Дәріс тақырыбы №5. Сабақты ұйымдастырудың алуан түрлі формалылығы және сабақтың эмоциялық-интеллектуалдық қуатын арттыру. 1 Сабақты ұйымдастырудың алуан түрлі формалылығы. 2 Сабақтың эмоциялық-интеллектуалдық қуатын арттыру.
Сабақты ұйымдастырудың алуан түрлі формалылығы. Қазір мектеп тәжірибесіне мұғалімдердің оқу процесінде қолданып жүрген алуан түрлі сабақ формалары бар: Түсіндіріп оқыту сабағы, проблемалы оқыту, бағдарламалы оқыту, сабақ лекция, семинар сабақ, диспут сабақ, конференция сабақ, экскурсия сабақ, ӛзіндік жұмыс сабағы, конкурс сабағы, панорама сабағы, диалог сабақ т.б. Осы аталған сабақ формалары бойынша оны ұйымдастырып жүргізу тәртібінің кӛпшілігі бізге таныс. Әрқайсының мазмүны ерекшелігімен бірге, ұйымдастыру форма ерекшелігі де бар.
Сабақтың эмоциялық-интеллектуалдық қуатын арттыру.
Сабақтың эмоциялы әсерлі, интеллектуалды қуатты болуы - сабақты тиісті мәнде ұйымдастырып, түрлендіре білуге байланысты. Ол үшін сабақты айнала ӛмірімен байланыстырып, белсенді әсерлігін арттыру, эмоциялық сезім туғызарлықтай, күш-қуатын арттыру керек.
Оны мынадай жолдармен жүзеге асыруға болады: Біріншіден, оқитын материалды қызықты-тартымды етіп хабарлау, қызықты мысалдар келтіру, мысалы, кейбір тәжірибелі мұғалімнің тарих сабағын түсіндіргенде келтірген мысалы... Біздің планетамызда 14 мың 513 үлкен-кішілі соғыс болған, оңда 3 миллиард 640 миллион адам ӛлген.
Ол соғыстарда шыққан шығынды алтынға есептесек, қалындығы 8 метр, кӛлденеңі 10 кмден бүкіл жер шарын орап алатындай алтын шығыны шыққан... Бұл мысал, балаларды қызықтырарлықтай және ойландырарлықтай материал т.б.
Екіншіден, сабақты ғылыми-жаңалық ашушы ғылымдардың ӛміріне байланысты қызықтытартымды материалдар беру, олардың жаңалық ашудағы шығармашылдық қасиеттері оның ақыл-ой парасаттылығына сай келетіндігін мысалдармен әсерлеп айту.
Үшіншіден, сабақ үстінде оқушылардың шығармашылық ісіне түрткі боларлықтай материал беріп, проблемалар туғызып, ынталарын соған аудара білу. Мысалы, Күн Жерді тез жылыта ма, әлде тау басын тез жылыта ма?
Тӛртіншіден, мұғалімнің оқу материалын хабарлап-баяндаған уақытта образды-бейнелі түрін баяндап эмоция-сезімін жандандыра білуі.
Бесіншіден, сабақтың эмоциялық-инттелектуалдық қуатының артуына мұғалімнің жеке бас ерекшелігінің де әсері болады. Кейбір мұғалімдер қызықты юморлық мысалдарды сабаққа байланысты қолдана отырып, бір жағы оқушылардың тыныс дем алу мүмкіндігіне де пайда тигізеді. Сол сияқты физкультуралық минут, ұжымдық кӛңілді минуттарында ұйымдастыра білу керек.
Алтыншыдан, мұғалім сабақтың интеллектуалдық-эмоциялық сапасын жетілдіру үшін еңбек мәдениетін дұрыс ұйымдастырады. Тәртіп сапасы, сабақ желісі, шамагершілдік, бәрін есепке алып, бір-бірімен үйлестіре білуі керек.
Ұсынылған әдебиеттер: 1 Бордовская Н.В., Реан А.А. Педагогика, СПб: Издательство «Питер», 2000. – 304 с.
2 Зязюн И.А. и др. Основы педагогического мастерства. – М.: Просвещение, 1989. – 303 с.
3 Морева Н.А. Основы педагогического мастерства: учеб. Пособие для вузов/ Н.А. Морева. – М.: Просвещение, 2006
4 Пидкасистый П.И. Педагогика: Учебное пособие для студентов педагогических вузов и педагогических колледжей. – М.: Российское пед. агентство, 1996.
5 Резниченко М.Г. Введение в педагогическую деятельность:Учебное пособие для студентов факультета начального образования.– Самара: Издательство СГПУ, 2003