нейрондарына афференттік жүйкелер тері,ет,сiңip, ішкі ағзалар рецепторларынан серпiнiстер әкеледі.
Қозғалтқыш нейрондардын жүйкелері қозуды шеткі ағзаларға қаңка еттеріне жеткізеді. Сезгіш және қозғалт кыш нейрондар, аралық нейрондар арқылы немесе бір-бірімен тікелей байланысып рефлекстік доға кұрады. Сондықтан жұлын мидың қатысынсыз-ак өзiнiң жұлын рефлекстерін аткара алады. Дегенмен бiртұтас организмде жұлынның қызметі ми қызметіне бағтынышты.